Манақ кесенесі

Мекен жайы: Арал ауданы, Мергенсай ауылынан солтүстікке қарай 20 шақырымда орналасқан

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 04.09.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Манақ кесенесі.

1822-1916 ж.ж. 

Манақ кесенесі Арал теңізінің ескі жағасына жақын биік төбенің басында орналасқан. Кесенесі қам кесектен және күйдірілген кірпіштен тұрғызылған, жоспары тікбұрышты, көлемі 6,70х6,20 м, сақталған биіктігі 7 м. Кесене бір камералы, күмбезді. Кесененің жерлеу камерасының жоспары тікбұрышты болып келіп, күмбезге айналған. Шығыс қабырғасы жанында құлпытас қойылған. Онда тайпасы Жақайым, руы Құлымбеттің Сасықбайы, Құрманұлы Манақ деп жазылған. Кесене апаттык жағдайда тұр: солтүстік қабырғасы езіліп, қираған, сонымен қатар күмбезінің жоғарғы бөлігі құлап, қабырғасында терең жарықтар пайда болған.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Сырлытам кесенесі
2 / 5
Қазалы қаласы ескі бөлігі, қала құрылыс кешені, ХІХ ғасырдың соңы-ХХ ғасырдың басы, Ғанибай үйі
3 / 5
Жанкент (Янгикент) қалашығы,
4 / 5
Айқожа кесенесі, ХҮІІІ-ХІХ ғасырлар
5 / 5
Бақатам кесенесі

Ақпарат

    Записей не найдено.