Мекеме Ережесі

«Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасының

«Қызылорда облыстық тарихи және мәдени ескерткіштерді

қорғау жөніндегі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

ЕРЕЖЕСІ

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасының «Қызылорда облыстық тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме)  тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалануды қамтамасыз ету функцияларын жүзеге асыру үшін мекеме ұйымдық құқықтық нысанында құрылған, заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес мекеме болып табылады.

2. Мемлекеттік мекеменің түрі: коммуналдық.

3. Мемлекеттік мекеме «Облыстық коммуналдық заңды тұлғалардың кейбір мәселелері туралы» Қызылорда облысының әкімдігінің 2022 жылғы 3 маусымдағы № 566 қаулысына сәйкес қайта аталды.

4. «Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қызылорда облысы әкімдігінің атынан мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы ретінде әрекет етеді.

5. Мемлекеттік мекеменің уәкілетті органы «Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі    бұдан әрі – тиісті саланың уәкілетті органы) болып табылады.

Мемлекеттік мекеменің мүлкіне қатысты құқық субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган «Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі                               (бұдан әрі – жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, облыстық коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілетті атқарушы орган) болып табылады.

6. Мемлекеттік мекеменің атауы:

- мемлекеттік тілде: «Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасының «Қызылорда облыстық тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

- орыс тілінде: коммунальное государственное учреждение «По охране памятников истории и культуры Кызылординской области» управления культуры  и спорта Кызылординской области».

7. Мемлекеттік мекеменің тұрған жері: Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, индекс 120014, Қызылорда қаласы, Иса Тоқтыбаев-2 тұйық көшесі, ғимарат 1.

8. Мемлекеттік мекеме мен жергілікті бюджеттен қаржыландыратын, облыстық коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілетті атқарушы орган, мемлекеттік мекеме мен тиісті саланың уәкілетті органы, мемлекеттік мекеме әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым – қатынастар қолданыстағы Қазақстан Республикасы заңнамасымен реттеледі.

 

2. Мемлекеттік мекеменің заңдық мәртебесі

 

9. Мемлекеттік мекеменің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес теңгерімі, банкте шоттары, бланкілері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттік мекеменің атауы жазылған мөрі болады.

10. Мемлекеттік мекеме басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды, Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда.

11. Мемлекеттік мекеме өзiнiң мiндеттемелерi бойынша өзiнің кепілдігіндегі ақшамен жауап бередi. Мемлекеттік мекемеде ақша жеткіліксіз болған кезде оның міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық бірлік тиісті бюджет қаражатымен субсидиарлық жауапты болады.

12. Мемлекеттік мекеменің азаматтық-құқықтық мәмілелері, олардың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде міндетті тіркелгеннен кейін, күшіне енеді.

 

3. Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні мен мақсаттары

 

13. Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалануды қамтамасыз ету болып табылады.

14. Мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты тарихи-мәдени мұра объектілерін қайта жаңғыртуды, сақтауды, кеңінен танытуды қамтамасыз ету болып табылады.

15. Мемлекеттік мекеме мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

1) тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтауды, есепке алуды, сақтауды, зерделеуді, пайдалануды және олардың жай-күйін мониторингтеуді қамтамасыз етеді;

2) тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүргізуді қамтамасыз етеді;

3) тиiстi аумақтардың экономикалық және әлеуметтiк даму жоспарларында жергiлiктi маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін есепке алуды, сақтауды, зерделеуді, оларға ғылыми-реставрациялық жұмыстарды және археологиялық жұмыстарды ұйымдастыру жөнiндегi iс-шараларды көздейдi;

4) тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды және (немесе) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялауды келіседі;

5) тиісті саланың уәкілетті органмен келісе отырып, қала құрылысы жобаларын әзiрлеу және бекiту кезiнде барлық санаттағы тарих және мәдениет ескерткiштерiн анықтау, зерделеу, сақтау жөнiндегi іс-шараларды орындауды, тиісті жергілікті жердің тарихи-сәулет тiрек жоспарларын және                           карта-схемаларын жасауды қамтамасыз етедi;

6) тиісті елді мекендердің бас жоспарларына тарихи-сәулет тiрек жоспарларын енгізу жөніндегі ұсыныстар енгізеді;

7) қорғау мiндеттемелерiн ресімдеу жұмыстарын үйлестіреді;

8) тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссия жұмысын үйлестіреді;

9) монументтік өнер құрылыстарын орнату жөніндегі жұмыстарды жүргізеді;

10) мемориалдық тақталарды орнату жөніндегі жұмыстарды үйлестіреді;

11) жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiне жоспарланатын ғылыми-реставрациялық жұмыстардың ғылыми-жобалау құжаттамасын қарайды және келiседi;

12) тиісті саланың уәкілетті органымен келісу бойынша тарихи-мәдени мұра объектiлерiн тарихи-мәдени сараптама қорытындысы негізінде жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерi деп тану және оларды Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне қосу жұмыстарын жүргізеді;

13) тиісті саланың уәкілетті органмен келісу бойынша жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткішін тарихи-мәдени сараптама қорытындысы негізінде мәртебесінен айыру және оны Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінен алып тастау жұмыстарын жүргізеді;

14) тарих және мәдениет ескерткішінің паспортын ресімдейді; 

15) жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің пайдалануын және оларды күтіп ұстау, ғылыми-реставрациялық жұмыстардың және археологиялық жұмыстардың жүргізілуіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.

16) тарихи-мәдени сараптама жасау жұмыстарын үйлестіреді;

17) жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің қорғау аймақтарының, құрылыс салуды реттеу аймақтарының және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтарының шекараларын айқындауды жүзеге асырады;

18) тарих және мәдениет ескерткішінің орнын ауыстыру және оны өзгерту жұмыстарын үйлестіреді;

19) аумақтарды игеру кезінде тарихи-мәдени мұра объектілерінің сақталуын қамтамасыз ету жұмыстарын үйлестіреді.

16. Мемлекеттік мекемеге осы ережеде бекітілген өз қызметінің мәні мен мақсаттарына сай келмейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелер жасауға тыйым салынады.

17. Мемлекеттік мекеме қызмет мақсаттарына қайшы жасалған мәміле, Қазақстан Республикасының шектеулі заңдарында немесе құрылтай құжаттарында не басшының жарғылық құзыретін бұза отырып, жасалған мәміле тиісті саланың уәкілетті органының, немесе жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, облыстық коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілетті атқарушы орган не прокурордың талабы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.

 

4. Мемлекеттік мекемені басқару

 

18. Мемлекеттік мекемені жалпы басқаруды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалған тиісті саланың уәкілетті органы жүзеге асырады.

19. Тиісті саланың уәкілетті органы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ретпен мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, облыстық коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілетті атқарушы органға мемлекеттік мекемеге мүлікті бекітіп беру жөнінде ұсыныс береді;

2) мемлекеттік мекеменің жеке қаржыландыру жоспарын бекітеді;

3) мемлекеттік мекеме мүлкінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;

4) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, облыстық коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілетті атқарушы органға мемлекеттік мекеменің ережесін бекіту, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізуге ұсыныс береді;

5) мемлекеттік мекеменің басқару органдарының құрылымын, құрылуы тәртібі мен өкілеттік мерзімін, мемлекеттік мекеменің шешімдер қабылдау тәртібін анықтайды;

6) мемлекеттік мекеме басшысының құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, оны лауазымынан босату негіздерін айқындайды;

7) мемлекеттік мекеменің құрылымы мен шекті штаттық санын бекітеді;

8) мемлекеттік мекеме басшысының ұсынымы бойынша оның орынбасарын (орынбасарларын) тағайындайды және лауазымынан босатады;

9) жылдық қаржы есептілікті бекітеді;

10) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, облыстық коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілетті атқарушы органға, мемлекеттік мекемеге берілген немесе өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде олар сатып алған мүлікті алып қоюға немесе қайта бөлуге келісімін береді;

11) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, облыстық коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілетті атқарушы органға мемлекеттік мекеменің филиалдар мен өкілдіктер құруына ұсыныс береді;

12) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

20. Мемлекеттік мекеме басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, тиісті саланың уәкілетті органымен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

21. Мемлекеттік мекеме басшысы мемлекеттік мекеме жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді, тиісті саланың уәкілетті органына тікелей бағынады (Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда) және мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттер мен олардың өз функцияларын жүзеге асыруына және мекеменің мүлкінің сақталуына жеке жауапты болады.

22. Мемлекеттік мекеменің басшысы дара басшылық қағидаты бойынша әрекет етеді және мемлекеттік мекеме қызметінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасында және мемлекеттік мекеменің жарғысында айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.

23. Мемлекеттік мекеме басшысының мемлекеттік мекемемен жарғылық емес қызметті жүзеге асыруға бағытталған әрекеті еңбек міндеттемелерін бұзу болып табылып, тәртіптік және материалдық жауапкершілікке әкеледі.

24. Мемлекеттік мекеменің қызметті жүзеге асыруы барысында мемлекеттік мекеме басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) мемлекеттік мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

2) мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүддесін білдіреді;

3) шарттар жасасады;

4) сенімхаттар береді;

5) мемлекеттік мекеменің іссапарларға, тағылымдамаға, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқытуға және қызметкерлердің біліктілігін жоғарылатудың басқа да түрлеріне байланысты тәртібі мен жоспарларын бекітеді;

6) банк есеп шоттарын ашады;

7) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

8) тиісті саланың уәкілетті органы тағайындайтын қызметкерлерден басқа, мемлекеттік мекеме қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;

9) мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көтермелеу шараларын қолданады және оларды жазалайды;

10) өз орынбасарының (орынбасарларының) және мемлекеттік мекеменің басқа да басшы қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттік аясын айқындайды;

11) гендерліктеңдік саясатын жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастырады;

12) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша жұмысты ұйымдастырады және аталған жұмысқа дербес жауапкершілікте болады;

13) оған Қазақстан Республикасы заңнамасымен, осы Ережемен және тиісті саланың уәкілетті органымен жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады.

 

5. Мемлекеттік мекеме мүлкінің құрылу тәртібі

 

25. Мемлекеттік мекеме мүлкін бағасы оның теңгерімінде айқындалатын заңды тұлғаның активтері құрайды. Мемлекеттік мекеменің мүлкі төмендегілердің есебінен құралады:

1) оған меншік иесі берген мүлік;

2) өз қызметі барысында сатып алған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда);

3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаржы көздері есебінен құрылады.

26. Мемлекеттік мекеме дербес иеліктен шығаруға немесе оған бекітілген мүлік пен оған смета құралдары бойынша бөлінген мүлікке өзгеше тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.

27. Мемлекеттік мекеменің қызметі тиісті бюджеттен қаржыландырылады.

28. Мемлекеттік мекеме бухгалтерлік есеп жүргізеді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептілік ұсынады.

29. Мемлекеттік мекеменің қаржылық-шаруашылық қызметін тексеру және ревизия Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті саланың уәкілетті органы жүзеге асырады.

 

6. Мемлекеттік мекемедегі жұмыс тәртібі

 

30. Мемлекеттік мекеменің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

 

7. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі

 

31. Мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, облыстық коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілетті атқарушы органның шешімі бойынша жүзеге асырылады және "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңға сәйкес аймақты тіркеу органдарында тіркеледі.

 

8. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату шарттары

 

32. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша жүргізіледі.

33. Мемлекеттік заңды тұлға заңнамалық актілермен басқа да негіздер бойынша таратылуы мүмкін.

34. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыруды және таратуды жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады.

35. Кредит берушілердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған таратылған мемлекеттік мекемені мүлкін жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, облыстық коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілетті атқарушы орган қайта бөледі.

36. Таратылған мемлекеттік мекеменің мүлкін өткізу нәтижесінде алынған қаражатты қоса алғанда, осы мекеменің кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған ақшасы тиісті бюджет кірісінің есебіне жатқызылады.

 

9. Мемлекеттік мекеменің филиалдары мен өкілдіктері

туралы мәліметтер

 

37. Мемлекеттік мекеменің филиалдары мен өкілдіктері жоқ.

 

 

Мемлекеттік мекеме

       басшысы  __________________Алданазаров Ерказы Жарылкасынович

Фотобаян

1 / 5
Шіркеу, қазіргі - теміржолшылар клубы ғимараты, 1904 жыл
2 / 5
Оқшы ата кесенесі, ХІ ғасыр
3 / 5
Ақтас мешіті, 1884 жыл
4 / 5
Жент қалашығы, Х-ХV ғасырлар
5 / 5
Молқалан (Молла-Қалан) кесенесі, ХVІ ғасыр

Ақпарат

    Записей не найдено.