Құрметті сайт қолданушылары!
«Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасының Қызылорда облыстық тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ресми интернет ресурсына қош келдіңіздер!
Облыс әкімінің 2002 жылғы 19 маусымдағы №266 қаулысымен облыстық тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі болып қайта құрылды.
Облыс көлемінде 556 тарих және мәдениет ескерткіші мемлекет қорғауына алынған, оның ішінде 31 республикалық, 256 жергілікті маңызы бар және 269 ескерткіш алдын-ала есепке алынған тарихи-мәдени мұра объектілерінің тізіміне алынған.
Мекеме Қазақстан Республикасының «Мәдениет», «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы» Заңдарын басшылыққа ала отырып, тарихи-мәдени объектілерін қорғау, сақтау, пайдалану, анықтау, зерттеу, насихаттау, ескерткіштер мәртебесін белгілеу, оларды құртып жоюдан, қиратудан, бұрмалаудан, орынсыз өзгерістер енгізуден, тарихи орынынан алып тастаудан қорғауды қамтамасыз етеді.
Өңірдегі ескерткіштерді есепке алу, сақтау және оларды қорғау бағытындағы жұмыстарды үйлестіру, нақты шешімдер шығару, жаңадан ескерткіштер мен мүсіндерді орнатуды ұйымдастыру мақсатында облыс әкімі орынбасарының төрағалығымен Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссия жұмыс жасайды.