Байлаукөл кесенесі

Мекен жайы: Жалағаш ауданы, Аққыр ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 45 шақырымда орналасқан

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 05.09.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Байлаукөл кесенесі

ХІХ ғасыр

Байлаукөл кесенесі Аққыр ауылының оңтүстік-шығысында 45 км. жерде, Жаңадарияның оң жақ жағалауында, ертеректе кепкен көлдің табаны болған «Байлаукөл» деген жерде орналасқан архитектуралық ескерткіш. Мавзолей қам-кесектен салынған, көлемі 6,55 х 7,15 м, күмбезімен қоса есептегенде биіктігі – 5 м, ішінде ақ түсті мрамордан таңбаланған тас бар. Күмбездің төбесі құлаған, айналасы сексеуіл, төбе басына салынған ХІХ ғ ескерткіші. Мавзолей ішіне кезінде түрлі өрнектер салынған, ішіне қабір қойылған. Кесене парапеті бар үлкен портал (пештак) салу арқылы ерекшеленеді. Кесене полусфералық пішінді, домалақ барабанның үстіндегі күмбезбен жабылған. Күмбездің төбесінде ішке жарық түсу үшін арнайы тесік қалдырылған. Мұнараның қас бетінің бұрыштарына биік етіп (бірақ порталдан биік емес) колонналар (гульдаста) қаланған.

Үш бұрышты арка тәрізді етіп қаланған кесене есігі оңтүстікке қаратылған. Кесененің ішкі бетіндегі сылақтың кейбір жерлерінде суреттер мен ою-өрнектердің ізі айқын аңғарылады.

Мавзолейді 1986 жылы «Казпроектрестоврация» институтының экспедициясы зерттеген. Бұл ескерткіш Жәрімбет сарғасқа Тұрғанұлы Байдақұлға салынған деседі.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Бегім ана мұнарасы, ІХ-ХІ ғасырлар
2 / 5
Құттыбай кесенесі, ХVІІІ-ХІХ ғасырлар
3 / 5
Қорқыт ата ескерткіш кешені (стелла, амфитеатр, қылует, қошқар тас, мұражай), 1980 жыл
4 / 5
Сығанақ қалашығы. Х-ХVІІІ ғасырлар
5 / 5
Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ы. Жақаев мүсіні, 1975 жыл

Ақпарат

    Записей не найдено.