Әлімбет (Әлмембет) кесенесі

Мекен жайы: Жалағаш ауданы, Жаңадария ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 74 шақырымда орналасқан

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 05.09.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Әлімбет (Әлмембет) кесенесі.

ХІХ ғасыр

Әлімбет кесенесі түрлі форматтағы тікбұрышты қам кесектерден (10х21х33см., 6х20х40см) тұрғызылған. Кейбір тұстарына күйдірілген қызыл қыштар қоса қаланған. Ескерткіш қам-кесектен өрілген, жоспары 8-7 м, биіктігі-5,5 м. Кесене бір камералы, порталды-күмбезді квадратты пішіндегі құрылыс Мавзолейдің жоғары бөлігі күйдірліген кірпіштен қапталған. Ескерткіш порталды-күмбезді, ХІХ ғасырдың басында салынған. Кесененің порталы (қазіргі таңда құлап қалған) оңтүстік-батыс жаққа қаратылған. Заманында бұрыштарына домалақ пішінді бағаналар тұрғызылған. Кесененің іші-сырты қалың етіп сабан сылақпен сыланған. Кесененің дәл ортасында қам кесектен салынған бейіттің орны жатыр. Мавзолейдің ішінде қабірлер қойылған. Мавзолейді «Казпроектреставрация» (1986 ж) зерттеп, паспортталған.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Қазалы қаласының ескі бөлігі, қала құрылыс кешені. ХІХ ғ. соңы-ХХ ғ. басы Ноғай (Нұралы) мешіті
2 / 5
Сырлытам кесенесі, ХІІ-ХІІІ ғасырлар
3 / 5
Қазалы қаласы ескі бөлігі, қала құрылыс кешені, ХІХ ғасырдың соңы-ХХ ғасырдың басы, Ғанибай үйі
4 / 5
Оқшы ата кесенесі, ХІ ғасыр
5 / 5
Асанас кесенесі, ХVІІ ғасыр

Ақпарат

    Записей не найдено.