Қабыл ата кесенесі

Мекен жайы: Шиелі ауданы, Қызылқайың елді мекенінен шығысқа қарай 20 шақырымда орналасқан

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 05.09.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Қабыл ата кесенесі.

ХІХ ғасыр

Ескерткіш Қабыл ата деп аталатын үлкен қорымда орналасқан. Алғашқы деректер бойынша, Қабыл ата кесенесі екі камералы, бетше-күмбезді құрылыс. Жергілікті дерек берушілердің айтуы бойынша бұл кесене Қабыл ата қабіріне қатысы жоқ. Сонымен №1 атаусыз кесене – екі камералы, шаршы жоспарлы, барабансыз, күмбезбен көмкерілген. Бетше түрінде салынған кіре-беріс камера оңтүстікке бағытталған. Бетшесінің ортасында арка етіп жасалған ауызы бар. Кесене көлемі 6,5х5,15 м, биіктігі 4,5 м, қабырғасының қалыңдығы 80 см.

№1 атаусыз кесенеге жақын жерде Қабыл ата төртқұлағы орналасқан. Ауызы алдында гранит тақтайшада: «Қабыл ата ХҮІІІ-ХІХ ғғ. Көктас қоюшылар Оралбайұлы Нұрбала қызы Гүлмира» деп жазылған. Қам кесектен тұрғызылған төртқұлақ жоспары төртбұрышты, көлемі 5,5х4,75 м. Биіктігі 2 м, қабырғасының қалыңдығы 50 см. Күйдірілген кірпішпен (28х15х6 см) қабырғасының жоғарғы қырын қыр арқа етіп жапқан. 

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Сараман-Қоса (Сарман-Қожа) мұнарасы, Х-ХІ ғасыр
2 / 5
Сырлытам кесенесі
3 / 5
Оқшы ата кесенесі
4 / 5
Қорқыт ата ескерткіш кешені (стелла, амфитеатр, қылует, қошқар тас, мұражай )
5 / 5
Бәбіш-Мола ескерткіштер кешені

Ақпарат

    Записей не найдено.