Досбол би кесенесі

Мекен жайы: Шиелі ауданы, Бәйгеқұм ауылынан шығысқа қарай 5 шақырымда орналасқан

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 06.09.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Досбол би кесенесі, 1994 ж.

(Тарихи-мәдени мұра объектілерінің алдын-ала тізіміне алынған)

 

Досбол Қорлыбайұлы, Досбол би (1800, Қарағанды облысы Ұлытау ауданы–1890, Шиелі ауданы) –  қоғам қайраткері. Орта жүз құрамындағы қыпшақ тайпасының Көзей руынан шыққан. Сыр бойын мекен еткен атақты да беделді би халық тыныштығын сақтау үшін көп арпалысып, даулы мәселелердің шешімін тауып білетін данышпан би болған. Досбол би ердің құнын екі ауыз сөзбен шешкен, ел мен елді бітістіріп, әділдігімен, тапқырлығымен, шешендігімен халық арасында зор беделге ие болған адам. Ол «Бәрінен сөз бастау қиын, тауып айтсаң мереке қылады, таппай айтсаң, келеке қылады» деп, аталы сөзді бәрінен жоғары қояды. Досбол би ел тынышын кетіріп, қанау-тонау саясатын жүргізген Қоқан бектерін ашық сынап, жолыққанда сөзбен түйреп отырған. Содан қуғынға ұшырап, екі-үш жыл Арқаға барып паналаған. Досбол би ағайын арасындағы араздықтың ел берекесін кетіретінін айтып, Әжібай би мен Торғай датқаны  бір ауыз сөзбен татуластырыпты («Іс түскенде басыңа, Тумаң тұрар қасыңда, Түбі бірге түртпейді, Туғанға ешкім жетпейді»). Бірде Қошқар батырға сәлем беруге барса, ол биге: «шырағым, сен Жиренше шешенбісің, әлде Алдар көсемісің?» депті сынау үшін, сонда ол: «Төбеге би, төскейге қол жеткенде, мен Жиреншемін, ал жанға зор, жағаға қол жеткенде, мен Алдар көсемін» деп жауап қатыпты. Досбол бидің талай айтыс-тартыстарда (найман Көкшолақ бимен, Арқадағы Нұржанмен, т.б. шешендік, билік сөз таластары) айтқан ұтымды жауаптары, нақыл сөздері мақал-мәтел іспеттес болып, халық арасына кең тараған. Бейіті Оқшы ата қорымында. Досбол Қорлыбайұлы бір деректе Қостанай атырабындағы орта жүздің Момын деген атасынан, енді бір аңызда Сыр бойындағы қыпшақтар арасынан шыққан атақты би деп аталады.

Досболдың туған жылы да беймәлім. Атақты Ыбырай Алтынсариннің атасы Балқожа би ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында туып, 1860 жылы өлген. Сонда 12 жасынан билікке араласып, Балқожа биден ат мініп, сый-сияпат көріп жүрген Досбол 1844-48 жылдары туылып, жасы тоқсаннан асып қайтқан. 1890 жылы қазіргі Талаптан ауылдық округінде дүние салған, жерленген жері көне зират «Оқшы ата» мазаратында.

Досбол би кесенесі 1994 жылы салынған. Шиелі ауданы, Бәйгеқұм ауылынан шығысқа қарай 5 шақырымда орналасқан. Кесене ұзындығы 6 м, ені 5,30 м, биіктігі 4,40 м, күмбездің биіктігі – 3 м.

 

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Молқалан (Молла-Қалан) кесенесі, ХVІ ғасыр
2 / 5
Қожан қожа кесенесі, ХVІІІ ғасыр
3 / 5
Жент қалашығы, Х-ХV ғасырлар
4 / 5
Бәбіш-Мола ескерткіштер кешені, б.з.д. ІV-ІІ ғасырлар
5 / 5
Қазалы қаласы ескі бөлігі, қала құрылыс кешені, ХІХ ғасырдың соңы-ХХ ғасырдың басы, Ғанибай үйі

Ақпарат

    Записей не найдено.