Ғафур Мұхамеджанов мүсіні

Мекен жайы: Шиелі ауданы, Шиелі кенті, №270 мектеп ауласында орналасқан

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 07.09.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Ғафур Мұхамеджанов мүсіні, 2014 ж.

(Тарихи-мәдени мұра объектілерінің алдын-ала тізіміне алынған)

 

Ғафур Мұхамеджанов (1924, Жаңақорған ауданы, Өзгент ауылы) – соғыс ардагері, қызметкер. Алматы жоғары партия мектебін, Қызылорда педагогикалық институтын бітірген. 1941–1942 жылдары бастауыш мектепте мұғалім болып істеген, 1943–1945 жылдары ІІ-дүниежүзілік соғысына қатысқан. 1945–1970 жылдары Шиелі ауданы комсомол комитетінің хатшысы, аудандық атқару комитетінің бөлім меңгерушісі, аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары, төрағасы, тораптық партия комитетінің хатшысы, Шиелі ауданы партия комитетінің бірінші хатшысы қызметтерін атқарды. 1970-1975 жылдары Жаңақорған аудандық партия комитетінің 1-хатшысы, 1975–1985 жылдары Қызылорда облыстық комитетінің әкімшілік және сауда-қаржы органдары бөлімінің меңгерушісі, облыстық атқару комитеті төрағасының 1-ші орынбасары болды. Облыстық комитеттің мүшесі, аудандық, облыстық кеңестердің депутаты болып сайланған. 3 мәрте Еңбек Қызыл Ту орденімен, І дәрежелі Отан соғысы орденімен, ІІІ дәрежелі Даңқ орденімен және медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.  Ол бұл атақтарға еселі еңбегінің арқасында қол жеткізді.

            Шиелі ауданындағы №270 мектепке мемлекет және қоғам қайраткері Ғафур Мұхамеджановтың есімі берілді. №270 мектеп білім ордасына берілген Ғафур Мұхамеджановтың есімі мен қойылған бюст – ұлттық рухтың лебiн еселейтiн, ел игілігі үшін аянбай қызмет еткен аудан азаматтарының көз қуанышына, құнды мұрасына айналсын, деген мақсатта қойылған. Мүсіннің авторы, мүсінші – М.Үмбетов. Мүсіннің биіктігі – 1,2 м., тұғырының биіктігі – 2 м.

 

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Бәбіш-Мола ескерткіштер кешені, б.з.д. ІV-ІІ ғасырлар
2 / 5
Асанас кесенесі, ХVІІ ғасыр
3 / 5
Шірік-рабат қалашығы, б.з.д. V-ІІ ғ.ғ.
4 / 5
Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ы. Жақаев мүсіні, 1975 жыл
5 / 5
Сауысқандық петроглифтері, қола, ерте темір дәуірлері

Ақпарат

    Записей не найдено.