Александр Романов мүсіні

Мекен жайы: Жаңақорған ауданы, Төменарық ауылында орналасқан

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 07.09.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Александр Романов мүсіні,

2015 жыл

Александр Дмитриевич Романов (1922, Жаңақорған ауданы Төменарық ауылы – 27.4.1945, Берлин қ.) – соғыс ардагері, Кеңес Одағының Батыры (27.6.1945). Соғыстың алғашқы күндерінде Романов әскери училищені бітіріп, майданға аттанды. 1942 жылы маусым айында ұрысқа кіріп, Еділден Эльбаға дейінгі жауынгерлік жолдан өтеді. 1-Украина майданындағы 3-гвардиялық танк армиясына қарасты 70-механикаландырылған Проскуров бригадасының 1-мотоатқыштар батольонында рота командирі лейтенант Романовтың жауынгерлері 1945 жылы көктемде Берлиннің іргесіндегі Нейсе өзені жағасындағы шайқастардың бірінде 104 жаудың көзін жойып, 118 адамын тұтқынға алды. Жеке өзі 19 дұшпанды құртып, рота 15 автомашина мен 45 автомат, 9 станокты пулеметті қолға түсірді. 23 сәуірде Романовтың ротасы күші басым жаудың алты бірдей қарсы шабуылын тойтарып, қарша бораған оққа қарамастан, Тельтов каналын кешіп өтіп, плацдармды иеленді. 27 сәуір күні қала көшесіндегі қиямет-қайым ұрыста ерлікпен қаза тапты. Романов оқыған «Төменарық» аулындағы 53-орта мектебі батыр есімімен аталады. Мектеп мұражайында арнайы бөлме ұйымдастырылған. 

Мүсін 2,5 натуралық өлшемде қола материалынан құйылған. Биіктігі 1,28 метр, салмағы 380 кг. Тұғыры бетоннан құйылып, сырты гранитпен қапталған. Өлшемдері h-2,10 метр, 70х60 см. Мүсіннің авторы – М.Үмбетов.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Баланды ІІ кесенесі. б.э.д. ҮІ-ІІ ғ.ғ.
2 / 5
Айтбай мешіті
3 / 5
Қожан қожа мазары
4 / 5
Бақатам кесенесі
5 / 5
Оқшы ата кесенесі

Ақпарат

    Записей не найдено.