Амангелді Иманов ескерткіші, 1999 жыл

Мекен жайы: Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, М. Әуезов көшесі, н/з.

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 31.08.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Санаты: Тарихи-мәдени мұра объектілерінің алдын-ала тізіміне енгізілген.

Өмір дерегі: Амангелді Үдербайұлы Иманов (03.04.1873 -18.5.1919) — қазақ халқының батыры. Қазақстанда 1916 жылы өріс алған Ұлт-азаттық көтерілістің басшысы. Торғай уезі Қайдауыл болысының 3-ауылында кедей шаруа отбасында туған. 1918 жылдан Компартия мүшесі. 7 жасында әкесі, одан 5 жыл кейін шешесі қайтыс болып, жастайынан жетім қалады. Ауқатты адамдарға жалға тұрып жүріп, еңбекші халықтың тартқан қайғы-қасіретін, ауыр тұрмысын көреді. Оның бойында самодержавиеге, қоғамда тереңдеп кеткен әлеуметтік теңсіздік пен езгіге деген өшпенділік осы кезден-ақ қалыптаса бастады. Байқоңыр көмір кенінде темір ұстасы болған жылдары орыс жұмысшыларымен араласып, таптық сана-сезімі оянады. 1905-1907 жылдары орыстың 1-революциясының азаттық идеясы ықпалымен шаруалардың байларға қарсы қарулы күресіне қатысады. Социал-демократтардың жергілікті жердегі большевиктер тобымен тығыз байланыс жасап, шаруалар бұқарасының ұлт-азаттық күресін басқарушы ретінде бүкіл Торғай даласына атағы жайылды. 1896-1908 жылдары патша өкіметі оны "сенімсіз" адам деп тауып, бірнеше рет түрмеге отырғызылды.

Сипаттамасы: Мүсін шағын гүлзарда орналасқан. Ескерткіш кісі бойы толығымен қоладан жасалған. Ескерткіш сырты ақ гранитпен қапталған тұғырға қойылған. Тұғыр екі деңгейлі платформаға бекітілген, ол да сырты гранит тақтайшаларымен қапталған, тек түсі сұр (астыңғы іргетасының көлемі 405х405х60 см, үстіңгісі 205х205х25 см). Ескерткіштің жалпы биіктігі 5 м. Тұғырдың алдыңғы қасбетіне «Аманкелді Иманов 1873-1919» деп жазылған. QR-код тақтайша орнатылған.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Қазалы қаласы ескі бөлігі, қала құрылыс кешені, депутаттар кеңесінің ғимараты, қазіргі – Ғ. Мұратбаевтың мемориалдық музей ғимараты,ХІХ ғ. соңы-ХХ ғ. басы
2 / 5
Қожан қожа кесенесі, ХVІІІ ғасыр
3 / 5
Бақатам кесенесі, ХІХ ғасыр
4 / 5
Баланды ІІ кесенесі. б.з.д. VІ-ІІ ғасырлар
5 / 5
Көтібар мұнарасы, ХІХ ғасыр

Ақпарат

    Записей не найдено.