Ғ.Мұратбаев ескерткіші

Мекен жайы: Қазалы ауданы, Қазалы қаласы, Қорқыт Ата көшесі, 24

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 04.09.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Ғ.Мұратбаев ескерткіші.

1986 жыл

Ғани Мұратбаев (3.06. 1902Қазалы ауданы – 15.04. 1925Мәскеу) – Орталық Азия мен Қазақстан жастар қозғалысын ұйымдастырушылардың бірі, БЛКЖО мен Коммунистік Жастар Интернационалының қайраткері. Қазалыдағы орыс – қазақ мектебін, жоғары бастауыш училищесін (1910 – 18), Ташкенттегі орта білім беретін қазақ-қырғыз педагогикалық училищесі жанындағы ауылдық мектептер үшін нұсқаушы-лекторлар курсын (1919 – 20), Ташкенттегі мемлекеттік үлгі-тәжірибелік мектебін және Орта Азия мемлекеттік университетінің қоғамдық ғылымдар факультетін (1920 – 21) бітірген. 1922 – 24 жылдары РКЖО-ның 5-съезінде Ресей Коммунистік Жастар одағы ОК-нің мүшесі, Коммунистік Жастар одағы ОК Орта Азия бюросының алғашқы төрағасы болып сайланды. 1924 – 25 жылдары Ресей Лениншіл Коммунистік Жастар одағы ОК-нің бюро мүшесі, Коммунистік Жастар Интернационалы атқару комитетінің Шығыс елдері жастар арасындағы жұмыс бөлімінің меңгерушісі болды. Ол Коммунистік Жастар Интернационалының 3 – 4-конгрестерінің, Коминтерннің 4-конгресінің делегаты болып сайланды. Өкпе ауруынан қайтыс болып, Мәскеудегі «Ваганьков» қорымына жерленді.

Ғани Мұратбаевтың ескерткіші Қазалы қаласындағы Ғ.Мұратбаев атындағы мемориалдық музейінің ауласында орналасқан. Ескерткішті 1986 жылы Мәскеулік мүсінші Р.Е.Степанов жасаған. Қалайыдан (алюминиден) істелген ескерткіштің биіктігі 2,2 метр болады. Ескерткіш жоспары тікбұрышты тұғырға орнатылған. Тұғыр өлшемдері – биіктігі 227 см, негізі 132х120 см. Ескерткіш бетоннан құйылған. Тұғырдың фасад бетіне мрамор тақтайшаға «Ғани Мұратбаев» деп жазылған.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Қазалы қаласы ескі бөлігі, қала құрылыс кешені, ХІХ ғасырдың соңы-ХХ ғасырдың басы, Ғанибай үйі
2 / 5
Христос Спаситель шіркеуі
3 / 5
Қазалы қаласы ескі бөлігі, қала құрылыс кешені, Ғ.Мұратбаев музейі /Совдеп үйі/ ХІХ ғ. соңы-ХХ ғ. басы
4 / 5
Бегім ана мұнарасы
5 / 5
Баланды ІІ кесенесі. б.э.д. ҮІ-ІІ ғ.ғ.

Ақпарат

    Записей не найдено.