Мырзалы қалашығының орны

Мекен жайы: Қармақшы ауданы, Кекірелі ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 35 шақырымда орналасқан

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 04.09.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Мырзалы қалашығының орны.

ХІІ-ХІҮ ғ.ғ.

Ескерткішті ХАЭЭ-ның Жаңадария отряды (Б.В.Андрианов) ашып, зерттеді. 2005 жылы Ж.Құрманқұловтың басшылығымен А.Х.Марғұлан атындағы археология институтының Шірік-Рабат археологиялық экспедициясымен қайта зерттелді, сол кезде координаттары анықталды және фотофиксация жүргізілді. 2013 жылы ЖШС «Тараз» археологиялық ғылыми орталығы зерттеді.

Мырзалы қалашығы ені 60 м жететін Жаңадария үлкен арнасы бойында орналасқан. Бұл арнаның жағасын дамбы етіп бекітіп, магистралды канал ретінде пайдаланған, оның табанынан арықтар тарьқан. Елдімекен негізгі канал бойында көлемі 70х50 м тұрғынжайлар, жекелеген үйжайлар және хорезмшах уақытына жататын «кептерхана» ғимараттары қатарласа салынған. Елдімекен аймағында темір балқытып және қыш күйдірген шеберханалардың орындары анық байқалады. Түсі қоңыр, сырлы және сырсыз керамикалар хорезмдік керамикаға ұқсайды, яғни ХІІ-ХІҮ ғғ мерзімделеді.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Асанас кесенесі, ХVІІ ғасыр
2 / 5
Молқалан (Молла-Қалан) кесенесі, ХVІ ғасыр
3 / 5
Бақатам кесенесі, ХІХ ғасыр
4 / 5
Құттыбай кесенесі, ХVІІІ-ХІХ ғасырлар
5 / 5
Жент қалашығы, Х-ХV ғасырлар

Ақпарат

    Записей не найдено.