Тастөбе (Тазтөбе) қалашығы

Мекен жайы: Шиелі ауданы, Бірлестік ауылынан батысқа 26 шақырым

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 29.08.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Тастөбе (Тазтөбе) қалашығы,
орта ғасыр дәуірі

Тазтөбе бекіністі мекені рабаттар жүйесімен жалғасып жатыр. С.Л.Волиннің дерегі бойынша қорғанысты мекен дегенді білдіреді. Дегенмен ескерткіш түбегейлі археологиялық зерттеуді қажет етеді. Тазтөбе археологиялық ескерткіш 1992 жылы Қызылорда педагогикалық институты археологиялық экспедициясы тарапынан есепке алынып зерттелді. Ескерткіштің топографиясы, көлденең жоспары жасалып, фотосуреті түсіріліп өлшенді. Тазтөбе археология ескерткіші бір ғана бекіністі төбеден тұрады. Құрылыс дені қам кірпіштен қаланған. Аракідік қыш кірпіш сынықтарын кездестіруге болады. Климаттық құбылыстардың әсерінен ескерткіш жертөбеге айналған. Беткі мәдени қабатында ешқандай археологиялық дерек кездеспейді. Ескерткіштің биіктігі 2 м, диаметрі 22 м. 

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Жент қалашығы, Х-ХV ғасырлар
2 / 5
Сауысқандық петроглифтері, қола, ерте темір дәуірлері
3 / 5
Қорқыт ата ескерткіш кешені (стелла, амфитеатр, қылует, қошқар тас, мұражай), 1980 жыл
4 / 5
Шіркеу, қазіргі - теміржолшылар клубы ғимараты, 1904 жыл
5 / 5
Айтбай мешіті, 1878 жыл

Ақпарат

    Записей не найдено.