Сұлутөбе қалашығы

Мекен жайы: Шиелі ауданы, Сұлутөбе ауылынан солтүстікке 2 шақырым

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 29.08.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Сұлутөбе қалашығы,
ХVІІІ-ХІХ ғ.ғ.

Жоспарында сопақтау болып келген қалашық солтүстік-оңтүстік бағытында созылып жатыр. Шағыл құмның әсерінен ескерткіштің нақты шекарасын анықтау мүмкін емес. Биіктігі 3-тен 5-6 м-ге, диаметрі 45 м шағыл құмдарда қыш ыдыстармен безендірілген құрылыстардың қалдықтары көрініп жатыр. Әсіресе, өзінің көлемімен оңтүстік бөлігі ерекшеленеді. Кейбір жерлерде тікбұрышты бөлмелердің жоспары анық байқалады. Айналасында ені 14-18 м өзен-каналдардың іздері сақталған. Солтүстік-оңтүстік сызығы бойынша тіркелген ұзындық – 30 м. Ғимараттардың қалдығы болып табылатын төбешіктердің диаметрлері 12-15 м-ге жетеді. 1990 ж. Қаз КСР ҒА ТАЭИ қалаларды зерттейтін археологиялық экспедициясының тобы (П.Е. Қаратаев) ашып, зерттеген. Өлшеу жұмыстары жүргізіліп, жоспары түсірілді, Көтерме материалдыр жиналып алынды. Қазба жұмыстары жүргізілмеген. 

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Асан ата кесенесі, ХVІ ғасыр
2 / 5
Сауысқандық петроглифтері, қола, ерте темір дәуірлері
3 / 5
Сығанақ қалашығы. Х-ХVІІІ ғасырлар
4 / 5
Бәбіш-Мола ескерткіштер кешені, б.з.д. ІV-ІІ ғасырлар
5 / 5
Құтқарушы Христос шіркеуі, ХІХ ғасыр

Ақпарат

    Записей не найдено.