Мысық кесенесі

Мекен жайы: Жалағаш ауданы, Шергелтай ауылынан оңтүстікке 17 шақырым

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 21.08.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Мысық кесенесі,
ХІХ ғ. басы

Мысық би ХІХ ғасырда өмір сүрген тарихи тұлға. Шын аты- Есенжол. Ол кісіні елі мен жұрты хас батырлығы мен шешендігі үшін ғана емес, қара қылды қақ жарар турашылдығы мен әділдігі, ақыл- ойы мен парасат пайымы үшін ерекше құрмет тұтқан.

Кесене өлшемі 28х18х10 см. болатын қам кесектерден қаланған бір камералы, порталды- күмбезді құрылыс. Кесененің ішкі- сыртқы беті қалың етіп сабан сылақпен сыланған. Жалпы формасы квадратты, 6 х 6 метр болып келген. Жалпы биіктігі – 6,90 метр. Кесене цилиндр тәрізді барабанның үстінде орналасқан конус пішінді күмбезбен жабылған. Барабан қалыңдығы 1 метр болатын қабырғаның үстіне орналасқан. Төрт бұрышына домалақ пішінді төрт бағана (гульдаста) тұрғызылған. Жебе тәрізді үшбұрышты етіп қаланған кесене есігі оңтүстік - батыс жаққа қаратып салынған. Ішінде жартылай қираған қабір жатыр. Құрылыс көлемі, шамамен 320 куб.м.

 

Мысық би туралы деректер

Мысық би ХІХ ғасырда өмір сүрген тарихи тұлға. Шын аты-Есенжол. Көнекөз қариялардың айтуына қарағанда, Мысық би 1804 жылы туып, 1884 жылы 80 жасында Жаңадария бойында қайтыс болған. Ол кісінің кіндік қаны тамған ата мекені казіргі Бұқарбай батыр ауылының аймағы. Мысық би елі мен жерін қолына қару алып, найзаның ұшымен, қылыштың жүзімен, көкірегін оққа тосып, шешендік әділ сөзімен  елдің бірлігі мен тыныштығын қорғауға атсалысқан тарихи тұлғалардың бірі. Ол кісіні елі мен жұрты хас батырлығы мен шешендігі үшін ғана емес, қара қылды қақ жарар турашылдығы мен әділдігі, ақыл-ойы мен парасат пайымы үшін ерекше құрмет тұтқан.

Бір жылдары Мысық би Арқа жақта  Кіші жүз бен Орта жүз арасында болған бір үлкен дауды әділдікпен шешіп, содан сөзден жеңілмейтін, әрқашан да екі жауырынымен түспей, төрт аяғымен жерге топ ете түсетін  мысық секілді деген теңеу атқа ие болып, «Мысық би» атанады.

Казіргі Таң ауылының батысында, Жаңаталап ауылының оңтүстігінде «Мысық би көлі», «Мысық арығы», « Мысықтың үйтамы» деген көлемді жер атаулары бар. Мысық би бір замандарда осы кездегі Шәменов ауылының төңірегіндегі Қараиірім өзегінен саға алып, арық қаздырып аяғын Қаракеткен, Далдабай ауылына, Белқұм арқылы жеткізіп, екі бетіне егін ектіріп, халыққа күн көріс қамын жасатқан. Ел аузында Мысық би айтқан деген сөздер бар: «Ерегіссең ел болмайсың. Сөз сыйласаң кем болмайсың. Біріңді-бірің жамандап тілге салсаң, оңбайсың. Еліңді бүлдірсең, етегің ашылады, қолыңдағынның бәрі шашылады, дұшпаның қасыңнан табылады, сөйтіп өзіңе жабысады.».

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Оқшы ата кесенесі, ХІ ғасыр
2 / 5
Ақтас мешіті, 1884 жыл
3 / 5
Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ы. Жақаев мүсіні, 1975 жыл
4 / 5
Қожан қожа кесенесі, ХVІІІ ғасыр
5 / 5
Сараман-Қоса (Сарман-Қожа) мұнарасы, Х-ХІ ғасырлар

Ақпарат

    Записей не найдено.