Теміржол вокзалы ғимараты

Мекен жайы: Жалағаш ауданы, Қаракеткен теміржол стансасы

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 21.08.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Теміржол вокзалы ғимараты,
ХІХ ғасыр

Ғимарат күйдірілген қызыл кірпіштерден, бірқабатты, жалпы пішіні «Г» әрпі тәрізді етіп қаланған ғимарат. Ленталы іргетасы (ленточный фундамент) да күйдірілген кірпіштерден қаланған. Шатырын екі скатты етіп (вальмовая), жұқа қаңылтырмен жапқан. Ғимаратқа тікбұрышты әрі екі қабатты терезелер орнатылған. Ғимараттың қас бетінің солтүстік-шығыс жақ қапталында аталған ғимаратқа ерекше сән беріп тұрған үстінде аттигі бар ризалит орналасқан. Аттиктің астында иілген перемычкасы бар үш терезе орнатылған. Бұрыш пилястрлері бір-бірімен иілген ғимарат қабырғаларының үстіңгі жағына қалаған. Ғимарат терезелері сандрикпен безендіріліп, астынан декоративті белдемше (подоконный поясок) жүргізілген. Белдемшенің астында төртбұрышты қуыстар орналасқан. Ғимарат сары түске боялып, декоративтік элементтері әктелген. Ғимарат пешпен жылытылады. Жалпы өлшемі (41,8х11) + (12х10,6). Құрылыс обьемі – 3,,805 куб.м. Жобаның авторы, инженер- полковник Урсатов. Тапсырыс беруші, теміржол байланысы министрлігі. Министрі – князь М.И. Хилков.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Теміржолшылар клубы ғимараты (бұрынғы шіркеу)
2 / 5
Шірік-Рабат қалашығы
3 / 5
Сырлытам кесенесі
4 / 5
Қазалы қаласы ескі бөлігі, қала құрылыс кешені, ХІХ ғасырдың соңы-ХХ ғасырдың басы Ғанибай мешіті (қазіргі қалалық кітапхана)
5 / 5
Оқшы ата кесенесі

Ақпарат

    Записей не найдено.