Өзгент қалашығы

Мекен жайы: Жаңақорған ауданы, Өзгент ауылынан оңтүстік-батысқа 15 шақырым

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 21.08.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Өзгент қалашығы,
ХІІ-ХVІІ ғ.ғ.

Өзгент ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 15 шақырымда орналасқан. Өзгент – Сығанақ, Сауран қалаларымен қатар салынған, солардың тарихымен тағдырлас, Сырдың сол жағалауындағы орта ғасырлық мәдеиеті мен саудасы, саяси-экономикасы, ілім-білімі дамыған қала. Археолог-ғалым, полковник Б.А. Каллаурдың айтуы бойынша: «Өзгент дегеніміз – ол, біріншіден, Сырға қосылатын өзен; Екіншіден, ішкі Өзгент және Қыр Өзгенті деген екі бекініс, соның екіншісі ХІІІ ғасырдағы Өзгент»,- дейді. Ішкі Өзгентті Сырдарияға жақын болғандықтан, Сыр Өзгенті, қыр Өзгентін қашықтау болғандықтан, Сыртқы Өзгент деп те атаған. Ішкі Өзгент моңғол шапқыншылығына дейін Қыпшақ мемлекетінің құрамында болып, Сығанақ билігіне қараған. Моңғолдар қиратып, тонаған соң бұл қала қаңырап бос қалған. Өзгент қаласы Қасым хандығы тұсында қазақ хандығына қараған. ХҮ-ХҮІІІ ғасырларда бұл шаһар жоңғар қалмақтары мен Ақсақ Темір және оның ұрпақтарының жорықтарында қирап, халқы қуғын-сүргінге ұшырап, тарих сахнасынан біржола кеткен.

Қазіргі кезде ортағасырлық шағын Өзгент қалашығының айнала қорғаныс қабырғасы мен тұрғын үйлері мен тұрмыстық құрылыс орындарының үйінділері биік төбе болып сақталған. Қала құрылысы бұрыс формалы, солтүстіктен оңтүстікке созылып жатыр. Төбенің көлемі солтүстіктен оңтүстікке қарай 350 метр болады. Бекініс қабырғасының мұнаралары мен кіреберіс қақпасы сақталған. Тарихи зерттеушілердің еңбектеріне қарағанда, қалада сегіз қырлы және дөңгелек қалыпта күйдірілген қыштан соғылған биік мұнаралар салынған. Әр мұнараның ішінде тастан қаланған 40 басқыштан тұратын айналмалы сатысы болған. Қаланы қоршаған қорған сыртында айналдыра қазған ордың орны байқалады. Қорған төртбұрышты етіп төбе үстіне салынған, ұзындығы 1,5 шақырымдай. Қаланың барлық ғимараттары мен құрылыстарына  пахса мен қам кесектер пайдаланылған. Қала ішін аралаған кезде саз балшықтан жасалған түрлі-түсті ыдыссынықтары кездеседі.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Сығанақ қалашығы. ҮІ-ХІХғ.ғ.
2 / 5
Жетіасар мәдениеті ескерткіштері (23 нысан) б.э.д. І ғ.-ҮІІІ ғ. басы.
3 / 5
Құттыбай кесенесі, ХҮІІІ-ХІХ ғасырлар
4 / 5
Қазалы қаласы ескі бөлігі, қала құрылыс кешені, ХІХ ғасырдың соңы-ХХ ғасырдың басы, Ғанибай үйі
5 / 5
Молқалан (Молла-Қалан) кесенесі, ХҮІ ғасыр

Ақпарат

    Записей не найдено.