Талап жартас суреттері
Мекен жайы: Жаңақорған ауданы, Талап ауылынан оңтүстік-шығысқа 35 шақырым
Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 21.08.2017
Құжаттама: жүктеп алу
Жалпы ақпарат:
Талап жартас суреттері, б.д.д. ІІ мыңжылдықтың соңы-І мыңжылдықтың басы.
Мәртебесі: жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші.
Петрогриф–тақтатас, жартастарға салынған суреттер, бейнелер. Ежелгі Петроглифтер соңғы палеолиттің ақырында пайда болды. Кейінгі голецендік тарихи-мәдени кезеңдерде (мезолит, неолит, қола дәуірі, темір дәуірі, т.б.) қоғамдағы өзгерістерге байланысты дамыды.
Талап жартас суреттері. - жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштер санатында.Олар бірнеше топқа бөлінеді. Солардың ішіндегі біреуі жыраның төменгі жағында орналасқан. Бұл ешкілердің бейнесін бейнелейді. Петроглифтердің маңыздысы жыраның ортаңғы шебіндегі Күйкентай төбе тасында болып отыр. Төбе тастан 7-10 метр биіктіктегі ағын судың маңайында ірі мал жылқы, өгіз, жүгіріп бара жатқан түйе, адам, ешкілердің бейнелері тасқа ойылып жазылған. Майдантал жырасында табылған осындай петроглифтердің ұқсастына орай, бұл ескерткіштерді көшпенділердің ерте заманына жатқызамыз. Таутастағы сызбалар сан түрлі тәсілдермен қашалып, оған көп бейнелер салынған. Тас ғасырдан кейінгі кезеңде сана иелері өздерінің тыныс-тіршілігі жайында тасқа қашап бейнелеуді дұрыс көрген. Онда шаруашылық, тұрмыс-салт пен жол-жоралғы, дүниетаным тасқа басылған. Ең негізгі көріністер тіршілік иелерінің аңшылық пен балықшылық секілді кәсіптерге қатысты екені көзге көрінеді.
Қорғау тақтасы орнатылып, төлқұжаты рәсімделген. Ескерткіш Бесарық а/о әкімдігінің теңгерімінде.