Аққорған қалашығы

Мекен жайы: Жаңақорған ауданы, Түгіскен ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 1 шақырым

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 21.08.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Аққорған қалашығы, ХІІІ-ХІV ғ.ғ.

Мәртебесі: Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші.

Аққорған- орта ғасырлардағы қала. Қала аты Түркістан өңіріне байланысты саяси оқиғаларды баяндайтын орта ғасыр авторларының жазбаларында жиі кездеседі. Жаңақорғаннан 70 км, Сайрамнан 110 км жерде орналасқан. Осы тұста ежелгі қаланың орны сақталған. Оны алғаш рет 1970 ж. Отырар археологиялық экспедициясын зерттеген. Осы күнге дейін Аққорған болып аталады. Аққорған қалашығы Қазақ хандығы кезеңдегі Сыр бойында өркендеген біраз қалалармен қатар айтылады. Тарихшы Ибн Рузбихан жазған еңбектерінде бұл қалашықты гүлденген қала екендігін көрсеткен.

         “Аққорған” төбе әлі де биік еңселі,-деп жазды Ермахан Төреқожаев өзінің ХХ ғасырдың орта кезеңіндегі аққорғандықтар жайлы жазылған  “Аққорған” атты роман-эссесінің алғы сөзінде. Төбесінен қарасаң басыңдағы тақияң жерге түсердей, құдды ересен зор түйе осы араға келіп шөгіп, манаурап күйіс қайтарып жатқандай сезіледі деп көрсеткен. Сан ғасырлық тарихы бар қала бүгінде үйме болып қалған. Зерттеуді қажет етеді.

Тағы бір деректерге сүйенер болсақ Қожа Ахмет Йассауидің үлкен бабасы Ысқақ бабтың өзіне он бір атамен Ибрахим Шайхтың үлкен ұлы Садыр атаның осы Аққорған қаласында ұрпақтары болған.Оның ішінде Мәулен-сафи-ад-дин Орын Қойлақыдан тараған бес атаның жеке-жеке айтпай қорған атына сай аққорғандық деп кеткен. Аңыз-әңгімелерге сай ол кезде жауынгершілік болып тұратын, баба ұрпақтары ұйымдасып қорған соққан.Қорғанның асты там сияқты халық паналайтын және өлген адамды бір жағына қоятын сардабасы болған. Қорған айналасы аппақ болғандықтан, Аққорған деп аталған. Бұл қала үлкен сауда орталығы болғанымен, суармалы егін шаруашылығы дамыған бекіністі қала деседі.  

         Бүгінгі күні Аққорған қалашығы мемлекет қорғауында, жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштер санатында. Қалашықтың шығыстан батысқа қарай бағытталып созылып жатқан шахристанының ұзындығы 260-390 м, ені 200-100 м, биіктігі 3-5 м. шахристанның солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан, солтүстіктен оңтүстікке созылып жатқан цитадельдің ұзындығы 120 м, ені 90 м, биіктігі 6 м. оны сырттай қоршаған үймек жалдың ені 8-10 м, биіктігі 1,5-2 м. цитадельге кіретін қақпа қабырғада орналасқан.

    Қорғау тақтасы орнатылған. Ескерткіш Аққорған а/о әкімдігінің      теңгерімінде. 2018 жылы QR-код тақтайшасы орнатылған Қызылорда облысы тарихи-мәдени мұра объектілерінің 3D форматтағы интерактивті картасынан (virtualmap.xyz) ескерткіштің 3D үлгідегі бейнесін, түрлі ракустағы фотоларын, понорамалық көріністерін, қысқаша видеосын қарауға болады.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Жанкент (Янгикент) қалашығы, ІХ-ХІ ғ.ғ.
2 / 5
Құттыбай кесенесі, ХVІІІ-ХІХ ғасырлар
3 / 5
Қазалы қаласы ескі бөлігі, қала құрылыс кешені, ХІХ ғасырдың соңы - ХХ ғасырдың басы Ғанибай мешіті (қазіргі қалалық кітапхана)
4 / 5
Жент қалашығы, Х-ХV ғасырлар
5 / 5
Қазалы қаласының ескі бөлігі, қала құрылыс кешені. ХІХ ғ. соңы-ХХ ғ. басы Ноғай (Нұралы) мешіті

Ақпарат

    Записей не найдено.