Қылауыз ата кесенесі

Мекен жайы: Жаңақорған ауданы, Әбдіғаппар ауылынан батысқа 5 шақырым

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 21.08.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Қылауыз ата кесенесі,
ХІІ ғасыр

Кесене тарихы

 

 

              Кесене күмбезбен көмкерілген. Кесененің іші мен сырты саз сылақпен сыланған. Кесене қам кірпіштен жасалған және ішке кішкене саңылаудан жарық түседі. Негізгі фасады оңтүстік-батысқа қарай бағытталған. Кесененің өлшемі 9,20х9,0м., биіктігі 9,0 метр болады.

Өмірбаяны

Әбубәкір Сыдықтың жиырма төртінші буынындағы ұрпағы Жақып (Қылауыз) атамыз дүниеге келген. Өз дәуірінің білімді, ғұлама ақылды адамы, әрі әулие болғаны туралы халық аузында осы уақытқа дейін сақталып келе жатқан аты аңызға айналған игі істері және кереметтері айтылып жүр. Түркістандағы Қожа Ахмет Йссауидың кесенесінде Жақып Ахмет Әбулайс деп жазылған мола басындағы тас бар.

Якуб Ахмет (Жақып) Абулаистер тегінен екені даусыз. Жақып атамызды өзбектер , парсы тілдес мұсылмандар  Якуб деп атаған.Бұлар Әбу бәкір ас Сыдықтан тарайды. Әбубәкір бірінші халиф, қызы Айша Мұхаммед пайғамбардың с.ғ.с. әйелі болған. Әбулайс Жақыптың әкесінің лақап аты, нағыз есімі Насыр Ибн, Мұхаммад Ибн, Ахмад Ибн Ибраһим деген үш аты болған. Әбулайс деген ислам ілімінде арыстан, жолбарыс мағынасын білдіреді.

 Қылауыз атаның елді отырықшылыққа үйретіп, егін егуді үйрету, дариядан су шығару тәсілдері мен қарақұрт, жылан шаққан адамдарды дұғамен емдеу кереметтерін көнекөз қариялар осы күнге дейін айтып жеткізген. Жақып (Қылауыз) ата ислам ілімін ел арасында насихаттау және пайдалануды жақсы білген. Сонымен бірге, адамдарды тазалыққа, еңбекке, әділеттілікке үйреткен. Әсіресе өз отбасындағы жастардың келеңсіз жағын дөп танып, еңбексіз ата-анасына масыл болған жастарды көріп, ата дәстүрін жалғастыра алмағандарға арнап айтқан сөзі әлі осы күнге дейін халық арасында айтылып келеді. Мысалы: «Ұлың болса шоқ болсын, шоқ болмаса жоқ болсын»,- деген «Қылауыз Ата» сөзі халық арасында кеңінен тарап кеткені көпшілікке мәлім. Бұл жерде Қылауыз Ата етек жеңі кең әулие болуымен бірге өмірдің келеңсіз көрінісіне төрелік айтқаны көрініп-ақ тұр. Араб тілінде «Қылауыз» деген сөз «Ел басқарушы, жол бастаушы» деген ұғымды білдіреді. Бұдан 810 жыл бұрын өткен Қылауыз атаға 13 қазан     1996 жылы үлкен ас берілді. 


Аңыз әңгімелер

Қылауыз ата Қожа Ахмет Яссауимен замандас болған және әр келгенде Жақып (Қылауыз) атамен бірге болып, басқа әулиелерді бірге жүріп аралайды екен. Жақып (Қылауыз) ата дариядан суат салып, оны Қожа Ахмет Яссауи бабамыз атымен кешіп өтеді екен. Сол салынған суат осы күнге дейін «Тассуат» деп аталады.

Бабамызға берілген лақаб аты да жетерлік. Қожа Ахмет Яссауи тағы бір келгенде «Тассуаттан» өткенде бесін намазын оқиды екен. Сол кезде жайнамазының бас жағында қара құрт пайда болып, үлкейе береді. Үлкейгені соншалық адам жұтарлық дәрежеге келеді. Қожа Ахмет Яссауи адам жұтарлықтай дәрежеге жеткен қарақұртты дұға оқып қайтара алмайды. Сонда Қожа Ахмет Яссауи, Жақып (Қылауыз) атаға қара құртқа дем салуды сұрайды. Дем салынғаннан кейін, қарақұрт қайта кішірейіп алғашқы қалпына қайта келеді. Осы кереметі үшін Қожа Ахмет Яссауи ал, Жақып қолыңды жай сенің атың «құрт иесі Қылауыз» болсын деп батасын береді.
Қылауыз деген лақап ат үш мағынада берілген: Қожа Ахмет Яссауи Жақып (Қылауыз) атаны жол бастаушым деп ризашылығын білдірген. Бұл лақап ат кереметіне, ілімі, біліміне риза болғандықтан берілген баға еді. Тағы бір деректерге сүйенсек, өз заманында Жақып (Қылауыз) ата бес жүз сарбаздан тұратын әскерді басқарып, жауға қарсы шыққаны жөнінде айтылады.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Қазалы қаласы ескі бөлігі, қала құрылыс кешені, ХІХ ғасырдың соңы - ХХ ғасырдың басы Ғанибай мешіті (қазіргі қалалық кітапхана)
2 / 5
Жент қалашығы, Х-ХV ғасырлар
3 / 5
Молқалан (Молла-Қалан) кесенесі, ХVІ ғасыр
4 / 5
Шірік-рабат қалашығы, б.з.д. V-ІІ ғ.ғ.
5 / 5
Құттыбай кесенесі, ХVІІІ-ХІХ ғасырлар

Ақпарат

    Записей не найдено.