Бесарық стансасындағы су қыспақты мұнара

Мекен жайы: Жаңақорған ауданы, Бесарық теміржол стансасы

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 21.08.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Бесарық стансасындағы су қыспақты мұнара,
1905 жыл

Тарих және мәдениет ескерткіштің бір түрі мұнаралар сәлет өнер тындысының ерекше бір үлгісі болып табылады. Сәулет өнерінде мұнаралардың алғашқы формасы қашан, қай уақытта салынғандығы белгісіз. Сонымен қатар, мұнаралар туралы ежелгі жазбаларда көптеп айтылады. Әлемнің жеті кереметінің біріне саналатын Александрия шамшырағының мұнарасы ежелгі дәуірлерде-ақ өзінің ерекше құрылысымен тарихта қалса, кейін Вавилон мұнарасы да көркемдік келбетімен тарих қойнауынан орын алды. Ежелгі сәулет өнерінде мұнаралардың көрініс табуы - грек аңыздары мен әр халықтардың ауыз әдебиеттерінде және жазба әдебиеттерде де көрініс тауып отырды. Мұның өзі мұнаралар тарихының тереңдігін көрсетсе керек. Әлемдік тәжірибиеде мұнаралардың типтік жүйесі ертеден қалыптасты.

Мұнара әртүрлі мақсаттарға салынды. Қай кезеңде болмасын мұнаралар тек жақсы мақсаттарға тұрғызылған. Мұнаралар азаматтық, әскери және табынушылық бағытта салынған сәулеттік құрылыс болып табылады. Сонымен қатар мұнаралар қалаларда төбеден бақылау мақсатында яғни өрттің алдын алу, вокзалдарда, әскери комиссарияттарда, су айдау жүйесінде, ортағасырларды обсервоторияларда аспан әлемін бақылау сияқты қызметтер атқарып отырған.

ХХ ғасырдың басында бумен жүретін паровоздарды сумен қамтамассыз ету үшін салынған мұнаралар болса, кейін халықты ауыз сумен қамтамассыз ету мақсатында пайдаланылған мұнаралар болды.

ХХ ғасырдың басында Орынбор – Ташкент темір жолын салудағы кешендік ғимараттарға жатады. Сыр бойында осындай 38 су қыспақты мұнара тұрғызылған. Қазіргі таңда бұлардың көбісі жұмыс жасап тұр. Сәулеттік үлгілері көпқырлы әр түрлі үлгіде салынған. Ресей сәулеттік үлгісінде салынған су қыспақты мұнаралар биіктігіне қарай, сыйымдылығына қарай да бөліп қарастыруға болады. Сыр бойындағы су қыспақты мұнаралар сәулеттік келбеті жағынан бір-бірінен ерекшеленгенімен негізгі құрылыстық формасы ұқсас келеді. Сыр бойы су қыспақты мұнараларының жоғарғы қабатында су сақтайтын орын болса, төменгі қабаты күйдірілген тікбұрыш форматты айшықталып қаланған қыштар, ал, жоғарғы қабаты ағаштан салынған болып келеді. Негізгі биіктіктері 15-28 метрді құрайды. Кейбір мұнаралардың жоғарғы маңдайшалы бөлігінде терезелер орналастырылған. Терезелердегі ұқсастықтар аркалы немесе ниша тәріздес болып келеді.

Жаңақорған ауданы Бесарық стансасында орналасқан су қыспақты мұнара теміржол вокзалы кешенінің құрамына кіреді. Орынбор-Ташкент теміржолын салу кезеңінде тұрғызылған. Құрылыс мерзімі 1905 жыл. Ескерткіш Бесарық теміржол стансасының қасында орналасқан. Мұнара жоспарында сегіз бұрышты, екі деңгейлі құрылымнан тұрады. Төменгі деңгейі тас блоктарынан салынды, ал жоғарғысы ағаштан. Кіреберіс оңтүстік жақтан ұйымдастырылған, аркалық конфигурациясы бар, ақ түспен боялған белдеумен ерекшеленген. Ағаштан жасалған жоғарғы бөлімі көлемі жағынан төменгіге қарағанда бірнеше есе үлкен.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Қорасан ата кесенесі
2 / 5
Сырлытам кесенесі
3 / 5
Айқожа кесенесі, ХҮІІІ-ХІХ ғасырлар
4 / 5
Асанас кесенесі
5 / 5
Сырлытам кесенесі, ХІІ-ХІІІ ғасырлар

Ақпарат

    Записей не найдено.