Теміржол вокзал ғимараты

Мекен жайы: Жаңақорған ауданы, Жаңақорған теміржол стансасы

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 21.08.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Теміржол вокзалы ғимараты 1905 ж.

(Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші)

 

Орынбор-Ташкент темір жолын салу ісі Николай ІІ патшаның 1901 жылдың 21 сәуірдегі бұйрығы негізінде қолға алынды. Орыс үкіметінің Орынбор-Ташкент темір жолын салудағы басты мақсаты Орталық Азия үшін Англиямен арадағы бәсекелестікте жеңіп шығу, өлкедегі арзан шикізат қорын Ресейге тасу, Түркістан өлкесіне тура шығу болды. Салынатын жолдың бүкіл желісі әкімшілік жағынан екі бөлікке бөлінді. Жолдың оңтүстік бөлігі (Ташкент – Көбек) Түркістан өлкесі Сырдария облысының аумағы бойынша, cолтүстік бөлігі (Орынбор – Көбек) Орынбор губерниясы, Торғай облысының және Орал облысы Темір уезінің аумағы бойынша өтетін болып белгіленді. Құрылыс Орынбор жағынан 10 мамырда, ал Ташкент жағынан 9 қарашада басталды. Бұған 70 млн. сом қаржы жұмсалды, 40-50 мың жергілікті тұрғындар жұмыс істеді. 1904 жылы 1 қаңтарда бүкіл Орынбор-Ташкент темір жолы бойынша пойыздардың уақытша жүрісі ашылды. Солтүстік бөлігі толық аяқталып, 1905 жылы 25 шілдеде, оңтүстік бөлігі 1906 жылы 1 сәуірде пайдалануға берілді. 1905 жылы 1 қаңтардан бастап Орынбор-Самара-Златоуст жолының телімі, ал 1906 жылы 22 шілдеден бастап Орта Азия жолының Ташкент станциясы Орынбор-Ташкент темір жолына қосылды. Соның нәтижесінде жаңа желінің жалпы ұзындығы ұлғайды. Бес ірі станса –Ақтөбе, Шалқар, Қазалы, Перовск (Қызылорда), Түркістан Қазақстанның Ресеймен және Орталық Азиямен байланыс торабына айналды. Жол басқармасы Орынбор қаласында болды. Орынбор-Ташкент темір жолы қазіргі кезде Қазақстанның оңтүстік және батыс аудандарын Орталық Азия республикаларымен, Ресеймен, Кавказ және Шығыс Еуропа елдерімен байланыстыратын негізгі темір жол желісі.

Вокзал ғимараты Орынбор-Ташкент темір жол құрылысын салу кезінде тұрғызылған. Вокзал ғимараты бірқабатты, іргетасы күйдірілген кірпіштен қаланған. Орынбор-Ташкент темір жолы 1901–1905 жылдары салынып, пайдалануға берілген. Жаңақорған теміржол стансасы, Жаңақорған ауданында орналасқан. Жоспарында Г-формалы болып келген. Негізгі қасбеті солтүстікке бағытталған. Қасбеттері сыланған және әк ерітіндісімен ақталған. Жоспар өлшемдері 39,6х11; 14х11 м.

 

 

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Қазалы қаласы ескі бөлігі, қала құрылыс кешені, Ғ.Мұратбаев музейі /Совдеп үйі/ ХІХ ғ. соңы-ХХ ғ. басы
2 / 5
Оқшы ата кесенесі
3 / 5
Жент қалашығы. Ү-ХҮІІ ғ. ғ.
4 / 5
Христос Спаситель шіркеуі
5 / 5
Қорасан ата кесенесі

Ақпарат

    Записей не найдено.