Қазалы қаласы ескі бөлігі, қала құрылыс кешені, ХІХ ғасырдың соңы-ХХ ғасырдың басы Ғанибай мешіті (қазіргі қалалық кітапхана)

Мекен жайы: Қазалы ауданы, № 7 мектептің ауласында Шаляпин көшесі, 17

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 25.07.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Ғанибай мешіті

Маңызы:

Республикалық маңызы бар тарихи-мәдени ескерткіш

 

Сипаттамасы:

Ғимарат жоспарында тікбұрышты, бір қабатты, солтүстік жағынан минарет жалғанған, ал солтүстік-шығысында айван орналасқан. Ғимарат аумағы қабырға арқылы екі болмеге намаз оқитын залға және вестибюльге бөлінген. Шатыры жабын қаңылтырмен жабылған. Едендері ағаштан жасалған, қабырғалары сыланып, әктелген. Ескерткіш тіктөртбұрышты күйдірілген кірпіштерден тұрғызылған, жоспарындағы аумақтық өлшемдері  27,0х14,0 м, минареттің биіктігі 21 м.

Тарихы:

1847 жылы Орынбор әскери губернаторы В.А.Обручев қазақ халқы мен Орта Азияда орыс ықпалын тарату үшін Сырдарияның төменгі саласындағы Райым шатқалынан №1 бекіністі салдырды. 1853 жылы В.А.Перовский №1 фортты Қазалы шатқалында салуға бұйрық берді. Яғни, Қазалы қаласының іргетасы осы жылдан қаланды. Қаланың бас жоспары жасалды. 1867 жылы Түркістан генерал–губернаторлығы құрылып, Қазалы қаласының №1 форт атауы өзгеріп, Сырдария облысының уездік Қазалы қаласы болып, осы генерал-губернаторлықтың құрамына кірді. Уезге Арал, Қазалы, Қармақшы аймағы бағындырылды. Қазалы қаласы уезд орталығы болғаннан кейін, мұнда сырттан көшіп келушілер көбейді. Себебі, Қазалы өңірі Сыр өзенінің бойында орналасқан көлі мен балығы көп, бір жағы Қызылқұм, біржағы Қарақұм, солтүстігінде Арал теңізі, байлығы мол  жер еді. Осыны жақсы түсінген, байлыққа қызыққан орыс, еврей, Бұхар, Хиуа саудагерлері Қазалыға біржола көшті. Алғашқы орыс саудагерлері Деев және Путаловтар болатын. Содан соң Қазан татары ағайынды Ахмет және Ғани Ғалиұлы Хусайыновтар келді.Ғанибай архив деректері бойынша 1894 жылы үйінің жанынан мешіт салдыртады. Бұл мешіт Ғанибайдың мешіті деп аталады. (Қазіргі уақытта бұл ғимаратта Қазалы қалалық кітапханасы орналасқан). Бұрын түрлі мақсаттарға пайдаланылған. 1900 жылдың 2-желтоқсанында ескі Қазалы қаласында Сыр бойындағы ең алғашқы кітапхана оқырмандарға есігін айқара ашты. Осы орайда Ресейден жер аударылып, қазақ даласында жүрген орыстың социал-демократтары көмекке келді. Кітапхана  қорына қолда бар әдебиеттерін беріп, қазақ жастарының ұйымдасып ойын–сауық қоюына, одан түскен қаржыға  кітаптар сатып алуына мұрындық болды.  Кітапхананың қазақ халқы үшін  таптырмас білім көзі екенін түсінген қазақ зиялылары кітапхана қорын толықтыруға  өзіндік үлестерін қоса бастады. Сөйтіп, алғашқы жылы 437 дана кітап қорымен Қазалы кітапханасы өз оқырмандарын  қабылдады. Сол жылдарда кітапхананың тұрақты 113 оқырманы болды. Орта Азияға сапар шеккен атақты саяхатшы П.П.Семенов-Тянь-Шаньский де Қазалы қаласында болып кітапхана жұмысын жақсарту туралы  кітапханашыларға ақыл-кеңес беріп, өзінің жеке кітапханасынан 200-дей кітапты қолтаңбасымен сыйға  тартқан. Бұл кітаптар әлі күнге қалалық М.Горький атындағы кітапхананың  жанынан ұйымдастырылған «Алтын қор» мұражайында сақтаулы.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Қазалы қаласы ескі бөлігі, қала құрылыс кешені, ХІХ ғасырдың соңы-ХХ ғасырдың басы, Ғанибай үйі
2 / 5
Қожан қожа мазары
3 / 5
Айқожа кесенесі, ХҮІІІ-ХІХ ғасырлар
4 / 5
Жетіасар мәдениеті ескерткіштері (23 нысан) б.э.д. І ғ.-ҮІІІ ғ. басы.
5 / 5
Бәбіш-Мола ескерткіштер кешені

Ақпарат

    Записей не найдено.