Теміржолшылар клубы ғимараты (бұрынғы шіркеу)

Мекен жайы: Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Әйтеке би көшесі, 1

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 25.07.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Теміржолшылар клубы ғимараты (бұрынғы шіркеу).

Маңызы:

Республикалық маңызы бар тарихи-мәдени ескерткіш

1904 жыл

Қазалы темiржол вокзал үйi ХХ – ғасырдың басында салынған архитектуралық ескерткiш.

  Ғимарат Ташкент- Орынбор теміржолын салу кезінде тұрғызылған. Орынбор-Ташкент темір жолы– 1901 – 1905 жылдары салынып, пайдалануға берілген. Жалпы ұзындығы 2090 км, оның ішінде қазақ жері арқылы өтетін бөлігі 1660 км. Орынбор-Ташкент темір жолын салу ісі Николай ІІ патшаның 1901 жылдың 21 сәуірдегі бұйрығы негізінде қолға алынды. Орыс үкіметінің Орынбор-Ташкент темір жолын салудағы басты мақсаты Ортадық Азия үшін Англиямен арадағы бәсекелестікте жеңіп шығу, өлкедегі арзан шикізат қорын Ресейге тасу, Түркістан өлкесіне тура шығу болды. Салынатын жолдың бүкіл желісі әкімшілік жағынан екі бөлікке бөлінді. Жолдың оңтүстік бөлігі (Ташкент – Көбек) Түркістан өлкесі Сырдария облысының аумағы бойынша, cолтүстік бөлігі (Орынбор – Көбек) Орынбор губерниясы, Торғай облысының және Орал облысы Темір уезінің аумағы бойынша өтетін болып белгіленді. Құрылыс Орынбор жағынан 10 мамырда, ал Ташкент жағынан 9 қарашада басталды. Бұған 70 млн. сом қаржы жұмсалды, 40-50 мың жергілікті тұрғындар жұмыс істеді. 1904 жылы 1 қаңтарда бүкіл Орынбор-Ташкент темір жолы бойынша поездардың уақытша жүрісі ашылды. Солтүстік бөлігі толық аяқталып, 1905 жылы 25 шілдеде, оңтүстік бөлігі 1906 жылы 1 сәуірде пайдалануға берілді. 1905 жылы 1 қаңтардан бастап Орынбор – Самара – Златоуст жолының телімі, ал 1906 жылы 22 шілдеден бастап Орта Азия жолының Ташкент станциясы Орынбор-Ташкент темір жолына қосылды. Соның нәтижесінде жаңа желінің жалпы ұзындығы ұлғайды. Бес ірі станса –Ақтөбе, Шалқар, Қазалы, Перовск (Қызылорда), Түркістан Қазақстанның Ресеймен және Орталық Азиямен байланыс торабына айналды. Жол басқармасы Орынбор қаласында болды. Орынбор-Ташкент темір жолы қазіргі кезде Қазақстанның оңтүстік және батыс аудандарын Ортадық Азия республикаларымен, Ресеймен, Кавказ және Шығыс Еуропа елдерімен байланыстыратын негізгі темір жол желісі.

  Қазалы темiржол вокзал ғимараты ХХ – ғасырдың басында салынған архитектуралық ескерткiш.Орынбор – Ташкент темiржол құрылысымен қатар бой көтерген вокзалдың iргесi (фундаментi) Ақирек тауынан қашалып, нөмiрленiп, дайындалған түйе керуенiмен тасылған тастардан қаланған.Ғимарат тікбұрышты күйдірілген кірпіштерден тұрғызылған, төбе жабынының құрылымы, жабынды арқалығы, едендері, терезе кәсектері, есіктері ағаштан  істелген, шатыры темір қаңылтырмен жабылған. Ғимарат жоспарында тікбұрышты (80,0х16,0м) қарсы жағының қасбеті үш биік ризолиттен тұрады. Вокзал ірі тораптық стансада орналасқандықтан қайта жоспарланған. Кіші стансалардағы вокзалдармен салыстырғанда, бұл ғимараттың орталық бөлігін тамбурлы вестибюль алып жатыр, дәліздер арқылы онымен екі күту залы жалғасқан, ғимараттың төменгі бөлігінде қызметтік және қосалқы бөлмелер орналасқан. Ішкі жағы сыланып әктелген.

 

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Айқожа кесенесі, ХҮІІІ-ХІХ ғасырлар
2 / 5
Қазалы қаласының ескі бөлігі, қала құрылыс кешені. ХІХғ. Соңы-ХХғ. басы Ноғай (Нұралы) мешіті
3 / 5
Қазалы қаласы ескі бөлігі, қала құрылыс кешені, Ғ.Мұратбаев музейі /Совдеп үйі/ ХІХ ғ. соңы-ХХ ғ. басы
4 / 5
Жетіасар мәдениеті ескерткіштері (23 нысан) б.э.д. І ғ.-ҮІІІ ғ. басы.
5 / 5
Жанкент (Янгикент) қалашығы,

Ақпарат

    Записей не найдено.