Қарасопы кесенесі, ХVІІІ-ХІХ ғасырлар

Мекен жайы: Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кентінен оңтүстікке қарай 5 км.

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 28.07.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Мәртебесі: Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші.

Кесене тарихы

         Қарасопы кесенесі-Сырдарияның төменгі ағысындағы көрнекті монументальді ескерткіш. Кесене күйдірілген кірпіштен қаланған. Негізгі фасады оңтүстік-батысқа қарай бағытталып, портал түрінде безендірілген. Қасбетінің негізі оңтүстік-батысқа қарай қаратылып, портал түрінде жабдықталған. Кесененің сегіз айқышты, қас бетінің үсті негізгі қабырғадан биік өріліп, күмбезі, қабырға карниздері де өрнектелген. Жобадағы өлшемі 14х9 метр, биіктігі-9 м, үстінде 8 айшығы бар, шағын екі бөлмеден тұрады. Қабір жатқан бөлменің аумағы 12,34 х 8,70 м, қосалқы бөлме аумағы 6,50 х            5 м .Есігі құбылаға қараған.

 

Өмірдерегі

            Қарасопы Айқожа ишанның шәкірті, әулие кісі болған. Айқожа ишан Қарасопыны көзінің тірісінде Қаражан деп атаған Желдей есіп жылдам жүретін Қарасопыны Айқожа ишан алыс-шалғайдағы халық арасына дінді уағыздауға және дау-дамайға төрелік жасауға жұмсап отырған. Айқожа ишан Ауғанстанда білім алып келген соң қазіргі Жаңақорған кентінің оңтүстік жағындағы он шақырымдай жердегі Қарасопы төңірегін мекен етеді, мешіт-медресе ашып ислам дінін насихаттайды. Айқожа ишанның 11 баласының бәрі де білімдар болған. Соның бірі – Мамырайым шайх Қоңырат Алты Атаның пірі атанған. Кейіннен осы жерге ағайынды Мамырайым шайх пен Ыбырайым шайхқа арнап Қоңырат Алты Ата рулары күмбезді кесене салған Бірқатар басылымдарда Айқожа ишанның баласы Мамырайым шайх пен Ыбырайым шайхтың басына тұрғызылған күмбезді кесенені Қарасопының кесенесі деп осы кезге дейін жаңылыс жазылған. Өткен ғасырдың 30 жылдарындағы діннің аяғын тұсап, қожа-молдалардың соңына шырақ алып түскен қуғын-сүргіннің кезінде, тіпті 1937-1938 жылдары Айқожа ишанның ұрпақтарының алды атылып, соңы түрмеге қамалып жатқан кезде ишанның ұрпақтары күмбезді кесенені Мамырайым шайх пен Ыбырайым шайхтың кесенесі деп айтуға қорқып, «баяғыда өмірден өткен Қарасопының кесенесі» дей салған. Қарасопы дүниеден өткеннен соң оның мәйіті Айқожа ишанның ескі жұртына қойылады. Бұл мазар қазіргі Кейден ауылының солтүстік-батыс жағындағы дарияға жақын жерде. Басына төрт құлақ қарапайым кесене тұрғызылған. Оның қасындағы Қарасопы кесенесі деп келген күмбезді кесене – Айқожа ишанның балалары Мамырайым шайх пен Ыбырайым шайхтың кесенесі. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының тарихи және мәдени ескерткіштерінің «Қызылорда облысы» бойынша жинағындағы «Қарасопы кесенесі» деген мақалада: «Кесене Қарасопы деп аталғанымен, бұл жерде Айқожа ишанның балалары Мамырайым шайх пен Ыбырайым шайх жерленген, ал Қарасопының өзі кесененің алдында тұрған қарапайым қоршауда жерленген» деп анық жазылған. Күмбезді кесененің үлкен бөлмесінде (қима суретінде) екі қабір жатқандығы көрсетілген. Сол қабірдің біріне – «Айқожаұлы Мамырайым шайх» деп, екіншісіне – «Айқожаұлы Ыбырайым шайх» деп жазылған екі көктас қойылған. Ескерткіш 1982 жылы мемлекеттік қорғауға алынған. Бүгінгі күні аталған ескерткіш республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштер санатында. Сонымен қатар, елбасымыздың «Болашаққа бағдар:рухани жаңығру» мақаласына аясында жалпыұлттық қасиетті орындар тізіміне енгізілген болатын.

 Қызылорда облысының тарихи-мәдени мұра объектілерінің 3D форматтағы интерактивті картасына кесене туралы ақпарат енгізіліп, QR-код тақтайшасы орнатылған.

 

 

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ы. Жақаев мүсіні, 1975 жыл
2 / 5
Бақатам кесенесі, ХІХ ғасыр
3 / 5
Сығанақ қалашығы. Х-ХVІІІ ғасырлар
4 / 5
Баланды ІІ кесенесі. б.з.д. VІ-ІІ ғасырлар
5 / 5
Шіркеу, қазіргі - теміржолшылар клубы ғимараты, 1904 жыл

Ақпарат

    Записей не найдено.