Қожан қожа мазары

Мекен жайы: Сырдария ауданы, Айдарлы ауылынан солтүстікке қарай 10 шақырым

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 25.09.2018

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Қожан қожа мазары,
ХVІІІ ғасыр

Маңызы:

Республикалық маңызы бар тарихи-мәдени ескерткіш

Қожан қожа (руы қожа қорасан) – әйгілі Қорасан атаның ұрпағы. Аңыз бойынша, кесенені қарақалпақтар, әулиенің шешесі жағынан туыстары салған. Ескерткіш көптеген мемориалды ескерткіштер-қам кесектерден тұрғызылған қабір  үсті ескерткіштерінен, қоршаулардан, сондай-ақ кесенелерден тұратын үлкен қорымда орналасқан. Кесененің алдында аймақтағы жер өңдеу мәдениетінің жоғары деңгейде болғандығын көрсететін көне канал бар. Кесене шаршы пішінді кірпіштерден (24/25х24/25х5 см, 10 қатар+10 жым=0,70 м) тұрғызылған, жоспарындағы өлшемі-6,20х7,75 м, биіктігі-5,40 м. кесене-айванды-күмбезді. Кіреберісі екі қабырға түріндегі айван іспетті, үсті сырықты-кірпішті жабындымен жабылған. Айван жоспарында шаршы пішінді болып келген негізгі аумақтың қабырғасына (ағаш есікті кіреберіс ойығы бар) оңтүстік-батыстан жалғасқан. Кесененің негізгі аумағы күмбез асты барабанында тұрған күмбезбен көмкерілген. Барабан жоспарында бұрыштары дөңгеленіп келген шаршы тәрізді болып келген. Оның жоғарғы қиығы күмбез негізінен кеңдеу болып келген: соның салдарынан кертпішті сұлба құралған. Күмбездің өзі пирамида іспетті, төменгі бөлігі бір-бірінен алшақ тұрған, қаландыдан шығыңқы кірпіштер қатарынан тұрады. Кесене камерасы жоспарында шаршы пішінді болып келген, шаршы негізінен күмбезге дейінгі өтпелік шамамен кіреберіс ойықтың жоғарғы жағынан басталатын қатарлардан тұрады. Ішкі жағынан сыланбағандықтан, шаршы пішіннен дөңгелек пішінге өту анық байқалады. Солтүстік-батыс қабырғада, адам бойындай биіктікте кішкентай қуыс салынған. Кесененің сырты да, іші де сыланбаған, тек айванның ішкі қабырғалары ғана салынған. Қабірханада солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай үш сағана бар. Қожан қожа қабір үсті ескерткіші солардың ең үлкені, ол камераның түкпірінде орналасқан, одан әрі қарай оның ұлдары Қылыш және Қожакеленнің қабірлері, оңтүстік-шығыс қабырғаның жанына Болат қожаның басы жерленген.

 Қожан қожа туралы деректер

 Қабірханада солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай бағытталып орналасқан үш сағана бар. Қожан қожа қабір үсті ескерткіші солардың ең үлкені, ол камераның түкпірінде орналасқан, одан әрі қарай оның ұлдары Қылыш және Қожакеленнің қабірлері, оңтүстік-шығыс қабырғаның жанына Болат қожаның басы жерленген. Аңыздың басқа нұсқасында Қожан қожа мен Қылыш қожа егіз болған, оларды қылышпен айырып алған, содан Қылыш есімі шыққан. Кесенеден бір жарым метр жерде тағы бір сағана орналасқан, онда Қожан қожаның кіші ұлы Сейіт батыр жатыр. Қожан қожа (руы қожа қорасан) – әйгілі Қорасан атаның ұрпағы. Аңыз бойынша, кесенені қарақалпақтар, әулиенің шешесі жағынан туыстары салған.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Молқалан (Молла-Қалан) кесенесі, ХҮІ ғасыр
2 / 5
Сараман-Қоса (Сарман-Қожа) мұнарасы, Х-ХІ ғасыр
3 / 5
Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ы. Жақаев мүсіні
4 / 5
Асанас кесенесі
5 / 5
Баланды ІІ кесенесі. б.э.д. ҮІ-ІІ ғ.ғ.

Ақпарат

    Записей не найдено.