Оқшы ата кесенесі

Мекен жайы: Шиелі ауданы, Бәйгеқұм ауылынан шығысқа қарай 5 шақырым

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 26.09.2018

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Оқшы ата кесенесі
ХІ ғасыр

Маңызы:

Республикалық маңызы бар тарихи-мәдени ескерткіш

Оқшы Ата мазары – көне архитектуралық ескерткіш. Мазарға жерленген кісінің аты Ибраһим шайхы. Лақап аты – Көгентүп, Оқшы ата – кейін ел қойған есімі. Кезінде бұл аймақта үлкен шаһар болса, мазардың тұрған жері көне қорым. Архитектуралық жәдігер тарихы 9-10 ғасырлардан бастау алып, белгі 15-16 ғасырларда салынса керек. Баба мазары жөнінде мәліметтер В. Каллаур, И. Кастанье, А. Ниязов, Ә.Қоңыратбаев, т.б. еңбектерінде сақталған. Мазардың ұзындығы-7,15м, ені-7,10м, маңдайшасының биіктігі-4,80 м, қабырғасының биіктігі- 3,30 м, күмбез биіктігі- 3,35 м.Оқшы ата жөнінде ел ішінде аңыз әңгімелер көп. Оқшы атаның аты Ыбырайым десе, бір деректе  Көгентүп делінеді. Бұл жерде Оқшы атамен бірге Асан ата, Есабыз, Ғайып ата, Қыш ата, Досбол датқа, Бала би сияқты ел ардақтылары орналасқан. Қорқыт ата кітабында,  Оқшы ата ежелгі Бестам қаласында қару-жарақ шығаратын ұстахананың пірі, Қазан ханның батыры болған деген де дерек бар.

Аңызы:

  Оқшы ата туралы деректердің бірінде ол кісінің шын есімін біреу Көгентүп десе, екіншісі Ибраһим дейді. Тағы бір деректерде азан шақырып қойған аты – Ибраһим, лақап есімі Көген­түп делінсе, халықтың қойған аты Оқшы болған деседі. Белгілі зерттеуші Әуелбек Қоңыратбаевтың айтуынша, ол кісі оқ, қару жасаған оғыз батыры деп көрсетіл­ген. 

Оқшы атамыз жас кезінде жетімдіктің ащы дәмін татып, күндердің күнінде бір шал мен кемпірге өкіл бала болады. Кей­біреулер секілді пендешілікке бой алдыр­май, пәни дүниеде талайға өнеге көрсетіп, Алланың жердегі тұрағы саналатын мешіт үйін салып, ағайын-туысты ислам дініне шақырған. Осындай күндердің бірінде ол асырап алған ата-анасынан Түркістан төріндегі Қожа Ахмет Ясауиге сәлем беріп қайтуға сұранады. Сол заманда Ақмешіт ханы елдің арасынан са­лық жинаумен қатар, кезекпен әр жұрт­тан бір қыздан алып келуді талап еткен екен. Ата-анасы Оқшы атамызға осыны айтып:
– Балам-ау, сен кеткенде қарындасың­ды хан алып кетсе, біздің күніміз не бола­ды? – дейді. Сонда еш абыржымай, сөз ал­ған ол кісі:
 – Менің атымды үш мәрте айқайлап айт­саңыз болды, заматында осы жерге келе­мін, – дейді.          
Айтқандай, ханға алым-салық жинап беретін межелі күн де келіп жетеді. Нөкер­лер Оқшы ата тұратын қонысқа келеді. Оны асырап алған әкесі дәл осы кезде ол кісінің атын үш мәрте айқайлап айтады. Елдің үрейін алған нөкерлерімен бірге жет­кен хан аттың үстінен ауып, жерге құ­лап түседі. Әркім «ханның көзін мен құрт­тым»  деп даурығып жатады.
– Халайық, бостан-босқа даурыға бермейік, ханды кімнің атқанын жүрегіне қадалған арпаның қылтығынан аңғаруға болады. Егер оның көзін мен құртқан бол­сам, оның жүрегінде арпаның қылтығы тұруы тиіс, – дейді Оқшы ата. Расында да, дәл солай болып шыққан. Жергілікті жұрт Көгентүп есімді жігіттің тегін адам емес екенін ұғынып, оған құрмет көрсетеді.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Қазалы қаласы ескі бөлігі, қала құрылыс кешені, Ғ.Мұратбаев музейі /Совдеп үйі/ ХІХ ғ. соңы-ХХ ғ. басы
2 / 5
Сараман-Қоса (Сарман-Қожа) мұнарасы, Х-ХІ ғасыр
3 / 5
Теміржолшылар клубы ғимараты (бұрынғы шіркеу)
4 / 5
Баланды ІІ кесенесі. б.э.д. ҮІ-ІІ ғ.ғ.
5 / 5
Бақатам кесенесі

Ақпарат

    Записей не найдено.