Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ы. Жақаев мүсіні

Мекен жайы: Қызылорда қаласы, Ы. Жақаев көшесі, н/з.

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 25.07.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ы. Жақаев мүсіні, 1975 жыл

Маңызы:

Республикалық маңызы бар тарихи-мәдени ескерткіш

Ыбырай Жақаев - екі мәрте Социалистік Еңбек Ері (1949, 1971), күріш өсіруші, социалистік егін шаруашылығының даңқты шебері, колхоз құрылысының ардагері, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1946). 1891 жылы қазіргі Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Қызылту ауылында туған.

1929-1967 жылға дейін Қызылорда облысының Шиелі ауданына қарасты "Қызылту" (қазіргі Ы.Жақаев атындағы) колхозында күріш звеносының жетекшісі болып еңбек етті. Ұлы Отан соғысы жылдары (1941-1945) Отан қорғау қорына арнап танк колоннасын жасауға 150 мың сом қаржы берді. 1944 жылы күріштің әр гектарынан 110ц, 1945 жылы 156 ц күріш алса, 1947 жылы өзіне бекітіліп берілген тәжірибе учаскесінің (5 га) әр гектарынан 172 ц өнім алып, дүниежүзілік рекорд жасады. 1948-1957 жылдары аралығында 20 га жердің әр гектарынан 150-170 ц тұрақты өнім алып келді. Жақаев бірінші болып күріш егісін жоңышқа атызына орналастырды. Тұқымды себу алдында күнге қыздыру, көң мен суперфосфат ерітіндісіне бөктіріп, бүршіктендіріп себу, қамыс және күрмек арамшөптерімен күресу, күріш егісіне тыңайтқыш енгізу мөлшері мен мерзімін дұрыс анықтау сияқты агротехника шараларды өндіріске енгізді. Бұл технологиялық әдістер “Жақаев агротехникасы” деп аталды. 1964 жылдың ақпанында Қазақстанның жас егіншілеріне "Жастар, сендерді ақ күрішті алқаптар күтуде" деген үндеу тастады. Бұдан кейін республикада Жақаевшылар қозғалысы кеңінен өрістеді. Жақаевтың мыңдаған ізбасарлары болды. Қызылорда облысында күріштен мол өнім алған күрішшілерге тапсырылатын "Ыбырай Жақаевтың еңбек аттестаты" белгіленген. Шиелі ауданының Ы.Жақаев атындағы колхозында күрішшілердің республикалық "Жақаевшылар мектебі" жұмыс істеді. 1-4-ші сайланған ҚазССР Жоғарғы Советінің депутаты болды. 1947-1955 жылдары - ҚазССР Жоғарғы Советі Президиумының мүшесі болған. Сонымен қоса, 4 мәрте Ленин ордені, Еңбек Қызыл Ту ордені, 2 мәрте Социалистік Еңбек Ері (1949, 1971), Халықтар достығы ордені, Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы және Бүкілодақтық халық шаруашылығы жетістіктері көрмелерінің алтын медальдарын иемденді. Қызылорда облысының Шиелі ауданындағы бұрынғы “Қызыл Ту” ұжымшары, орта мектеп, Қызылорда қаласындағы көше, облыс емдеу-сауықтыру профилакторийі Жақаев есімімен аталады. 1982 жылы Шиелі ауданындағы Жақаев атында күріш өсіру тарихи мұражайы ашылған. Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ы. Жақаевтың құрметіне Қызылорда қаласында Ы.Жақаев көшесінде 1975 жылы бюст орнатылды. Авторлары Мәскеу қаласынан мүсінші А.Пекарев, сәулетшілер А.Борецкий, К.Кульбашев. Бюст қоладан құйылып, қызыл түсті граниттен тұрғызылған тұғырға орнатылған. Кеуде мүсін мен гранит кесектері Мытищи көркем құю зауытында орындалған. Бюсттің көлемі 0,78х0,92 метр, биіктігі 4,5 метр. Бүгінгі күні бюст мемлекет қорғауына алынған, республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген.

 

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Айтбай мешіті
2 / 5
Қазалы қаласы ескі бөлігі, қала құрылыс кешені, Ғ.Мұратбаев музейі /Совдеп үйі/ ХІХ ғ. соңы-ХХ ғ. басы
3 / 5
Сырлытам кесенесі, ХІІ-ХІІІ ғасырлар
4 / 5
Қазалы қаласының ескі бөлігі, қала құрылыс кешені. ХІХғ. Соңы-ХХғ. басы Ноғай (Нұралы) мешіті
5 / 5
Сауысқандық петроглифтері

Ақпарат

    Записей не найдено.