Рухани жаңғыру бағдарлама аясындағы атқарылған жұмыстар

Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру бағдарламасы

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасы аясында 2018 жылы мекеме тарапынан екі жоба жүзеге асырылды:

1.  «Ертедегі және ортағасырлық қалашықтарға археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізу» кіші жобасы. Атап айтсақ, ағымдағы жылы облыстық бюджет есебінен өңіріміздегі ортағасырлық Сығанақ, Жанкент, Қышқала, Сортөбе және ежелгі Бәбіш мола қалашықтарына археологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілді. Қалашықтардағы қазба жұмыстары толық аяқталды. 

2. «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау аймақтарының, құрылыс салуды реттеу аймақтары мен қорғалатын табиғат ландшафты аймақтарының шекараларын белгілеу» кіші жобасы. Тарих және мәдениет ескерткіштерінің қорғау аймақтарын белгілеу жұмыстары аясында Жаңақорған ауданындағы Өзгент қалашығы және Төлегетай-Қылышта ата кешенді мазарының қорғау аймағы белгіленді.

Фотобаян

1 / 5
Сараман-Қоса (Сарман-Қожа) мұнарасы, Х-ХІ ғасыр
2 / 5
Қазалы қаласының ескі бөлігі, қала құрылыс кешені. ХІХғ. Соңы-ХХғ. басы Ноғай (Нұралы) мешіті
3 / 5
Сырлытам кесенесі, ХІІ-ХІІІ ғасырлар
4 / 5
Оқшы ата кесенесі
5 / 5
Сауысқандық петроглифтері

Ақпарат

    Записей не найдено.