Мекеме құрылымы

Мекеме құрылымы

 

Қызылорда облыстық тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Мекеме директоры Көзейбаев Сапар Алиясқарұлы

Мекеменің мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 120001, Қызылорда қаласы, И. Тоқтыбаев-2 тұйығы, ғимарат 1

Байланыс телефондары: тел: 8 (7242) 27-86-84, 8 (7242) 26-41-93

Эл.пошта: ohranakzl@mail.ru

Жұмыс уақыты: 9:00 – 19:00

Түскі үзіліс: 13:00 – 15:00

 

Мекеме Қазақстан Республикасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы» Заңына сәйкес төмендегідей қызметтерді жүзеге асырады:

- тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтауды, есепке алуды, қорғауды, пайдалануды және тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етеді;

- тиiстi аумақтардың экономикалық және әлеуметтiк даму жоспарларында жергiлiктi маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін есепке алуды, қорғауды және оларда ғылыми-реставрациялау жұмыстарын ұйымдастыру жөнiндегi iс-шараларды көздейдi;

- мемлекет меншігі болып табылатын, жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беру туралы мәселені шешеді;

- уәкiлеттi органмен келiсе отырып, қалаларды және басқа да елдi мекендердi жоспарлау, салу және қайта құру жобаларын әзiрлеу және бекiту кезiнде барлық санаттағы тарих және мәдениет ескерткiштерiн анықтау, зерделеу, сақтау жөнiндегi iс-шаралардың орындалуын, тарихи-сәулет тiрек жоспарларын және карта-схемаларды жасауды қамтамасыз етедi;

- тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау мiндеттемелерiн ресiмдейдi және оларды меншiк иелерi мен пайдаланушылардың орындауын бақылайды;

- Қазақстан Республикасының тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау және пайдалану туралы заңдарын бұзған жеке және заңды тұлғаларды жауапкершiлiкке тарту туралы өтiнiш жасайды;

- облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi өкiлдi органына тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау жөнiнде комиссиялар құру туралы ұсыныстар енгізедi;

- тарихи-мәдени мұра объектiлерiн анықтау, есепке алу, қорғау жөнiнде жұмыс жүргiзедi;

- монументті өнердің жаңа құрылыстарын орнату жөніндегі жұмысты жүргізеді;

- мемориалдық тақта орнату жөніндегі жұмысты жүргізеді;

- тарих және мәдениет ескерткiштерi мен оларды қорғау аймақтары бойынша жұмыстардың барлық түрлерiне ғылыми-жобалық құжаттаманы, жоспарлау, салу және қайта жөндеу жобаларын қарайды және келiседi;

- мүдделi мемлекеттiк органдармен келiсе отырып, тарих және мәдениет ескерткiштерi мен тарих және мәдениет ескерткiштерiмен байланысты қоршаған орта объектiлерiн қорғау мен пайдалануды жүзеге асырады;

- тиісті аумақтарда жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің пайдаланылу және күтіп-ұстау тәртібін, сондай-ақ оларда археологиялық және ғылыми-реставрациялау жұмыстарының орындалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

- тарих және мәдениет ескерткіштерінің меншік иелеріне және пайдаланушыларына олардың осы Заңды бұзғаны туралы нұсқамалар береді;

- Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негіздерде және тәртіппен әкімшілік ықпал етудің өзге де шараларын қолданады;

- жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;

- тарихи-мәдени мұра объектiлерiн жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерi деп таниды және тарихи-мәдени сараптама қорытындысының негізінде жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне қосады;

- жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткішін мәртебесінен айырады және тарихи-мәдени сараптама қорытындысының және осы Заңның 5-бабының бесінші бөлігі талаптарының негізінде жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінен шығарып тастайды.

Қызылорда облыстық тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесі

1992 жылы – «Тарихи мұраларды қорғау, қайта қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі облыстық мемлекеттік инспекциясы». /Негіз: облыс әкімінің 1992 жылғы 25 қарашадағы № 104 шешімі/ Штат 3 адам

2002 жылы - облыстық тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі болып қайта құрылады. /Негіз: облыс әкімінің 2002 жылғы 19 маусымдағы № 266 қаулысы/ Штат бірлігі 15 адам

2010 жылдың 1 ақпанынан қосымша 4 штат бірліктері қарастырылып, «Тарих және археология» бөлімі ашылды. /Негіз: 2009 жылдың желтоқсанындағы Қызылорда облыстық мәслихатының №192 шешімі/

2015 жылы қосымша 7 штат бірліктері бөлініп, «тарихи-мәдени мұраларды қорғау» және «археология және ғылыми зерттеу» бөлімдері болып қайта құрылды. Қазіргі таңда мекемеде барлығы 24,5 штат бірліктері қамтылған.

Әкімшілік бөлім

 

Директор - С.Козейбаев,              

бас бухгалтер - Ж.Махамбетова,

 бас инспектор - А.Мусагулова,

инспектор - З.Сыздыкова,

программист - М.Серікбаева

 

Тарихи-мәдени мұраларды

қорғау бөлімі

 

Бөлім меңгерушісі–Т.Бердиев

Аға ғылыми қызметкер-А.Ескалиев

Ғылыми қызметкер-Г.Бахрамова

Инспектор-Б.Омар, А.Койшигулова

 

Археология және ғылыми зерттеу бөлімі

 

Бөлім меңгеруші-Г.Садыков

Археолог-Е.Елеуов

Археолог-М.Ештаев

Инспектор-Д.Кәрісбеков

Инспектор-М.Коспаева

Фотобаян

1 / 5
Баланды ІІ кесенесі. б.э.д. ҮІ-ІІ ғ.ғ.
2 / 5
Жанкент (Янгикент) қалашығы,
3 / 5
Қазалы қаласы ескі бөлігі, қала құрылыс кешені, ХІХ ғасырдың соңы-ХХ ғасырдың басы Ғанибай мешіті (қазіргі қалалық кітапхана)
4 / 5
Айқожа кесенесі, ХҮІІІ-ХІХ ғасырлар
5 / 5
Сығанақ қалашығы. ҮІ-ХІХғ.ғ.