Құрметті сайт қолданушылары!

«Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Қызылорда облыстық тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ресми интернет ресурсына қош келдіңіздер!

Мекеме Қызылорда облысы әкімінің 1992 жылғы 25 қарашадағы №104 шешімімен тарихи мұраларды қорғау, қайта қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі облыстық мемлекеттік инспекциясы болып ашылған. 
Облыс әкімінің 2002 жылғы 19 маусымдағы №266 қаулысымен облыстық тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі болып қайта құрылды.
Облыс көлемінде 545 тарих және мәдениет ескерткіші мемлекет қорғауына алынған, оның ішінде 30 республикалық, 257 жергілікті маңызы бар және 258 ескерткіш алдын-ала есепке алынған тарихи-мәдени мұра объектілерінің тізіміне алынған.
Мекеме Қазақстан Республикасының «Мәдениет», «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы» Заңдарын басшылыққа ала отырып, тарихи-мәдени объектілерін қорғау, сақтау, пайдалану, анықтау, зерттеу, насихаттау, ескерткіштер мәртебесін белгілеу, оларды құртып жоюдан, қиратудан, бұрмалаудан, орынсыз өзгерістер енгізуден, тарихи орынынан алып тастаудан қорғауды қамтамасыз етеді. 
Өңірдегі ескерткіштерді есепке алу, сақтау және оларды қорғау бағытындағы жұмыстарды үйлестіру, нақты шешімдер шығару, жаңадан ескерткіштер мен мүсіндерді орнатуды ұйымдастыру мақсатында облыс әкімі орынбасарының төрағалығымен Облыста жаңа ескерткіштерді орнатуды реттеу және тарихи-мәдени мұра обьектілерін тарих және мәдениет ескерткіштері деп тану, сондай-ақ оларды мәртебесінен айыру туралы қорытынды әзірлейтін облыстық комиссия жұмыс жасайды. 
Сонымен қатар, облыс әкімінің төрағалығымен Қызылорда облысының тарихи-мәдени мұраларын қорғау және пайдалану жөніндегі ғылыми-әдістемелік Кеңес тұрақты түрде жылына бір рет өтеді.

Фотобаян

1 / 5
Молқалан (Молла-Қалан) кесенесі, ХҮІ ғасыр
2 / 5
Баланды ІІ кесенесі. б.э.д. ҮІ-ІІ ғ.ғ.
3 / 5
Құттыбай кесенесі, ХҮІІІ-ХІХ ғасырлар
4 / 5
Сауысқандық петроглифтері
5 / 5
Теміржолшылар клубы ғимараты (бұрынғы шіркеу)

Ақпарат

    Записей не найдено.