Мекеменің есебі
Қызылорда облыстық тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2019 жылы атқарған жұмыстарының есебі
Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 19.05.2020
Жалпы ақпарат:
Қызылорда облыстық тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2019 жылы атқарған жұмыстарының есебі
Ғасырлар бойы жиналған құнды қазынамыз бен ұлттық мұрамызды зерттеп, бағыт-бағдарларын саралап, оны еліміз бен халықаралық деңгейде насихаттап, таныту бағытында біршама жұмыстар атқарылды.
Мекеме «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі Заңын және одан туындайтын қағидаларды басшылыққа ала отырып, тарихи-мәдени мұра нысандарының зерттелуін, анықталуын, оларды есепке алуын, сақталуын, пайдалануын, насихатталуын және қалпына келтіру шараларын жүзеге асырады.
Мекемеде барлығы: 24,5 штаттық бірлікте 24 қызметкер жұмыс жасайды (директор-1, бас есепші-1, бөлім меңгерушісі-2, аға ғылыми қызметкер-1, ғылыми қызметкер-1, археолог -2, бас инспектор-1, инспектор -4, бағдарламашы-1, шаруашылық меңгерушісі-1, қарауыл-3, еден жуушы-3, электрик -1, аула тазалаушы -1, сантехник -0,5, көлік жүргізуші -1) Оның 15-і негізгі қызметкерлер. 13-і жоғары білімді, 2-і ғылым магистрі. Қалған 9-ы техникалық қызметкерлер.
Есепті мерзім ішінде 30-дан аса нысан тарихи-мәдени мұра объектілерінің алдын-ала есебіне алынып, барлық ескерткіштердің саны 533-ті құрады. Оның 21-і республикалық, 256-і жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген болса, 267 нысан тарихи-мәдени мұра объектілерінің алдын-ала тізіміне алынған.
Атап айтқанда, Арал ауданында – 70, Қазалы ауданында – 99, Қармақшы ауданында – 85, Жалағаш ауданында – 69, Сырдария ауданында – 58, Қызылорда қаласында – 79, Шиелі ауданында – 49, Жаңақорған ауданында – 44.
Тарихи-мәдени мұраларды сақтау және пайдалану бағытындағы жұмыстары туралы
Республикалық бюджет есебінен Қазалы ауданындағы Ғанибай үйіндегі, Жаңақорған ауданындағы Сығанақ қалашығындағы қайта жаңғырту жұмыстары жалғасын тапты. Сонымен қатар, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті Ресей Федерациясы, Германияның университеттерімен бірлесіп Жанкент қалашығында, Халықаралық Орта Азиялық зерттеулер институты (МИЦАИ) Сыртқы істер министірлігінің гранты негізінде Сығанақ қалашығында және Евразияны зерттеу қорының (Швейцария) қаржылай қолдауымен Кескен күйік қалашығында археологиялық қазба жұмыстарын жүргізді.
Облыстық бюджет есебінен 17847,0 мың теңгеге Жанкент, Сығанақ, Бәбіш-Мола, Сортөбе, Қышқала қалашықтарында археологиялық зерттеу жұмыстары жалғасын тауып, маңызды нысандар консервацияланды. Қазба нәтижесінде 500-ге жуық заттай материалдар табылып, қазіргі таңда ғылыми өңделуде. (құмыралар, әшекейлер, қыш жапсырмалар, сүйектен және керамикадан жасалған тұрмыстық бұйымдардың бөліктері)
Қазалы ауданындағы Жанкент қалашығына Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті жүргізіп, оған мекеменің инспекторы Е. Елеуов, М. Ештаев бақылау шараларын жүргізу үшін қатысты. Зерттеу жұмыстары қалашықтың цитадель және шахристан бөлігін, жалпы аумағы 300 шаршы метрді қамтыды. Қазба барысында көптеген құрылыс орындары, тұрғын жайлар, мәдени қабаттар ашылып, қалашықтың одан әрі зерттелуіне қажетті тың деректер алынды. Алынған археологиялық материалдардың нәтижиесінен Оңтүстік Қазақстан мен Сарыарқаның отырықшы-жер өңдеуші және көшпелі тайпаларына тән мәдени дәстүрлерді көреміз. Қазба нәтижесіне сүйенер болсақ қалашық хронологиясы үш кезеңге бөлінеді, қала ешқандай қиратуға ұшырамаған. Табылған жәдігерлердің қатарында керамикалық ыдыстар, өрнектелген тұрмыстық бұйымдар бар.
Қармақшы ауданындағы Шірік-Рабат қалашығындағы қазба жұмыстарын Ж.Құрманқұлов басқаратын «Антик» ЖШС жүргізді. Экспедиция құрамында ғылыми қызметкерлер Ж.Утубаев, А.Касенова, Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың «Археология және этнография» ғылыми орталығының өкілдері Ә.Тәжекеев, Р.Дәрменов, т.б, сонымен қатар, мекеменің 2 қызметкері қатысты. Далалық зерттеу жұмыстары екі нысанда қатар басталды. Олар ортағасырлық тұрақтар мен үй-жайлар, қазбаның жалпы аумағы 270 шаршы метрді құрады. Онда табылған керамикалық бұйымдар да аз, тек ұсақ сынықтары ғана табылды.
Ғасырлар бойы құпиясын қойнына жасырып келген Шірік-Рабат қаласы қазіргі таңда жан-жақты зерттелу үстінде. Оның материалдық және рухани мәдениетімен қатар қала атауының шығу тарихы да үлкен ғылыми зерттеуді қажет етеді. Шірік-Рабат қаласы көненің көрінісін анықтайтын Сыр бойындағы бірден-бір ескерткіш болғандықтан, онда археологиялық және ғылыми зерттеулер жүргізу маңызды ақпараттар алуда зор рөл атқарады.
Жаңақорған ауданындағы Сығанақ қалашығында Қ.А. Яссауи атындағы ХҚТУ «Археология ғылыми зерттеу орталығы» қазба-зерттеу жұмыстарын атқарды. Оған мекемеден Д. Кәрісбеков пен М. Ештаев қатысты. Бұл жылы зерттеу жұмыстары қалашықтың оңтүстік-шығыс қақпасы мен орталық мешітіне жапсарлас салынған құрылыс орындарына жүргізілді. Ашылған бұл құрылыстар орта ғасырдағы қорғаныс жүйесі болып табылады. Жалпы аумағы 280 шаршы метрді құрады. Қалашықтан 300 ге жуық жәдігерлер табылды.
Облыстың тарихи-мәдени мұраларын қорғау және пайдалану жөніндегі ғылыми-әдістемелік кеңестің 2019 жылғы 21 қарашада өткізілген кезекті отырысында қазба барысында табылған жәдігерлерден көрме өткізілді.
2019 жылғы маусым, қазан айларында Алматы қаласында «Ұлы Жібек жолы: Сырдария –Ферғана дәлізі» трансшекаралық номинациясы бойынша Орта Азия елдері арасындағы суб-регионалдық семинар өткізілді. Оған Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, ЮНЕСКО-ның Алматы қаласындағы кластерлік бюросы, Ұлыбритания, Қытай, Австралия мемлекеттерінен келген халықаралық эксперттері, Орта Азияның Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан елдерінің өкілдері, облыстардың жауапты мамандары қатысты. Семинарда ЮНЕСКО тізбесіне енгізілетін нысандар қайта сараланып, олардың әлеуеті, дайындығы, сақталу мәселелері талқыланды. Бұл мәжіліске мекеме басшысы, қызметкерлері қатысып, семинар барысында Ұлы Жібек жолы номинациясы бойынша ЮНЕСКО-ның негізгі тізіміне Сыр өңірінен Сығанақ, Жанкент, Жент, Асанас, Қышқала қалашықтары мен Жетіасар мәдениеті ескерткіштерін енгізу мәселесі қарастырылды.
Өзбекстан туралы жазу керек
Мекеме ғимаратына (бұрынғы казарма) 946,0 мың теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Облыстық бюджеттен бөлінген мың теңгеге Қызылорда қаласындағы Кердері ІІ кесенесі, Айтбай мешіті, Христос Спаситель Шіркеуі, Өшпес Даңқ мемориалы ескерткіштерінің қорғау, құрылыс салуды реттеу және табиғи ландшафт аймақтары белгіленсе, Қазалы ауданының әкімдігі жергілікті бюджет есебінен Сараман қоса мұнарасының, Әзілхан ишан мешітінің, Жанқожа батыр және Бақатам кесенесінің қорғау аймақтарын белгіледі.
Облыстың тарихи-мәдени мұраларын қорғау және пайдалану жөніндегі ғылыми-әдістемелік кеңестің жұмысы туралы
2015 жылғы 20 қараша күні облыс әкімдігінің мәжіліс залында Қызылорда облысының тарихи-мәдени мұраларын қорғау және пайдалану жөніндегі ғылыми-әдістемелік кеңестің кезекті отырысы өтті. Облыс әкімі төрағалық еткен бұл жиында Кеңестің өткен отырысында берілген хаттамалық тапсырмалардың орындалуы, облыс аумағында жүргізілген археологиялық зерттеу жұмыстары бойынша далалық комиссияның есебі, ХАЭЭ барысында Сыр өңірінен Ресей Федерациясына әкетілген тарихи-мәдени құндылықтар бойынша жүргізілген ғылыми зерттеулер, Тарихи-мәдени мұра мәселелері бойынша қолданыстағы заңнаманы жетілдіру, Қорқыт ата мұрасы және түркі әлемі тақырыптары бойынша келелі мәселелер талқыланды. Кеңеске мәдениеттанушы ғалым М.Әуезов, ҚР ҰҒА академигі К.Байпақов, елтаңба авторы Ж.Мәлібеков, Халықаралық Түркі академиясының президенті Д.Қыдырәлі, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер істері департаменті директорыны орынбасары К.Сейітова және елімізге белгілі археологтар, тарихшылар қатысты.
Облыста жаңа ескерткіштерді орнатуды реттеу және тарихи-мәдени мұра обьектілерін тарих және мәдениет ескерткіштері деп тану, сондай-ақ оларды мәртебесінен айыру туралы қорытынды әзірлейтін облыстық комиссияның жұмысы туралы
Есепті мерзім ішінде комиссияның 8 отырысы өткізілді. Комиссияның отырыстарында облыс аумағында жаңадан ескерткіштер мен мүсіндер орнату, тарихи-мәдени мұра нысандарына тарих және мәдениет ескерткіштері мәртебесін беру және оларға тарихи-мәдени сараптама жүргізу туралы мәселелер қаралды.
Комиссияның шешімімен 36 нысан тарихи-мәдени мұра объектілерінің алдын-ала тізіміне енгізілсе, 35 нысанға жергілікті маңызы бар мәртебесін беру мәселесі мақұлданып, тарихи-мәдени сараптама жүргізу үшін облыс әкімдігінің қаулы жобасы шықты. Сонымен қатар, 3 ескерткішті мемлекеттік тізімнен шығару және мәртебесінен айыру бағытындағы жұмыстар қолға алынды.
Облыстық комиссияның ұсынысы негізінде Қазақстанда орнатылатын монументті өнердің жаңа құрылыстарын орнату жөніндегі комиссия үздік деп тапқан жобалар бойынша Қызылорда қаласындағы №278 мектеп ауласына Байзақ Момынбаев, Сырдария ауданы, Айдарлы ауылы мәдениет үйінің ауласына Ғафурдин Жанұзақов, Жалағаш кенті Жеңіс саябағына Исатай Әбдікәрімов, Алдаберген Бисенов мүсіндері орнатылды. Сонымен қатар, 2020 жылы орнатылуы жоспарланған Ысқақ Жолмырзаев, Ыдырыс Қалиев, Ахмет Әділов мүсіндерінің эскиздік жобалары бекітіліп, Нағи Ілиясов, Сейілбек Шаухаманов мүсіндерін орнату идеясына қолдау көрсетілді.
Өткізілген іс-шаралар және насихат жұмыстары
18 сәуір - Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне орай «Туған өлке» тақырыбында 6-11 сынып оқушылары арасында облыстық ғылыми жоба байқауы өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласынан туындаған «Қазақстанның киелі геогарфиясы» жобасы мен 2019 жылы «Жастар жылы» аясында өңірімізде орналасқан тарихи мұраларымызды жастар арасында насихаттау және өлке тарихын жас буынның бойында қалыптастыру, туған жерге деген құрметін арттыру болып табылады.
Сонымен қатар қала, аудан көлеміндегі ескерткіштерде сенбіліктер, мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастырылды. Ұйымдастырылған шаралар жөнінде жергілікті басылымдарда, әлеуметтік желілерде мақалалар жарияланды.
Өңірдегі тарихи-мәдени мұраны қорғау саласындағы атқарылған жұмыстарды насихаттау мақсатында Жанкент, Қышқала қалашықтарында республикалық және жергілікті БАҚ өкілдерінің қатысуымен пресс-турлар ұйымдастырылды. Facebook әлеуметтік желісіндегі мекеме парақшасында үнемі тарихи-мәдени мұраларымыз туралы, атқарылған жұмыстар, өңірлерде өткізілген ауқымды іс-шаралар туралы мағұлматтар жарияланып отырды.
Қызылорда облыстық мәслихатының 2019 жылғы 28 қаңтардағы № 2 – н/қ өкімімен құрылған «Облыста тарихи-мәдени мұраларды пайдалану мен қорғаудың жай-күйі және оны жақсарту шаралары туралы» мәселені кезекті сессиясына әзірлеу жөніндегі уақытша комиссия мүшелері, облыстық мәслихат хатшысы, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы, мекеме басшысы және қызметкерлері 18 наурыз – 3 сәуір аралығында Қызылорда қаласы мен ауданда орналасқан тарих және мәдениет ескерткіштерінің жәй-күйін анықтау мақсатында іс-сапарларға шықты. Нәтижесінде облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша облыс әкіміне және облыстық мәслихат депутаттарына таныстырылды.
Мәслихат шешімімен Қызылорда қаласы мен аудан әкімдіктеріне бірқатар тапсырмалар берілді.
Өткен тарихтан сыр шертетін, атадан балаға мұра болып қалған құнды мұраларды одан әрі сақтау, дүниежүзілік деңгейде насихаттау, инфрақұрылымды дамыта отырып туризмнің басты нысанына айналдыру, кейінгі ұрпаққа тарихи-мәдени құндылығын жоғалтпай мұра ету бағытындағы келелі істер алдағы уақытта да жүйелі түрде атқарылатын болады.
Мекеме директоры: С. Көзейбаев
Қызылорда облыстық тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесіне 2019 жылы бөлінген қаржы және оның игерілуі жөнінде мәлімет
№ |
Бөлінген қаржы |
Қаржының игерілгені |
пайызы |
1 |
121841,0 |
121837,0 |
100 % |
Қызылорда облыстық тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2019 жылы атқарған жұмыстарының есебі
Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 14.05.2020
Жалпы ақпарат:
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ ЖӘНЕ МӘДЕНИ ЕСКЕРТКІШТЕРДІ ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ 2019 ЖЫЛЫ АТҚАРҒАН ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ЕСЕБІ
Облыс көлемінде 553 тарихи-мәдени мұра нысандары мемлекет қорғауына алынған, оның ішінде 30-ы республикалық, 256-і жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген болса, 267 ескерткіш алдын-ала есепке алынған тарихи-мәдени мұра нысандарының тізіміне алынған.
Атап айтқанда, Арал ауданында – 70, Қазалы ауданында –99, Қармақшы ауданында –85, Жалағаш ауданында – 69, Сырдария ауданында – 58, Қызылорда қаласында – 79, Шиелі ауданында – 49, Жаңақорған ауданында – 44.
Мекеме «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдегегі Заңы және одан туындайтын қағидаларды басшылыққа ала отырып, тарихи-мәдени мұра нысандарының зерттелуін, анықталуын, оларды есепке алуын, сақталуын, пайдалануын, насихатталуын және қалпына келтіру шараларын жүзеге асырады. 2019 жылғы 26 желтоқсанда аталған Заң жаңа редакцияда қабылданды.
Археология зерттеулер: Облыстық бюджет есебінен ЖАНКЕНТ, СЫҒАНАҚ, БӘБІШ-МОЛА, СОРТӨБЕ, ҚЫШҚАЛА қалашықтарында археологиялық зерттеу жұмыстары жалғасын тауып, маңызды нысандар аршылды. Қазба нәтижесінде 500-ге жуық заттай материалдар табылып, қазіргі таңда ғылыми өңделуде.
Қазба маусымында аршылған нысандардың ауқымдылығымен және маңызды құрылыс орындарын сақтаумен, консервациялаумен ерекшеленді. Бұл шаралар алдағы уақытта осы нысандарды ашық аспан астындағы мұражайға айналдыруда үлкен септігін тигізері хақ.
Гранттар бойынша: Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, РФ Н.Миклухо-Маклай атындағы антропология институты, Германияның Тюбинген университеті арасындағы 3 жақты меморандум аясында Жанкент қалашығында, сонымен қатар ЮНЕСКО жанындағы Халықаралық Орта Азиялық зерттеулер институты (МИЦАИ) Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министірлігінің гранты негізінде «Ортағасырлық Сығанақ қаласының көне қорымдарында зерттеу жұмыстарын жүргізу» атты ғылыми жоба бойынша Сығанақ қалашығында және Евразияны зерттеу қорының (Швейцария) қаржылай қолдауымен Кескен күйік қалашығында археологиялық қазба жұмыстарын жүргізді.
Қайтажаңғырту (республикалық бюджет): ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан Сығанақ, Жанкент қалашықтары мен Ғанибай үйіне қайтажаңғырту жұмыстары жүргізілді.
Жанкент қалашығын сақтау жұмыстары:
Облыстық бюджет есебінен қалашықтың аумағы толық қоршалды, “JANKENT” СТЕЛАСЫ орнатылды
Қорғау аймағын белгілеу:
Облыстық бюджеттен бөлінген қаржыға Кердері ІІ кесенесі, Айтбай мешіті, Христос Спаситель Шіркеуі, Өшпес Даңқ мемориалы ескерткіштерінің, Қазалы ауданының әкімдігі жергілікті бюджет есебінен Сараман қоса мұнарасының, Әзілхан ишан мешітінің, Жанқожа батыр және Бақатам кесенесінің қорғау аймақтарын белгіледі.
Қызылорда облысының тарихи-мәдени мұраларын қорғау және пайдалану жөніндегі ғылыми-әдістемелік кеңес: 2019 жылғы 21 қараша күні облыс әкімдігінің мәжіліс залында Кеңестің кезекті отырысы өтті. Мәжіліс алдында есепті мерзімде жүргізілген археологиялық зерттеу жұмыстарының нәтижесінде табылған жәдігерлер қойылған көрме таныстырылды. Облыс әкімінің орынбасары төрағалық еткен бұл жиында СЫҒАНАҚ, ЖАНКЕНТ, БӘБІШ-МОЛА, СОРТӨБЕ, ҚЫШҚАЛА қалашықтарында жүргізілген археологиялық зерттеу жұмыстарының нәтижелері, Алтын Орданың 750 жылдығы: жаңаша зерттеулер және Сыр өңірі ескерткіштерін брэндтеу, Қайтажаңғырту мәселелері және ЮНЕСКО тізбесіне ұсынылатын ескерткіштер туралы мәселелер қаралапы, өңірдің тарихи-мәдени мұраларын сақтау және пайдалану бағытындағы тиісті шешімдер қабылданды.
Облыстық комиссия: Есепті мерзім ішінде комиссияның 8 отырысы өткізіліп,онда жаңадан ескерткіштер мен мүсіндер орнату, тарих және мәдениет ескерткіштері мәртебесін беру және оларға тарихи-мәдени сараптама жүргізу туралы мәселелер қаралды.
Комиссияның шешімімен 36 нысан алдын-ала тізіміне енгізілсе, 35 нысанға жергілікті маңызы бар мәртебесін беру мәселесі мақұлданып, тарихи-мәдени сараптама жүргізу үшін облыс әкімдігінің қаулы жобасы шықты. Сонымен қатар, 3 ескерткішті мемлекеттік тізімнен шығару және мәртебесінен айыру бағытындағы жұмыстар қолға алынды.
Облыстық комиссияның ұсынысы негізінде Қазақстанда орнатылатын монументті өнердің жаңа құрылыстарын орнату жөніндегі комиссия үздік деп тапқан жобалар бойынша Қызылорда қаласындағы №278 мектеп ауласына Байзақ Момынбаев, Сырдария ауданы, Айдарлы ауылы мәдениет үйінің ауласына Ғафурдин Жанұзақов, Жалағаш кенті Жеңіс саябағына Исатай Әбдікәрімов, Алдаберген Бисенов мүсіндері орнатылды.
Облыстық мәслихаттың уақытша комиссиясы: Қызылорда облыстық мәслихатының 2019 жылғы 28 қаңтардағы № 2 – н/қ өкімімен құрылған «Облыста тарихи-мәдени мұраларды пайдалану мен қорғаудың жай-күйі және оны жақсарту шаралары туралы» мәселені кезекті сессиясына әзірлеу жөніндегі уақытша комиссия мүшелері 18 наурыз – 3 сәуір аралығында Қызылорда қаласы мен ауданда орналасқан тарих және мәдениет ескерткіштерінің жәй-күйін анықтау мақсатында іс-сапарларға шықты. Нәтижесінде облыс әкімімен бекітілген “Қызылорда облысының тарихи-мәдени мұра нысандарын қорғау және пайдалану жөніндегі 2019-2021 жылдарға арналған ЖОЛ КАРТАСЫ”на қосымша толықтырулар енгізілді
Қасиетті Қазақстан: 2019 жылдың қорытындысымен “Қасиетті Қазақстан” ғылыми-зерттеу орталығы тарапынан Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Жамбыл облыстарына арналған “Қасиетті Қазақстан” кітабының ІІІ томы жарық көрді. Қазақ және орыс тілінде дайындалған бұл кітапқа облыстан жалпыұлттық 12, өңірлік 60 қасиетті нысандар және басқа да көрікті орындар енгізілді.
Қызылорда облысының тарихи-мәдени мұраларын қорғау және пайдалану
Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 20.12.2018
Жалпы ақпарат:
Қызылорда облыстық тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Облыс әкімдігі жанында екі консультативті-кеңесші органдар жұмысшы жасайды.
- Қызылорда облысының тарихи-мәдени мұраларын қорғау және пайдалану жөніндегі ғылыми-әдістемелік кеңес (бұдан әрі-Кеңес);
2018 жылдың 29 қарашасында облыс әкімінің төрағалығымен Қызылорда облысының тарихи-мәдени мұраларын қорғау және пайдалану жөніндегі ғылыми-әдістемелік кеңес отырысы өткізілді. Кеңес отырысында 2018 жылы Сығанақ, Жанкент, Сортөбе, Бәбіш мола, Қышқала қалашықтарына жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының қорытындысы баяндалды. Сонымен қатар Қызылорда облысының тарихи-мәдени мұра объектілерінің 3D форматтағы интерактивті картасының презентациясы таныстырылды. Жиын соңында «Өз жеріңді танып біл!» бастамасын іске асыру және археологиялық зерттеу жұмыстарына жас еріктілер мен студенттерді қатыстыру бағытындағы меморандумдарға облыстық білім, кәсіпкерлік және туризм, мәдениет, архивтер және құжаттама басқармаларымен Қорқыт ата атындағы ҚМУ және Қ.Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университеті басшылары қол қойды.
- Облыста жаңа ескерткіштерді орнатуды реттеу және тарихи-мәдени мұра обьектілерін тарих және мәдениет ескерткіштері деп тану, сондай-ақ оларды мәртебесінен айыру туралы қорытынды әзірлейтін облыстық комиссия (бұдан әрі-Комиссия);
2018 жылы Комиссияның 5 отырысы өткізілді. Онда монументті өнердің жаңа құрылыстарын орнатуға, жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі жаңа редакцияда қайта бекіту, тарихи-мәдени мұра объектілерінің алдын-ала тізіміне енгізуге келісім беру мәселелері қаралды.
Комиссия қорытындысы бойынша:
- Қызылорда облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі жаңа редакцияда қайта бекітілді.
- Арал, Қазалы, Жалағаш, Шиелі, Жаңақорған аудандары мен Қызылорда қаласында ұсынылған тарихи-мәдени мұра объектілері алдын-ала тізіміне енгізілді.
- Жалағаш ауданында қоғам қайраткері Т.Жүргенов және Соцалистік Еңбек Ері Ұ.Еспановтың бюстілері, Қарақұм көтерлісіне араналған ескерткіш және - Жаңақорған ауданында Қазақстанның халық ақыны М.Көкеновтың бюстісі орнатылды.
- Мемлекеттік және қоғам қайраткерлерімен батырларға орнатылатын ескертікіштер мен мүсіндер:
-Қызылорда қаласында:
Текей батыр Қарпықұлына, Қ.Мұхамеджановқа, А.Айдосовқа, С.Макашеваға;
-Қазалы ауданында:
Әйтеке биге;
-Қармақшы ауданында:
Ш.Төлеповаға, С.Бөртебайұлына, Қ.Бүрлібаевқа;
- Сырдария ауданында
Қ.Қазантаевқа;
- Жаңақорған ауданында:
Т. Әбдірашевқа, Алпамыс және Қожамберді батырлардың эскиздік жобалары қаралып, Мемлекеттік комиссияның қарауына ұсынылды.
Облыс көлеміндегі 150 тарих және мәдениет ескерткіштеріне QR-код орнатылды
Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 15.11.2018
Жалпы ақпарат:
Облыс көлеміндегі 150 тарих және мәдениет ескерткіштеріне QR-код орнатылды.
Үстіміздегі жылы «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы және «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласынан туындайтын «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында тарихи-мәдени мұраны қорғау саласын сандық форматқа көшіру мақсатында облыстық жобалық кеңсе бойынша 2 жоба қолға алынған болса, оның бірі «Облыс көлеміндегі тарих және мәдениет ескерткіштеріне QR-код орнату» жобасы сәтті жүзеге асырылды.
«Қызылорда облысының тарих және мәдениет ескерткіштеріне QR-код орнату» жобасы “Quick Response - Шұғыл жауап”- деген мағынаны білдіреді. Бұл мобильді телефонның камерасы арқылы жылдам тану үшін ақпарат беретін, екі өлшемді штрих-код. QR-кодтың көмегімен Қызылорда облыстық тарихи және мәдени ескерткіштер қорғау жөніндегі КММ-нің kyzylorda-pamyatniki.kz сайтында орналасқан ақпаратпен таныса алады. Интернет желісін қолдану мүмкіндігі бар жерлерде (мобильді байланыс тартатын, интернет қолданылатын орындар) ескерткіштер туралы кез-келген ақпаратты алуға болады. Тарихи орындармен танысу барысында QR-кодты қолдану өте қызықты және ыңғайлы интерфейс болып табылады. Тарихи мәліметтерді алумен қатар, туристер сол орында еркін бағдарлап жүре алады. Бүгінгі күні QR-коды бар тақтайшалар облыс орталығы мен аудандардағы мобильді байланысы бар жерлердегі ескерткіштерге орнатылды.
Қорыта айтқанда, бұл жобалар өлкеміздің тарихымен қызығатын кез-келген азаматтарының, оның ішінде жастардың ізденіс жұмыстарын жүргізуге үлкен көмегін тигізері хақ. Әрбір жас өз жері мен оның тарихын танып білуі үшін жаңа технологияларды меңгеріп, жаңаша өмір сүруге үйренудің жолдарын білуі тиіс. Осы орайда, аталған жобалар тарихи-мәдени мұраларымыз туралы кең-көлемді ақпарат алу және насихаттау жұмыстарында таптырмас құрал болып табылады деп есептейміз.
Қызылорда облыстық тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2016 жылы атқарған жұмыстарының есебі
Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 03.11.2017
Жалпы ақпарат:
Қызылорда облыстық тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2016 жылы атқарған жұмыстарының есебі
Мекеме «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі Заңын және одан туындайтын қағидаларды басшылыққа ала отырып, тарихи-мәдени мұра нысандарының зерттелуін, анықталуын, оларды есепке алуын, сақталуын, пайдалануын, насихатталуын және қалпына келтіру шараларын жүзеге асырады.
Есепті мерзім ішінде мемлекет қорғауына 15 ескерткіш алынып, барлық ескерткіштің саны 511 құрады. Оның ішінде 21-і республикалық, 274-і жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген болса, 216 ескерткіш алдын-ала есепке алынған тарихи-мәдени мұра нысандарының тізіміне алынған.
Атап айтқанда, Арал ауданында – 68, Қазалы ауданында – 91, Қармақшы ауданында – 86, Жалағаш ауданында – 62, Сырдария ауданында – 47, Қызылорда қаласында – 79, Шиелі ауданында – 45, Жаңақорған ауданында – 33.
Тарихи-мәдени мұраларды сақтау және пайдалану бағытындағы жұмыстары туралы
Республикалық бюджет есебінен Қазалы ауданындағы Ғанибай үйіне, Жаңақорған ауданындағы Сығанақ қалашығының оңтүстік-шығыс қақпасына, орталық бөлігінде орналасқан мешітке қайта жаңғырту жұмыстары жалғасын тапты. Сондай-ақ, Қазалы ауданындағы Кескен-Күйік, Қармақшы ауданындағы Бәбіш-Молла, Сеңгіртам, Сырдария ауданындағы Қос асар қалашықтарына археологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстарды «Археологиялық сараптама» ЖШС-і, Ә. Марғұлан атындағы археология институты, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеттері Қазақстан Республикасының Білім және ғылым, мәдениет және спорт министрліктерінің гранты арқылы жүзеге асырды. Зерттеу жұмыстарына мекеме қызметкерлері қатысты.
Археологиялық зерттеу бойынша:
Жанкент, Сығанақ, Шірік-Рабат қалашықтарына археологиялық зерттеу жұмыстары өз жалғасын тапты. Бұл жұмыстарға мекемемен қатар Кеңестің шешімімен құрылған Далалық комиссия да бақылау шараларын атқарды. Биылғы зерттеу жұмыстары салынған қазба нысандарының ауқымдылығымен және маңызды нысандарды сақтаумен, консервациялаумен ерекшеленеді. Консервация жұмыстары барысында аршылған нысандардың қабырғалары жергілікті табиғи материалдармен сыланып, олардың үсті ағаш және метал жабындылармен жабылды. Бұл шаралар алдағы уақытта осы нысандарды ашық аспан астындағы мұражайға айналдыруда үлкен септігін тигізері хақ. Сонымен бірге, объектілерді аршу кезінде шығарылған құм мен топырақ қала аумағынан тыс жерлерге шығарылды.
Соңғы 3 жыл көлемінде жүргізілген зерттеу жұмыстары нәтижелі болды деп толық айтуға болады. Есепті мерзім ішінде кешенді археологиялық эскпедициялар үлкен көлемді қамтитын қазбалар жүргізіп, табылған мол жәдігерлер бүгінгі күні музей төрінен орын алуда.
Жанкент қалашығында қазба жұмыстарын археолог Ә. Тәжекеев жетекшілік ететін Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Археология және этнография» ғылыми-зерттеу орталығы жүргізді. Археологиялық жұмыстардың жан-жақты жүргізу мақсатында Тюбинген (Германия) университеті, Миклухо-Маклай атындағы Этнология және антропология институтының археолог ғалымдарымен қатар, Польша, Англия, АҚШ-тан мамандар мен М.Ю. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің геофизиктері, геоморфологтары, География институтының топырақтанушы ғалымдары зерттеулер жүргізу үшін тартылған. Жанкент қалашығында 2016 жылы жыл сайынғы тұмшалау жұмыстарымен қатар, алғаш рет аршылған нысандар бойынша сақтау, уақытша бекіту іс-шаралары жасалынды. Бұл іс-шаралардың түпкі мақсаты аршылған нысандардың ашық аспан астындағы музейге айналдыру жолындағы алғашқы қадамдар болып табылады.
Сығанақ қалашығында зерттеу жұмыстарын Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Археология ғылыми-зерттеу орталығы жүргізді. Экспедиция жетекшісі Сәйден Жолдасбаев. Қазба жұмыстарының негізгі мақсаты қорғаныс бекіністері мен оның жанындағы маңызды нысандарды аршу болды. Жалпы алғанда қақпаның төрт құрылыс кезеңдері анықталды. Ең төменгі (ерте) құрылыс қабатында табылған жәдігерлер Алтын Орда дәуіріне жатады. Екінші құрылыс қабаты Әмір Темір, ал үшінші қабат Ақ Орда мен Қазақ хандығы дәуірлеріне жататындығы анықталды.
Жаңадарияның сол жақ жағалауында орналасқан Шірік-Рабат қалашығын зерттеудің маңызы ерекше. Себебі, Шығыс Арал өңірінің сақ дәуірі мәдениетінің қалыптасуы мен дамуын, сақ мәдениеттік компоненттерінің кейінгі мәдениеттердегі сақталу ерекшелігін анықтау болатын. Қалашықта Жолдасбек Құрманқұлов жетекшілік ететін «Антик» ЖШС зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Археологиялық зерттеулер бойынша Шірік Рабат қалашығында бірнеше қоныстану кезеңі болған. Қала алғашқыда тайпа көсемдері өмір сүріп және жерленіп отыратын бекініс қызметін атқарып, кейіннен тұрақты үлкен мекенге айналған. Қала жұртының солтүстік жағында сақ дәуірінің ескерткіштері болса, оңтүстік бетінде орта ғасырға жататын тұрғын үй орындары сақталған. Биылғы зерттеу жұмыстары барысында осы уақытқа дейінгі зерттеу жұмыстары барысында аршылған ғибадатханаға консервация жүргізілді және қалашық аумағында орналасқан обалар кешені зерттелді.
Облыстың тарихи-мәдени мұраларын қорғау және пайдалану жөніндегі ғылыми-әдістемелік кеңестің 2016 жылғы 14 қарашада өткізілген кезекті отырысында қазба барысында табылған жәдігерлерден көрме өткізілді.
Ағымдағы жөндеу жұмыстары:
Қызылорда қаласындағы Ы.Алтынсарин, З.Шүкіров мүсіндеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Аумақты игеру барысында жүргізілген зерттеу жұмыстары:
Жыл көлемінде аумақты игеру барысында Астана қаласы мен Солтүстік өңірлерді газбен қамтамасыз ету мақсатында газ құбыры магистрінің, Қызылорда қаласындағы ферроқорытпа зауытының құрылыс жұмыстары, мұнай кен орындарын игеру, Шалқия кенішінде өндіріс жұмыстарын жүргізу жобалары бойынша әзірленген тарихи-мәдени зерттеу жұмыстарының қорытындысы қаралып, «КАТЭК» ЖШС-не, «Байқоңыр» ӘКК-на, «Геоэнерджигрупп» ЛТД, «Шалқия-цинк» мекемелеріне қолданыстағы заң талаптарын сақтауды басшылыққа алу жөніндегі тиісті келісімдер берілді.
Сонымен бірге, Жаңақорған кентінің кіре беріс бөлігінде тарихи-мәдени нысандар орналасқан орындарға тұрғын үй мақсатында жер телімдерінің беріліп кетуіне байланысты орын алған олқылықтарды тиімді шешу мақсатында аудандық бюджет есебінен обаға жүргізілген қазба жұмыстарының нәтижесімен танысу және қазба жұмыстарын жалғастыру мақсатында өткізілген мәжіліске қатысу үшін мекеменің бөлім меңгерушілері ауданда іс-сапармен болды. Мәжіліске аудан әкімдігінің өкілдері және қазба жұмыстарын жүргізген «Археосервис» ЖШС-нің өкілдері қатысты. Мәжіліс қорытындысымен аудан әкімдігі тарихи-мәдени нысандарды сақтау жұмыстарын жүргізетіндігі және жыл сайын обаларға қазба жұмыстарын жалғастыру үшін қаржы бөлу мәселесін қарастыратындығын айтты.
Облыстық комиссияның жұмысы туралы
Есепті мерзім ішінде комиссияның 6 отырысы өткізілді. Комиссияның отырыстарында облыс аумағында жаңадан ескерткіштер мен мүсіндер орнату, тарихи-мәдени мұра нысандарына тарих және мәдениет ескерткіштері мәртебесін беру және оларға тарихи-мәдени сараптама жүргізу, ескерткіштердің орнын ауыстыру туралы мәселелер қаралды.
Нәтижесінде облыстық комиссияның ұсынысы негізінде Мемлекеттік комиссия ең үздік деп тапқан жобалар бойынша облыс аумағында 2 ескерткіш және 15 мүсін орнатылды. Оның ішінде Қазалы ауданында Үрмәш Түктібаев, Мақаш Балмағамбетов, Геннадий Шляпин, Яков Михайлюк, Владимир Счатнов, Әбуша Дінісламов, Дүйсенбай Маханов, Көлжан Оразалиева, Кәрібоз Әлимаев, Петр Пак, Әбубәкир Тыныбаев, Елеу Көшербаев, Ержігіт Бозғұлов мүсіндері, аудан әкімдіктері тарапынан Қазалы ауданында Бегім ана, Асандар көтерілісі ескерткіштері, Сырдария ауданында Қалтай Мұхамеджанов және Жалағаш ауданында Алдаберген Бисенов мүсіндері орнатылды.
Тарихи-мәдени мұра объектілеріне тарих және мәдениет ескерткіштері мәртебесін беру мәселесі бойынша да біршама жұмыстар атқарылды. Атап өтер болсақ, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі жанындағы Арнайы комиссияның шешімімен өңіріміздегі тарихи құндылығы жоғары, сәулетті ерекше болып саналатын Қорқыт ата ескерткіш кешені, Шірік-Рабат, Бәбіш-Молла қалашықтары, Сауысқандық петроглифтері және Оқшы ата, Асанас, Қорасан ата, Қожан қожа, Бақатам кесенелерін республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізу мәселесі қолдау тапты.
Сонымен қатар, үнемделген қаржысы есебінен комиссияның шешіміне сәйкес тарих және мәдениет ескерткіштерін мәртебесінен айыру мақсатында 28 ескерткішке тарихи-мәдени сараптама қорытындысы әзірленіп, жаңадан тізімге алынған 9 ескерткішке төлқұжат және 6 қорғау тақтасы дайындалды.
Тарихи-мәдени мұраларды қорғау және пайдалану жөніндегі
ғылыми-әдістемелік кеңестің жұмысы
Кеңестің шешіміне сәйкес облыс әкімдігінің ұсынуы бойынша өңірімізде тұңғыш рет Қызылорда облысының әкімдігі мен Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссия (Астана) және дүниежүзілік мәдени мұра орталығымен бірлескен (Париж) "Жібек жолы: Ферғана-Сырдария дәлізі» сериялық трансшекаралық Дүниежүзілік мұралар номинациясы бойынша номинациялық құжаттама дайындау жөніндегі сараптамалық кездесуі өтті. Бұл шараға, Франция, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстанның ресми өкілдері қатысты.
Кездесуде "Жібек жолы: Ферғана-Сырдария дәліз" номинациясын басқару және жалпы басшылыққа алынатын қағидаттар; «Жібек жолы: Ферғана-Сырдария дәлізі» номинациялық құжаттамасының ақырғы нұсқасын дайындау жөніндегі жұмыс тобы мен хатшылық құрамын бекіту, объектілер-компоненттер номинациясы бойынша қатысушы елдердің презентациясы (тұсаукесері), ескерткіштер-компоненттер номинациясы бойынша ұсынылған құрамның ішкі талдауы қаралды.
2016 жылғы 14 қараша күні облыс әкімдігінің мәжіліс залында Қызылорда облысының тарихи-мәдени мұраларын қорғау және пайдалану жөніндегі ғылыми-әдістемелік кеңестің кезекті отырысы өтті. Облыс әкімі төрағалық еткен бұл жиында Сығанақ, Жанкент, Шірік-Рабат қалашықтарында жүргізілген археологиялық зерттеу жұмыстарының нәтижелері, Жетіасар мәдениеті ескерткіштерін ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізу барысы және «Байқоңыр ғарыш айлағы» кешенін номинациялау үшін әлеуеттік нысанын бағалау, Қорқыт мұраларын ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енгізу, Өңірдегі туризмдік кластерінің дамуы туралы мәселелер қаралып тиісті шешімдер қабылданды.
Материалдық-техникалық базаны нығайту бағытындағы жұмыстары
Мекеменің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында үнемделген қаржы есебінен мекеме ғимаратына өрт дабыл және бейне бақылау қондырғылары орнатылды. Сонымен бірге 6 дана компьютер (комплект), 4 дана принтер, далалық жолдарда жүруге қажетті 1 дана ТУРАЙЯ спутниктік телефоны, 2 дана JPS навигатор құрылғысы, 1 дана видеокамера, сондай-ақ кабинеттерге және ғимаратты күтіп-ұстауға қажетті жабдықтар алынды.
Өткізілген іс-шаралар
Биылғы тұғырлы жыл аясында 18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне орай Қызылорда қаласы және аудандарда ескерткіштердің айналасында сенбіліктер, көркейту-көгалдандыру жұмыстарымен қатар түрлі танымдық мәдени шаралар ұйымдастырылды. Осындай шаралардың бірі Қармақшы ауданында ұйымдастырылған «Ежелгі өркениет ізімен» атты пресс-тур Жетіасар мәдениеті ескерткіштерін ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізбесіне енгізілетін ескерткіштермен таныстырылды. Оған Республикаға белгілі археолог-ғалым, тарих ғылымдарының кандидаты, ЮНЕСКО-ның халықаралық эксперті Д.А.Воякин, т.ғ.к. Ә. Тәжекеев, облыстық мәдениет саласының қызметкерлері мен БАҚ өкілдері қатысып, Жетіасар мәдениетінің тарихи және туристік нысанға айналдырудың маңыздылығы туралы Бұқаралық ақпарат беттерінде жарияланды.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған «Сыр алаштың анасы» және «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» экспедицияларына мекеме қызметкері Е. Елеуов қатысып, Сыр өңірінің ескерткіштерін насихаттауда елеулі үлес қосты.
2016 жылғы 22 қыркүйек күні облыстық ішкі саясат басқармасымен бірлесіп жергілікті БАҚ өкілдерінің, әлеуметтік желі қолданушы блоггерлердің қатысуымен Жетіасар мәдениет ескерткіштерін насихаттау бағытындағы танымдық шара Сырдария, Қармақшы аудандарындағы ескерткіштерде өткізілді. Оның нәтижесімен жергілікті телеарналарда арнайы репортаждар мен баспасөз беттерінде мақалалар жарық көрді.
Өткен тарихтан сыр шертетін, атадан балаға мұра болып қалған құнды мұраларды одан әрі сақтау, дүниежүзілік деңгейде насихаттау, инфрақұрылымды дамыта отырып туризмнің басты нысанына айналдыру, кейінгі ұрпаққа тарихи-мәдени құндылығын жоғалтпай мұра ету бағытындағы келелі істер алдағы уақытта да жүйелі түрде атқарылатын болады.
Мекеме директоры С. Көзейбаев
Қызылорда облыстық тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2015 жылы атқарған жұмыстарының есебі
Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 02.11.2017
Жалпы ақпарат:
Қызылорда облыстық тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
2015 жылы атқарған жұмыстарының есебі
Ғасырлар бойы жиналған құнды қазынамыз бен ұлттық мұрамызды зерттеп, бағыт-бағдарларын саралап, оны еліміз бен халықаралық деңгейде насихаттап, таныту бағытында біршама жұмыстар атқарылды.
Мекеме «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі Заңын және одан туындайтын қағидаларды басшылыққа ала отырып, тарихи-мәдени мұра нысандарының зерттелуін, анықталуын, оларды есепке алуын, сақталуын, пайдалануын, насихатталуын және қалпына келтіру шараларын жүзеге асырады.
Облыс көлемінде 496 тарихи-мәдени мұра нысандары мемлекет қорғауына алынған, оның ішінде 21-і республикалық, 274-і жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген болса, 201 ескерткіш алдын-ала есепке алынған тарихи-мәдени мұра нысандарының тізіміне алынған.
Атап айтқанда, Арал ауданында – 67, Қазалы ауданында – 89, Қармақшы ауданында – 85, Жалағаш ауданында – 61, Сырдария ауданында – 49, Қызылорда қаласында – 71, Шиелі ауданында – 43, Жаңақорған ауданында – 31.
Тарихи-мәдени мұраларды сақтау және пайдалану бағытындағы жұмыстары туралы
Республикалық бюджет есебінен Қазалы ауданындағы Ғанибай үйіне, Жаңақорған ауданындағы Сығанақ қалашығының оңтүстік-шығыс қақпасына қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, Қазалы ауданындағы Жанкент, Қармақшы ауданындағы Шірік Рабат, Бұланды, Сырдария ауданындағы Қос асар қалашықтарына археологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілді.
Облыстық бюджет есебінен Қазалы ауданындағы Жанкент қалашығында Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Қармақшы ауданындағы Шірік-Рабат қалашығында «Антик» ЖШС, Жаңақорған ауданындағы Сығанақ қалашығында Қ.А. Яссауи атындағы ХҚТУ «Археология ғылыми зерттеу орталығы» қазба-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Қазба жұмыстарының нәтижесі бойынша ғылыми есептері қабылданып, табылған жәдігерлер облыстық музейдің қорына тапсырылды.
Облыстың тарихи-мәдени мұраларын қорғау және пайдалану жөніндегі ғылыми-әдістемелік кеңестің 2015 жылғы 20 қарашада өткізілген кезекті отырысында қазба барысында табылған жәдігерлерден көрме ұйымдастырылды.
Сыр өңірі ескерткіштерін ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік Табиғи және Мәдени мұралар тізіміне енгізу мақсатында Сығанақ, Жанкент қалашықтары мен Сауысқандық шатқалындағы жартастағы бейнелер кешенінің менеджмент жоспары әзірленіп, Сауысқандық шатқалының қорғау аймағының жобасы дайындалды.
Қызылорда қаласындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғимараты қайтажаңғыртудан өтті. Тиісті жұмыстарды «Астанасервис ЛТД» ЖШС-і жүргізді. Сонымен қатар, Жалағаш ауданындағы Т. Жүргенов мүсініне ағымдағы жөндеу жұмыстары атқарылды.
Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 242 бабына сәйкес қала, аудан әкімдіктері тарапынан ескерткіштерді теңгерімге алу жұмыстары өз дәрежесінде атқарылып келеді. Жыл қорытындысы бойынша Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандарында ескерткіштерді теңгерімге алу жұмыстары аяқталса, Қызылорда қаласы мен Арал ауданында бұл шаралар осы уақытқа дейін жалғасуда.
«Сыр өңірінің тарихи-мәдени мұралары» атауымен мемлекет қорғауына алынған тарихи-мәдени мұралар және мекеме қызметі туралы веб-сайт ашылды.
Қорқыт ата ескерткіш кешенінің қорғау аймағының жобасы, Қызылорда облысының тарихи-мәдени мұраларын қорғау және пайдалану жөніндегі ғылыми-әдістемелік кеңес құрамына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі қайта бекіту туралы облыс әкімдігінің қаулылары әзірленіп, облыстық мәслихаттың тиісті шешімдерімен бекітілді.
Облыста жаңа ескерткіштерді орнатуды реттеу және тарихи-мәдени мұра обьектілерін тарих және мәдениет ескерткіштері деп тану, сондай-ақ оларды мәртебесінен айыру туралы қорытынды әзірлейтін облыстық комиссияның жұмысы туралы
Есепті мерзім ішінде комиссияның 7 отырысы өткізілді. Комиссияның отырыстарында облыс аумағында жаңадан ескерткіштер мен мүсіндер орнату, тарихи-мәдени мұра нысандарына тарих және мәдениет ескерткіштері мәртебесін беру және оларға тарихи-мәдени сараптама жүргізу, Ұлы Отан соғысы құрбандарына арналған ескерткіштерге жүргізілген жөндеу жұмыстарының нәтижелері, ескерткіштердің орнын ауыстыру туралы мәселелер қаралды.
Нәтижесінде облыстық комиссияның ұсынысы негізінде Мемлекеттік комиссия ең үздік деп тапқан жобалар бойынша қала орталығынан Әбділдә Тәжібаев, Арал ауданында Төлеген Медетбаев, Қазалы ауданында Роза Бағланова, Шиелі ауданында Мұстафа Шоқай мүсіндері орнатылса, Қызылорда қаласында орнатылуы жоспарланған Мұстафа Шоқай ескерткіші сапалы материалдан құйылды. Ескерткіш тұғырының дайын болмауына байланысты орнату жұмыстары кейінге шегерілді.
Комиссия отырысында Қазалы ауданы бойынша ұсынылған 10 ескерткішке мәртебе беруге мақсатында тарихи-мәдени сараптама жүргізу үшін негіздеме болатын облыс әкімдігінің 2015 жылғы 12 тамыздағы №122 қаулысы шықты. Аталған мәселе алдағы уақытта облыстық комиссияда қаралып, жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне өзгерістер енгізу үшін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігіне ұсыныс жолданатын болады.
Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарға арналған ескерткіштердің қазіргі жәй-күйіне сараптама жасалып, қорытындыға сәйкес қала, аудан әкімдіктері тарапынан жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Қазалы ауданы әкімдігінің ұсынысы негізінде Әйтеке би кентіндегі Жеңіс саябағына Кеңес Одағының Батырларына, Социалистік Еңбек Ерлеріне, мемлекет және қоғам қайраткерлеріне орнатылатын мүсіндер орнату мәселесіне облыстық және мемлекеттік комиссиялардан келісім алынып, конкурс бойынша жинақталған жобалардың ішінен ең үздік эскиздік жобалары бекітілді. 2016 жылы мүсіндерді құю және орнату жұмыстары жүргізілетін болады.
Облыстың тарихи-мәдени мұраларын қорғау және пайдалану жөніндегі ғылыми-әдістемелік кеңестің жұмысы туралы
2015 жылғы 20 қараша күні облыс әкімдігінің мәжіліс залында Қызылорда облысының тарихи-мәдени мұраларын қорғау және пайдалану жөніндегі ғылыми-әдістемелік кеңестің кезекті отырысы өтті. Облыс әкімі төрағалық еткен бұл жиында Кеңестің өткен отырысында берілген хаттамалық тапсырмалардың орындалуы, облыс аумағында жүргізілген археологиялық зерттеу жұмыстары бойынша далалық комиссияның есебі, ХАЭЭ барысында Сыр өңірінен Ресей Федерациясына әкетілген тарихи-мәдени құндылықтар бойынша жүргізілген ғылыми зерттеулер, Тарихи-мәдени мұра мәселелері бойынша қолданыстағы заңнаманы жетілдіру, Қорқыт ата мұрасы және түркі әлемі тақырыптары бойынша келелі мәселелер талқыланды. Кеңеске мәдениеттанушы ғалым М.Әуезов, ҚР ҰҒА академигі К.Байпақов, елтаңба авторы Ж.Мәлібеков, Халықаралық Түркі академиясының президенті Д.Қыдырәлі, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер істері департаменті директорының орынбасары К.Сейітова және елімізге белгілі археологтар, тарихшылар қатысты.
Өткізілген іс-шаралар
Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне орай 2015 жылдың 18 сәуірі күні көркемсурет галереясында «Туған жер-тұнған шежіре» атты фотошежіреші Шахмардан Әбдіхалықовтың фотокөрмесі ұйымдастырылды. Сонымен қатар, мерекелік күнге орай Шығыс Қазақстан облысының ұйымдастыруымен «Тарихи-мәдени мұраларды сақтау және қорғау» тақырыбында онлайн конференция өткізілді. Оған мекеме қызметкерлері қатысып, өңірдегі тарих және мәдениет ескерткіштеріне байланысты атқарылып жатқан жұмыстарға баяндама жасады.
Сонымен қатар қала, аудан көлеміндегі ескерткіштерде сенбіліктер, мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастырылды. Ұйымдастырылған шаралар жөнінде жергілікті басылымдарда мақалалар жарияланды.
Ақпан айында «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының «Туған өлке» бағдарламасында Қызылорда қаласында орналасқан ескерткіштер жайлы және Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай мекеме қызметкерлері сұхбат берді.
Ақпан айының соңында облыстық мәслихат депутаттары облыс көлемінде орналасқан тарих және мәдениет ескерткіштерінің жай-күйімен танысу мақсатында аудандарға іс-сапарға шықты.
Наурыз айында Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде тарихи-мәдени мұралардың сақталуы және қорғалуы бағытында өткізілген шараға мекеме директоры қатысып, Сыр өңірі ескерткіштерінің қорғалу ерекшелігі тақырыбында баяндама жасады.
Мекеме қызметкерлері қыркүйек айында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» атты республикалық тарихи-мәдени экспедицияcымен облыс аумағындағы тарихи орындар мен қалашықтарды таныстыру мақсатында іс-сапарда болып, нәтижесінде жыл қорытындысымен мекеменің инспекторы Е.Елеуов Елбасының марапатына ие болды.
Өткен тарихтан сыр шертетін, атадан балаға мұра болып қалған құнды мұраларды одан әрі сақтау, дүниежүзілік деңгейде насихаттау, инфрақұрылымды дамыта отырып туризмнің басты нысанына айналдыру, кейінгі ұрпаққа тарихи-мәдени құндылығын жоғалтпай мұра ету бағытындағы келелі істер алдағы уақытта да жүйелі түрде атқарылатын болады.
Мекеме директоры С. Көзейбаев
Мекеменің 2014 жылы атқарған жұмыстары
Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 02.11.2017
Жалпы ақпарат:
Мекеменің 2014 жылы атқарған жұмыстары
Қызылорда облыстық тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2014 жылы атқарған жұмыстарының есебі
Елбасы: «Өркениетті ұлт ең алдымен тарихымен, мәдениетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғаларымен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлкенді-кішілі үлесімен анықталады» – деген болатын.
Ғасырлар бойы жиналған құнды қазынамыз бен ұлттық мұрамызды зерттеп, бағыт-бағдарларын саралап, оны еліміз бен халықаралық деңгейде насихаттап, таныту бағытында біршама жұмыстар атқарылды.
Мекеме «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі Заңын және одан туындайтын Ережелерді басшылыққа ала отырып, тарихи-мәдени мұра нысандарының зерттелуін, анықталуын, оларды есепке алуын, сақталуын, пайдалануын, насихатталуын және қалпына келтіру шараларын жүзеге асырады.
Облыс көлемінде 496 тарихи-мәдени мұра нысандары мемлекет қорғауына алынған, оның ішінде 21-і республикалық, 274-і жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген болса, 201 ескерткіш алдын-ала есепке алынған тарихи-мәдени мұра нысандарының тізіміне алынған.
Атап айтқанда, Арал ауданында – 67, Қазалы ауданында – 89, Қармақшы ауданында – 85, Жалағаш ауданында – 61, Сырдария ауданында – 49, Қызылорда қаласында – 71, Шиелі ауданында – 43, Жаңақорған ауданында – 31.
Тарихи-мәдени мұраларды сақтау және пайдалану бағытындағы жұмыстары туралы
Республикалық бюджет есебінен Қазалы ауданындағы Ғанибай үйіне, Жаңақорған ауданындағы Сығанақ қалашығының орталық мешіт-медресесі мен оңтүстік-шығыс қақпасына қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, Арал ауданындағы Кердері кесенесіне, Қазалы ауданындағы Жанкент, Кескен күйік және Қармақшы ауданындағы Шірік Рабат, Бұланды қалашықтарына археологиялық зерттеу жұмыстары атқарылды.
Қазалы ауданындағы Жанкент қалашығында «Археологиялық сараптама» ЖШС-і, Қармақшы ауданындағы Шірік-Рабат қалашығында А.Х.Марғұлан атындағы археология институты, Жаңақорған ауданындағы Сығанақ қалашығында Қ.А. Яссауи атындағы ХҚТУ «Археология ғылыми зерттеу орталығы» қазба-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Бұл мақсаттарға облыстық бюджеттен қаржы бөлінді. Қазба жұмыстарының нәтижесі бойынша ғылыми есептері қабылданып, табылған жәдігерлер облыстық музейдің қорына тапсырылды. Облыстың тарихи-мәдени мұраларын қорғау және пайдалану жөніндегі ғылыми-әдістемелік кеңестің 2014 жылғы 20 қарашада өткізілген кезекті отырысында қазба барысында табылған жәдігерлерден көрме ұйымдастырылды.
Жанкент қалашығының қорғау аймағын Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті «Археология және этнография ғылыми-зерттеу орталығы» қорғау аймағының жобасын әзірледі. Осыған сәйкес қалашықтың қорғау аймағының, құрылыс салуды реттеу аймағының, табиғи ландшафт аймағының шекаралары облыстық мәслихаттың шешімімен бекітілді.
Облыстық бюджеттен бөлінген қаржыға Қызылорда қаласындағы облыстық әскери комисариаттың шақыру пункті (бұрынғы казарма) ғимараты қайтажаңғыртудан өтті. Тиісті жұмыстарды «Қазқайтажаңарту» РМК-ны жүргізді.
Халықаралық туризмнің негізгі маршрутына және ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесіне енгізу мақсатында Қармақшы ауданындағы Қорқыт ата ескерткіш кешені қайта жаңғыртылды.
Аудандық бюджеттен бөлінген қаржыға Қорқыт ата ескерткіш кешенінің қорғау, құрылыс салуды реттеу, қорғалатын табиғи ландшафт аймақтарының жобасы әзірленді.
А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет орталығының ғимаратына қалалық бюджеттен қайтажаңғырту жұмыстары жүргізілді.
2014 жылы 91 ескерткіштің төлқұжаты жаңаланып және 101 ескерткіштің қорғау тақтасы орнатылды. Қармақшы ауданы жергілікті бюджеттен 3 ескерткіштің төлқұжатын дайындаса, Жалағаш ауданы 7 ескерткіштің төлқұжатын әзірлеп, 27 ескерткішке қорғау тақтасын орнатқан. Мемлекет қорғауына алынған 496 ескерткішті төлқұжаттандыру, қорғау тақталарын орнату жұмыстары толықтай аяқталды.
Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 242 бабына сәйкес қала, аудан әкімдіктері тарапынан ескерткіштерді теңгерімге алу жұмыстары өз дәрежесінде атқарылып келеді. Мемлекет қорғауына алынған 496 ескерткіштің 394-і теңгерімге алынды. Ал, қалған 102 ескерткіш бойынша Арал ауданында-63, Қазалы ауданында-2, Қызылорда қаласында-37 ескерткіш бойынша теңгерімге алу жұмыстары жалғасуда. Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған, аудандары теңгерімге алу жұмыстарын толығымен аяқтаған.
Облыстық әскери комиссариаттың шақыру пункті (бұрынғы казарма) ғимараты «Қызылорда облысы әкімдігінің іс басқармасы» МҚК-ның теңгерімінен мекеменің теңгеріміне берілді. Осыған сәйкес ғимаратты күтіп-ұстау мақсатында 9,5 штат бірлігі берілді. Сонымен қатар мекемеге «OTAU TV» Қазақстан Республикасының Ұлттық телехабар таратылымы орнатылды. «Сыр өңірінің тарихи-мәдени мұралары» атауымен мемлекет қорғауына алынған тарихи-мәдени мұралар туралы веб-сайт ашу бағытында мәліметтер жинақталуда. Мекеме қызметкерлері Тараз қаласында іссапарда болып, Жамбыл облысының тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясының тарихи-мәдени мұраны қорғау, сақтау, оларды насихаттау бағытындағы жұмыстарымен танысып, тәжірибе алмасты.
Облыста жаңа ескерткіштерді орнатуды реттеу және тарихи-мәдени мұра обьектілерін тарих және мәдениет ескерткіштері деп тану, сондай-ақ оларды мәртебесінен айыру туралы қорытынды әзірлейтін облыстық комиссияның жұмысы туралы
Есепті мерзім ішінде комиссияның 6 отырысы өткізілді. Комиссияның күн тәртібінде облыс аумағында жаңадан ескерткіштер мен мүсіндер орнату, тарихи-мәдени мұра нысандарына тарих және мәдениет ескерткіштері мәртебесін беру, Ұлы Отан соғысы құрбандарына арналған ескерткіштердің қазіргі жәй-күйін сараптау мәселелері қаралды. Нәтижесінде облыстық комиссияның ұсынысы негізінде Мемлекеттік комиссия ең үздік деп тапқан жобалар бойынша қала орталығынан Жанқожа батыр ескерткіші, Мұстахым Ыхсанов, Арал ауданында Тарас Шевченко, Жарасқан Әбдірашев, Қармақшы ауданында Тәйімбет Көмекбаев, Шиелі ауданында Ғафур Мұхамеджанов мүсіндері бой көтерді. Мұхамедғали Сужиков, Еркін Әуелбеков мүсіндері дайындалды.
2015 жылы орнатылуы жоспарланған Алпамыс батыр ескерткішінің, Әбділдә Тәжібаев мүсінінің эскиздік жобаларына Мемлекеттік комиссия тарапынан келісім алынды. Сонымен қатар Қызылорда қаласында Бегім анаға, Қазалы ауданында Жалаңтөс Баһадүрге ескерткіш, Роза Бағлановаға мүсін орнату мәселелері Мемлекеттік комиссия қарауына жолданды.
Комиссия отырысында облыс бойынша республикалық және жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілетін тарихи-мәдени мұра нысандарының тізімі нақтыланды. Мәртебе беру мақсатында тарихи-мәдени сараптама жүргізу үшін негіздеме болатын облыс әкімдігінің 2014 жылғы 25 сәуірдегі №564 қаулысы шықты. Тарихи-мәдени мұра нысандарына тарих және мәдениет ескерткіштері мәртебесін беру мақсатында тарихи-мәдени сараптама қорытындысын әзірлеуге облыстық бюджеттен тиісті қаржы бөлінді. Қорқыт ата атындағы ҚМУ «Археология және этнография ғылыми-зерттеу орталығы» мәртебе беруге ұсынылған нысандардың сараптама қорытындысын дайындады. Сараптама қорытындысы негізінде республикалық және жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне өзгерістер енгізу үшін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігіне ұсыныс жолданды.
Комиссия жанынан құрылған арнайы жұмыс тобы облыс көлеміндегі Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарға арналған ескерткіштердің қазіргі жәй-күйіне сараптама жасап, қорытындыға сәйкес оларға жөндеу, қайтажаңғырту, қайта салу жұмыстарын жүргізу үшін қала, аудан әкімдіктеріне тапсырмалар берілді.
Облыстың тарихи-мәдени мұраларын қорғау және пайдалану жөніндегі ғылыми-әдістемелік кеңестің жұмысы туралы
Қызылорда облысының тарихи-мәдени мұраларын қорғау және пайдалану жөніндегі ғылыми-әдістемелік кеңестің 2 отырысы ұйымдастырылды. Онда Сыр өңірі ескерткіштеріне Дүниежүзілік мәртебе беру, аудандар бойынша ескерткіштер жинағын шығару, Сығанақ қалашығын қоршау, Өңірлік кешенді жоспар әзірлеу, археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізу, Сыр өңірі құндылықтарының виртуалды моделін (реституция) жасау, мекемеге штат бірліктерін қарастыру және тағы басқа келелі мәселелер қаралды.
Кеңестің шешімімен Сығанақ, Жанкент қалалары мен Сауысқандық шатқалындағы жартастағы бейнелер кешенін ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік Табиғи және Мәдени мұралар тізіміне енгізу жұмыстарының 1 кезеңін жүзеге асыруға, яғни ғылыми құжаттамаларын дайындауға облыстық бюджеттен қаржы бөлінді. «Археологиялық сараптама» ЖШС-гі әрбір ескерткішке зерттеу жұмыстарын жүргізіп, ғылыми құжаттамаларын әзірледі.
Облыс әкімі Қ. Көшербаев ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізуге ұсынылған Сығанақ қалашығы және Сауысқандық шатқалындағы жартастағы бейнелер кешенінде болып, онда жүргізілген зерттеу жұмыстарымен танысты. Сонымен қатар ЮНЕСКО тізіміне енгізу үшін инфрақұрылымды дамыту, ерекшеліктерін насихаттау, қолжетімді болуын қамтамасыз ету, туризмнің ерекше нысанына айналдыру бағытындағы тапсырмаларын берді.
Облыстық бюджеттен бөлінген қаржыға Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясы барысында табылған Сыр өңірі тарихи-мәдени құндылықтарының виртуалды моделін (реституция) жасау жұмыстарын Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті жүзеге асырды.
Қорқыт ата күйлерін ЮНЕСКО тізіміне енгізу мақсатында Қорқыт ата атындағы ҚМУ тарапынан ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ҚР Ұлттық Комиссиясы жанындағы материалдық емес мәдени мұраларды қорғау жөніндегі ұлттық комитетінің алтыншы отырысына негізгі номинация ретінде «Қорқыт ата күйлері» ұсынылды. Алайда, комиссия шешіміне сәйкес «Қорқыт ата күйлері» Астана қаласындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің «Қобызда орындалатын күйшілік дәстүр» номинациясымен ұқсас болуына сәйкес екі жобаны біріктіріп комиссияның кезекті отырысына қайта ұсыну бағытында тиісті жұмыстар атқарылуда.
Ү.ж. 20 қарашасында өткен Кеңес отырысында облыс аумағында археологиялық зерттеу жұмыстарын жалғастыру, Далалық комиссияның жұмысын ұйымдастыру, Сығанақ қалашығын қоршау және мұражай ашу, заңсыз қазба жұмыстарына тосқауыл қою, Сыр өңірі ескерткіштерін ЮНЕСКО-ның тізбесіне енгізу жұмыстарын жалғастыру, 2015-2017 жылдарға арналған ЖОЛ картасын әзірлеу және т.б. мәселелер бойынша тапсырмалар беріліп, бұл шараларды жүзеге асыру үшін 2015 жылға тиісті ұсыныстар берілді.
18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні
Мерекелік шараға орай Сауысқандық шатқалында жартастағы бейнелер кешенін сақтау, пайдалану және насихаттау мақсатында Шиелі ауданы Қаратау жотасында кең көлемді танымдық шара ұйымдастырылды. Шараға Шиелі ауданы әкімдігінің, облыстық мәдениет басқармасының, облыстық тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің, Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті жанындағы «Археология ғылыми зерттеу» орталығының қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты. Шара барысында ескерткішті сақтау және пайдалану бағытындағы шараларды жүргізу, халық арасында кеңінен насихаттау, оны ЮНЕСКО-ның тізіміне енгізу бағытында атқарылатын шаралар талқыланды. Сонымен қатар қала, аудан көлеміндегі ескерткіштерде сенбіліктер, мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастырылды. Ұйымдастырылған шаралар жөнінде жергілікті басылымдарда мақалалар жарияланды.
Өткен тарихтан сыр шертетін, атадан балаға мұра болып қалған құнды мұраларды одан әрі сақтау, дүниежүзілік деңгейде насихаттау, инфрақұрылымды дамыта отырып туризмнің басты нысанына айналдыру, кейінгі ұрпаққа тарихи-мәдени құндылығын жоғалтпай мұра ету бағытындағы келелі істер алдағы уақытта да жүйелі түрде атқарылатын болады.
Фотобаян
Записей не найдено.