Тапа қонысы және қорымы, қола дәуірі

Мекен жайы: Тапа елді-мекенінен солтүстік батысқа қарай 1 шақырым, Әйтеке би кентінен солтүстік-шығысқа қарай 96 шақырым

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 22.09.2022

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

 Тарихы: Қола дәуірінде қоныстарда мекендеушілерде қыш-ыдыс жасау ісі едәуір орын алды, көбінесе әйелдер болды. Оны қыш-ыдыстарға салынған тырнақпен түсірілген өрнектерден байқауымызға болады. Табылған қыш ыдыстардың тұла бойы ирек, шырша тәріздес, геометриялық өрнектермен безендірілген. Қыш-ыдыстарға қарап, олардың жасалу техникасын көре аламыз. Балшық өте мұқият таңдап алынады, кейде ол бірнеше шақырым жерден әкелінетін болған. Кейіннен барып ұқсатылатын, атап айтқатда: мұздатылатын (қыстатылатын) немесе жаз бойы әр түрлі арнайы қоспалар қосылып иі қандырылып, одан кейін иленетін болды. Ыдыстардың пішінін, жасалу техникасын және өрнегін салыстыра зерттеу қола дәуіріндегі мәдениеттің әрбір кезеңіне ыдыстардың белгілі бір пішіні тән екенін анықтауға мүмкіндік береді. Аталмыш кезеңнің мерзімін белгілеу, ежелгі дүние тұрғындарының мәдени байланысты анықтау, қола дәуірінің кейінгі кезеңдермен этномәдени сабақтастығын зерделеу қыш-ыдыс жасау өнеріне тікелей байланысты. Қола дәуірінің жерлеу орындарынан табылатын қыш-ыдыстарға бейнеленетін өрнектер ежелгі дүние тұрғындарының өнері мен шаруашылығынан хабардар етеді. Қорыта келгенде Шығыс Арал маңындағы Тапа қонысы мен қорымынан табылған жерлеу орындарымен қыш ыдыстардан, тайпалардың өмір сүргенін аңғаруымызға болады.

Сипаттамасы: Тапа қонысы мен қорымы Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінің солтүстігіне 80 шақырым жерде Тапа ауылының төңірегінде орналаскан. 2013 жылы Қорқыт Ата атындагы Кызылорда мемлекетік университеті «Археология жэне этнография» ғылыми-зерттеу орталығының қызметкерлері мен Астана қаласындағы Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының Астана филиалымен бірлескен барлау экспедициясы зерттеу жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде Арал маңы Қарақұмының Тапа ауылына барар жолда Үрген, Аққұдык сияқты ежелгі тұрақтарорны анықталды.

Бұл жаңа қоныстар Арал маңын ежелден халықтар игеріп, қоныстанғанын көрсетіп отыр.

Бұл аймақ ландшафты құмнан үйілген төбешіктерден тұрады. Құм төбенің биіктіктері 5-10 метрге дейін жетеді. Территориясының көп бөлігі сазды, сор басып кеткен. Сайларға жаңбыр мен қардың еріген сулары жиналып отырады. Шөлді аймақтарда өсетін шөптер бетеге, жусан, бүрген, баялыш, селеу және жыңғыл, дүзген, сексеуіл, сиыр құйрық, түйесіңір, қоянсүйек өседі.

Тапа ауылының солтүстік батысына қарай 1 км жердегі құм төбеден қола дәуірінің қонысы мен қорымынан қыш-ыдыс табылған. Барлау жұмыстарының нәтижесінде қола дәуіріне жататын қыш ыдыстар, жебе ұштары, ошақтар табылған.

Нәтижесінде қорымнан нашар сақталған , басы солтүстік батысқа қаратылып, аяқ-қолын бүгіп, оң қырынан жатқызылған жас баланың сүйегі екені анықталды, бас сүйегі сақталмаған. Мәйіттің жанынан ит сүйегі табылды. Жерлеу ғұрпы қола дәуірінің Алакөл тектес ескерткішіне тән. (Алакөл мәдениеттің ескерткіштері б.з.б  XV-XIII ғғ. мерзімделеді). Басты белгісі – жануарларды құрбандыққа шалуы : қабір ішіне немесе жабылым үстіне, кейбір жағдайда үйінді ортасына ұсақ малдың және жылқының бас сүйегі мен сирақтары қойылған. Сонымен қатар итті қосып жерлеуде тіркелген. Үйінді үстінде еске алу асының қалдықтары- қыш ыдыстардың сынықтары көптеп кездеседі.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Сауысқандық петроглифтері, қола, ерте темір дәуірлері
2 / 5
Құттыбай кесенесі, ХVІІІ-ХІХ ғасырлар
3 / 5
Айтбай мешіті, 1878 жыл
4 / 5
Асанас кесенесі, ХVІІ ғасыр
5 / 5
Бәбіш-Мола ескерткіштер кешені, б.з.д. ІV-ІІ ғасырлар

Ақпарат

    Записей не найдено.