"Хон Бом До" атындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған мемориалы, 1993 жыл

Мекен жайы: Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Ақмешіт мөлтек ауданы, Журба көшесі, н/з

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 22.09.2022

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Санаты: Тарихи-мәдени мұра объектілерінің алдын-ала тізіміне енгізілген.

Тарихы: Хон Бом До жерлестерімен бірге Қызылорда қаласына күштеп жер аударылған корей халқының қаһарманы. 1937 жылы қиыр шығыстағы революциялық оқиғаларға белсенді қатысқан көрнекті корей патриоты интернационалист жауынгер. 1993 жылы Хон Бом Доның 125 жылдығына орай Қызылорда қаласында Хон Бом До атындағы қоғамдық қор құрылып, Корей Республикасының патриоттары мен ардагерлерінің қолдауымен Хон Бом До атындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған мемориалын орнатқан.

Сипаттамасы: Мемориалдың ортасында қола материалынан құйылған –Хон Бом Доның бейнесіндегі ескерткіш бюсті қойылған. Бюсттің биіктігі – 1,2 м. Тұғыры – қара граниттен жасалған. Оның биіктігі – 1,8 м. Мемориалдың аумағы – 280 шаршы метр.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Молқалан (Молла-Қалан) кесенесі, ХVІ ғасыр
2 / 5
Баланды ІІ кесенесі. б.з.д. VІ-ІІ ғасырлар
3 / 5
Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ы. Жақаев мүсіні, 1975 жыл
4 / 5
Қарасопы кесенесі, ХVІІІ-ХІХ ғасырлар
5 / 5
Қазалы қаласының ескі бөлігі, қала құрылыс кешені. ХІХ ғ. соңы-ХХ ғ. басы Ноғай (Нұралы) мешіті

Ақпарат

    Записей не найдено.