Иманжүсіп Құтпанұлы ескерткіші (2014 ж.)

Мекен жайы: Шиелі кенті. Дәулеткерей көшесі, н/з

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 22.09.2022

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

   Иманжүсіп Құтпанұлы ескерткіші (2014 ж.)

(Тарихи-мәдени мұра объектілерінің алдын-ала тізіміне алынған)

Иманжүсіп Құтпанұлы (1863-1931 жж.) – халық композиторы, әнші, ақын. Иманжүсіп 1863 жылы Павлодар облысы, Ақсу ауданында дүниеге келген. Ол жас кезінен-ақ жырға, шешендік сөзге құмар болып, сал-серілер дәстүрін ұстап, саятшылық құрып, палуан атанады. Иманжүсіптің теңдікті жырлаған күрескер әнші болып қалыптасуына Біржан Сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақ, Мәди және т.б. әсер етті. Оның «Сарымойын», «Бұғалы мен Тағалы», «Ішім өлген, дүние-ай, құр сыртым сау», «Әкем Құтпан болғанда, ағам Шонай», «Қысырақтың үйірі жирен ала», «Мен қалайша жалғанда тұрақтайын» атты әндері автордың азаматтық көзқарасын білдіреді. А.В. Затаевич Иманжүсіптің бірнеше әндерін жазып алып, “Қазақ халқының 1000 әні” атты жинағына енгізген. 1931 жылы Жамбыл ауданы, Мойынқұм ауданында өлім жазасына кесілген. Дегенмен, 1990 жылы толық ақталған.

          Ескерткіш Шиелі ауданының әкімшілік орталығында, Дәулеткерей мен Ы.Жахаев көшелерінің қиылысында орналасқан. Ескерткіште атпен келе жатқан батырдың бейнесі бейнеленген. Жалпы биіктігі – 7,20 м. Аттың биіктігі – 3,30 м, аттың үстінде отырған адам аттың биіктігінен 30 см-ге ұзын. Ескерткіш тұғырмен күшейтілген. Тұғырдың көлемі 3,65×1,50×3,60 м-ді құрайды. Тұғырға жапсырылған плиталар шаршы формалы, олардың көлемі 60×60 см. Ескерткіш көлемі 12,40×12,40 метрді құрайтын іргетасқа орнатылған. Ескерткіштің алдыңғы фасадында «Халық батыры, ақын, сазгер Иманжүсіп Құтпанұлы 1863-1931 жж.» – деп жазылған.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Қазалы қаласының ескі бөлігі, қала құрылыс кешені. ХІХ ғ. соңы-ХХ ғ. басы Ноғай (Нұралы) мешіті
2 / 5
Бегім ана мұнарасы, ІХ-ХІ ғасырлар
3 / 5
Оқшы ата кесенесі, ХІ ғасыр
4 / 5
Қарасопы кесенесі, ХVІІІ-ХІХ ғасырлар
5 / 5
Қорқыт ата ескерткіш кешені (стелла, амфитеатр, қылует, қошқар тас, мұражай), 1980 жыл

Ақпарат

    Записей не найдено.