Айдарбек батыр ескерткіші

Мекен жайы: Арал қаласы

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 22.09.2022

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

  Айдарбек батыр ескерткіші, 2015 жыл

(Тарихи-мәдени мұра объектілерінің алдын-ала тізіміне алынған)

  Арал теңізінің жағалауы-шежірге бай өлке. Осы өлкеден көптеген батырлар мен мемлекет қайраткерлері шықты. Солардың бірі - Айдарбек батыр. Айдарбек Баба Тәуекел ханның тұсында XVI-XVII ғасырларда өмір сүрген. Батырлығымен танымал Айдарбек батыр "Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама" атты қазақ халқының тарихындағы күрделі кезеңде өмір сүріп, жоңғарларға қарсы ұрыстарға белсене қатысқан. Ол ұрпақтан-ұрпаққа ұранға айналған "Елім-ай" әнінің дәуірінде өмір сүрді. Майлыбас ауылының жанындағы ұрыста батыр қалмақ қолбасшысымен болған жекпе-жекте оны басынан айырды. Сексен жасында ол жорық кезінде қатты жарақат алып, ауылға барар жолда қайтыс болды. Оның денесі Қазіргі Қожабакы ауылынан (Қазалы ауданы) 10 шақырым жерде "Айдарбек төбе" деп аталатын жерде жерленді. 2014 жылы бабаның ұрпақтары батырдың жерленген жеріне кесене тұрғызды. Қазақ хандығының 550 жылдығына орай ХVІ-ХVІІ ғасырларда Арал, Қазалы өңірлерінде өмір кешіп, Жоңғар, Қоқан, Хиуа басқыншыларына қарсы ұлт-азаттығы жолында күрескен Ақ сауытты Айдарбек батырды ұлықтау мақсатында баба ұрпақтарының бастамасымен «Айдарбек - баба» қоғамдық қорының қолдауымен батырдың ескерткіші бой көтерді.

            Айдарбек батыр ескерткіші 2,5 натуралық өлшемде салынған, биіктігі 5 метр. Тұғырымен қоса есептегендегі биіктігі 10 метр. Ескерткіш тұғырында арнайы барельефтер қамтылған. Ескерткіштің аумағы абаттандырылып, қоршалған. Бүгінгі күні ескерткіш аудан орталығының көрікті және тағзым ететін орындарының бірі саналады.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Асанас кесенесі, ХVІІ ғасыр
2 / 5
Қорқыт ата ескерткіш кешені (стелла, амфитеатр, қылует, қошқар тас, мұражай), 1980 жыл
3 / 5
Сығанақ қалашығы. Х-ХVІІІ ғасырлар
4 / 5
Сараман-Қоса (Сарман-Қожа) мұнарасы, Х-ХІ ғасырлар
5 / 5
Жент қалашығы, Х-ХV ғасырлар

Ақпарат

    Записей не найдено.