Сырлытам қалашығының орны
Мекен жайы: Қармақшы ауданы, Жосалы кентінен оңтүстік-батысқа қарай 12 шақырымда орналасқан
Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 04.09.2017
Құжаттама: жүктеп алу
Жалпы ақпарат:
Сырлытам қалашығының орны
ХІ-ХІІ ғ.ғ.
Ескерткішті 1962 жылы ХАЭЭ (С.П.Толстов) ашып, зерттеді. 2005 жылы Ж.Құрманқұловтың басшылығымен А.Х.Марғұлан атындағы археология институтының Шірік-Рабат археологиялық экспедициясымен қайта зерттелді, сол кезде координаттары анықталды және фотофиксация жүргізілді. 2013 жылы ЖШС «Тараз» археологиялық ғылыми орталығы зерттеді. Қоныстағы тұрғынжайлар Жаңадария өзенінің сол жағалауын бойлай орналасқан және кіреберістері оңтүстікке бағытталған. Қоныстың кейбір бөлігі жартылай тегістеліп кеткен, үйлер шайылған төбешіктер түрінде сақталған.