Бестам қорғаны
Мекен жайы: Қармақшы ауданы, Шірік-Рабат қалашығынан оңтүстік-батысқа қарай 35 шақырымда орналасқан
Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 04.09.2017
Құжаттама: жүктеп алу
Жалпы ақпарат:
Бестам қорғаны.
б.э. І мыңжылдық
1957 жылы Хорезм экспедициясы (С.П.Толстов) анықтап, зерттеді. 2005 жылы Шірік-Рабат археологиялық экспедициясы (Ж.Құрманқұлов) қайта зерттеу жұмыстарын жүргізген. 2013 жылы ЖШС «Тараз» археологиялық орталығы зерттеді.
Есекрткіш шағын табиғи төбенің басында орналасқан. Ол төбе бетіндегі ұсақ тастармен үйілген. Оба биіктігі 4 м, диаметрі 72 м. Ескерткіш ежелгі уақытта тоналған, оған ортасындағы пішіні төртбұрышты шұңқыр дәлел болады. Бұл шұңқыр пішіні жерлеу камерасының пішінімен байланысты болуы мүмкін. Шұңқырдың тереңдігі 2 м. Обаның шығысы мен солтүстігінде оба үйіндісіне қазылып алынған топырақ орнынан ор мен жал ізі байқалады.