Қармақшы ата намазханасы

Мекен жайы: Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, Тоқтаров көшесі, н/з (Қармақшы ата қорымында)

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 05.09.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Қармақшы ата намазханасы.

ХІХ ғ. соңы

Қармақшы ата жөнінде ғалым Кастанье (1904-1906 жж) Сыр бойында болған сапарында бірнеше кітап жазған. «древности киргизской степи и Оренбургского края» атты еңбегінде мынадай дерек айтылады: «Қармақшы жеріндегі көп молалардың арасынан екі мазар келушілердің назарын ерекше аударады екен. Соның бірі-Қармақшы қаласының қорғаншысы (патрон) болған Қармақшы ата мәйітінің үстіне қойылған ескерткіш. Бүгінде Қармақшы ата мазарының қабырғасы құлап біткен. Намазханасы да құлаудың алдында тұр.

Қармақшы ата намазханасы Қармақшы ата зиратында орналасқан. Ол қам кесектен салынған (26-30х16-18х8-10 см), ескерткіш бүлінген, солтүстік-шығыс қабырғасы жоқ, намазхана жоспарында шаршы болып келеді, оның өлшемдері 8х7,65 м, бұрыштарымен жарық жақтарына бағдарланған. Сақталған қабырғасы 3,4 м. Қабырғалардың қалыңдығы 1,2 м. Бұрыштарында 5,3 м биіктікте мұнарашалар бар.  Солтүстік-батыс қабырғасы құлап түскен. Сексеуілмен басылып кеткен ішкі кеңістікте қабір құрылыстарының қалдықтары байқалады. Күйдірген кірпіштен (26х13х7 см) жасалған, тікбұрышты пішінді сағанатам СБ-ОШ сызығымен созылған. Сағанатамның өлшемдері 2,4х1,25 м. Сағанатам одан бұрын болған құрылыс қалдықтарынан пайда болған қам кірпіштер үйіндісінің үстінде орналасқан.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Молқалан (Молла-Қалан) кесенесі, ХVІ ғасыр
2 / 5
Сараман-Қоса (Сарман-Қожа) мұнарасы, Х-ХІ ғасырлар
3 / 5
Оқшы ата кесенесі, ХІ ғасыр
4 / 5
Қорасан ата кесенесі, ХІХ ғасырдың аяғы
5 / 5
Қазалы қаласы ескі бөлігі, қала құрылыс кешені, ХІХ ғасырдың соңы - ХХ ғасырдың басы Ғанибай мешіті (қазіргі қалалық кітапхана)

Ақпарат

    Записей не найдено.