Қорқыт Ата қорымының орны
Мекен жайы: Қармақшы ауданы, Жосалы кентінен солтүстік-батысқа қарай 18 шақырымда орналасқан
Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 05.09.2017
Құжаттама: жүктеп алу
Жалпы ақпарат:
Қорқыт Ата қорымының орны
ҮІІ-ҮІІІ ғ.ғ.
Қорым үш бөліктен тұратын кезеңдері әртүрлі жерлеу құрылыстарынан тұрады. Қорымдағы бейіттерді құжатту, мерзімдеу жұмыстары барысында шамамен 70-тен аса бейіт есепке алынды. Олардың сыртқы бейнесі, жоспарлану жағынан бірнеше типтерге бөлуге болады.
1-үлгідегі (типтегі) тас бейіттердің 40-тан астам. Үстіндегі санаға орнына үйілген тастар бор жасайтын қара-коңыр тасты, не домалақ майда тас. Бір екершелігі кейбір сыртқы бейнесін сақтағандарында діңгек тас құлпы таста ру белгісі қашалған. Онда әсіресе, Жаппас, Алтын, Телеу, Тама, Жағалбайлы т.б. рулардың таңбалары сызбаланған.
62-шеңберлі жоспарлы бейітті қазақтар қойқорған атайды. Онық сақталған – диаметрі 4,60 м, биіктігі 30 см. Қабырғасын қам саздан дөңгелентіп өріп, бейіт шұңқырының бетіне ши төсеп, не ши тоқымамен жапқан.
5-8-бейіттер дөңгелек бейнелі жоспарлы. Диаметрі -3 м. Қам сазды қабырғамен қоршалып, бейіт шұңқыры бетіне ірі борлы тас пен майда қиыршақ тастармен жабылған. Басқа үлгідегі, түрдегі кейбір бейіттер ерекшелігі Алтын Орда аймағындағы зертелген ескерткіштерге ұқсас. Мысалы, қазіргі кезде Қорқыт ата жатыр деп белгіленген жердегі жердегі бейіт шұңқырының үстіндегі жабылған ағаштың ұшы көрініп жатыр.
Қыпшақтар кезеңінде балбалдар аумақты болып келсе, кейін олар мұсылман дінінің әсерінен адам кейіпін жоғалта бастайды. Бұл ескерткіштерді әдеп-ғұрыптар өтпелі алмасқан ІХ-ХІІІ ғасырларға мерзімдеуге негіз болады.
Сонымен юбірге қорымда бетіне араб тілінде жазуы бар шағын құлпытастар да кездеседі. Олардың көбісі орнынан қозғалып кеткен. Бірінде: «Абул-хасан шах ІХ ғасырда осы жерде жерленген» - делінген (оқыған араб тілі маманы Ш.Тобжанов).
Мұндай дәстүр балбал және бейнесіз тастар қою әдеп-ғұрыптарынмн кейін өлкеде өмір сүріп келе жаьқан кіші жүз руларында көп тараған.
Тас бейіттер қола ғасырдан бастап, ІХ-ХҮІ ғасырларда пайдаланылып, кейін ислам дінінің әсерінен жоғалған. Бейіттерді баламалық жағынан Алтын Орда қалалары мәдениеті деректерімен шендестіруге болады.