Қошқар ата төбе тұрағы
Мекен жайы: Жалағаш ауданы, Таң ауылынан оңтүстікке қарай 200 метрде орналасқан
Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 05.09.2017
Құжаттама: жүктеп алу
Жалпы ақпарат:
Қошқар ата төбе тұрағы.
І-ҮІ ғ.
Таң ауылының оңтүстігіндегі тұрғын үйлерден 200 метрдей қашықтықта орналасқан. Қала тарихын біздің дәуіріміздің бірінші ғасырларына жатқызуға болады.
Аңыз бойынша, аталған төбеде Қошқар Ата деген емші, тәуіп жерленген. Бірақ, ол кісінің қандай ғасырда, қай жылдары өмір сүргендігі белгісіз.
Төбенің жалпы көлемі дұрыс емес сопақшалау болып келген. Шығыстан батысқа қарай
Қошқар ата төбе тұрағы біздің дәуірдің алғашқы ғасырларында аудан көлемінде қала мәдениетінің дамуын көрсететін тарихи маңызы бар археологиялық ескерткіштердің бірі.
Аталмыш қала орнын 1990 жылы Қазақ ССР-ы Ғылым Академиясының Ш. Уәлиханов атындағы тарих, археология және этнология институтының ( ИИАЭ АН Каз. ССР ) археологиялық экспедициясы зерттеген. Археологиялық қазба жұмыстары жүргізілмеген. Қазіргі уақытта төбенің етегінде үлкен қорым орналасқан.