Ерман кесенесі

Мекен жайы: Жалағаш ауданы, Аққыр ауылынан солтүстік-батысқа қарай 10 шақырымда орналасқан

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 05.09.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Ерман кесенесі.

1826 жыл

Ескерткіштің кірісі оңтүстік-батысқа бағдарланған. Ол ішкі күмбез бөлмеден, оның кірісінен, бетше босағалы текшеден, күмбез құрылысының айналасындағы қабырғалардан және қабырғалардың бұрыштарындағы үш шеңбер пішіндегі мұнрашалардан (төртінші мұнараша жоғалған) тұрады. Саман кірпіштен құрылған, кірпіш өлшемдері 40х25х10 см. Кірпіштер кезектесіп, керте және үшкір жағымен, жіктерін байлай қаланған. Күмбез құрылысы бетше босағаға қарағанда аздап оңға қарай жылжыды.

Кесене шаршы пішінді болып келеді, оның мұнарашаларымен қоса алғанда өлшемдері 7,70х7,70 м. Мұнарашалардың арасындағы қабырғалардың ұзындығы 6,60 м. Қабырғалардың биіктігі 1,30 м. Бастапқыда олар мұнарашаларсыз құрылған болатын, бұрыштарында ішкі бүгілдер болған. Кейін қабырғалардың бұрыштарына шеңбер пішінді мұнарашалар жағалап құрылған, бұл олардың қазіргі кезде қабырғалардан ауытқуын түсіндіреді. Мұнаралар тура пішінді, асты және үсті кеңейтілген. Мұнаралардың биіктігі 2,70 м-ге дейін жетеді. Мұанарашалардың астыңғы диаметрі (ең көп дегенде) 0,80 м, үстіңгі кеңейтілген бөлігінің диаметрі 0,70 м.

Бетше босаға тікбұрыш пішінді, биіктігі 3,00 м, қабырғадан 0,40 м-ге шығып тұр. Бетше босағаның текшесі сүйір арка түрінде жасалған. Өлшемдері: ені 1,20 м, биіктігі 2,20 м, тереңдігі 0,50 м. Кіріс арка түрінде құрылған жіңішке, биік емес болып келеді. Кірістің өлшемдері: биіктігі 1,30, ені 0,75 м, ұзындығы 1,50 м. Күмбез құрылысның еден деңгейдегі ішкі өлшемдері 4,05х4,10 м-ді құрды. Күмбез құрылысының ішіндегі қабырғалар сыланып тегістелген. Қабырғалардың астымен және ортаңғы сызығымен тырналып суреттер салынған: аңдар, салт аттылар және тағы басқалар. Қабырғалар биік емес, еденнен желкендердің басталу жеріне дейінгі биіктігі 0,75 м. Желкендер биіктігі 0,75-0,85 м.

Бетше босаға тікбұрыш пішінді, биіктігі 3,00 м, қабырғадан 0,40 м-ге шығып тұр. Бетше босаға тікбұрыш пішінді, биіктігі 3,00 м, қабырғадан 0,40 м-ге шығып тұр. Бетше босағаның текшесі сүйір арка түрінде жасалған. Өлшемдері: ені 1,20 м, биіктігі 2,20 м, тереңдігі 0,50 м. Кіріс арка түрінде құрылған жіңішке, биік емес болып келеді. Кірістің өлшемдері: биіктігі 1,30, ені 0,75 м, ұзындығы 1,50 м. Күмбез құрылысның еден деңгейдегі ішкі өлшемдері 4,05х4,10 м-ді құрды. Күмбез құрылысының ішіндегі қабырғалар сыланып тегістелген. Қабырғалардың астымен және ортаңғы сызығымен тырналып суреттер салынған: аңдар, салт аттылар және тағы басқалар. Қабырғалар биік емес, еденнен желкендердің басталу жеріне дейінгі биіктігі 0,75 м. Желкендер биіктігі 0,75-0,85 м.

Қабырғаның барабанмен бірге алғандағы биіктігі 2,80 м, күмбездің биіктігі -2,0 м шамасында. Күмбез бөлмесінің ішінен жалпы биіктігі 4,80 м. Күмбездің ортасында тесік бар, оның диаметрі 0,50 м, күмбездің кірістен қарай оң жақтағы бөлігінде ортаңғы тесіктен төменірек жерде тағы бір тесік бар, оның өлшемдері 0,15х0,20 м.

Кіріске қарама қарсы қабырғада, оған параллельді, кіріс дәлізіне перпендикуляр болып келетін жоспарында тікбұрышты іш жағына қарай опарылған қабір апаны орналасқан, үстінде сексеуіл бұтақтарының қалдықтары жатыр. Қабір апанынң өлшемдері 2,20х0,80 м, тереңдікке опарылған жері 0,50 м-ге дейін.

Күмбез бөлмесінің кірістен оң және сол жағындағы қабырғаларында аркалық жабындары бар текшелер орнатылған. Текшелер жерден 0,38 және 0,50 м биіктікте орналасқан. Сол жақ қабырғасындағы текшенің өлшемдері: биіктігі 0,62 м, ені 0,42-0,48 м, тереңдігі 0,12 м. Оң жақ қабырғасындағы текшенің өлшемдері: биіктігі 0,56 м, ені 0,37-0,40 м, тереңдігі 0,42 м.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ы. Жақаев мүсіні, 1975 жыл
2 / 5
Шірік-рабат қалашығы, б.з.д. V-ІІ ғ.ғ.
3 / 5
Қазалы қаласы ескі бөлігі, қала құрылыс кешені, ХІХ ғасырдың соңы - ХХ ғасырдың басы Ғанибай мешіті (қазіргі қалалық кітапхана)
4 / 5
Сырлытам кесенесі, ХІІІ ғасырлар
5 / 5
Қожан қожа кесенесі, ХVІІІ ғасыр

Ақпарат

    Записей не найдено.