Бәшбай кесенесі

Мекен жайы: Жалағаш ауданы, Шәргелтай бөлімшесінен оңтүстікке қарай 25 шақырымда орналасқан

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 05.09.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Бәшбай кесенесі

ХІХ ғасыр

Қақпаның орта тұсында арка орналасқан, арканың төмен жағы 0,4-0,5 м қам кірпішпен жасалған. Арканың табалдырықтың биіктігі 1,1 м, жерден биіктігі 1,5м, ені 0,56 м, ұзындығы 0,8м. кіреберіс қабырғалардың ұзындығы аркадан санағанда, сол жағы 0,8м, ал оң жағы 0,75 м. Ішкі бөлме тікбұрышты, өлшемі 3,2х3,46 м. Ортасында күмбезден қалған саз үйінді бар. Еден деңгейінен дәрлік камера периметрі құрылғының көмегімен ені іргетастағы 1,2 м дейін жететін желкендердің бұрыштары бойынша ақырындап дауылпазға өтеді. Дауылпаздың диаметрі 3,3-3,5 м арасында. Қабырғалардың биіктігі арка үстіне дейін 1м, сақталып қалған күмбездің биіктігі 0,7 м. Қабырғаның жалпы биіктігі, дауылпаз бен күмбезді қосқанда 2,7 м. Қабырғаның ішкі жағында кей жерлерде сылақ сақталып қалған. Кіреберіс қабырғаның оң жағындағы қабырғаның ортасында (солтүстік шығыс) құлпытасы бар бөлмеге жалғасатын арка түріндегі дәліз бар. Арканың биіктігі 1 м, ені 0,6 м, ұзындығы 0,5 м.

Құлпытасы бар бөлме тікбұрышты болып, өлшемдері 4,25х4,8 м. Оңтүстік-шығыс қабырғасы бұзылған, кесененің солтүстік және шығыс сыртқы бұрыштары да бұзылған. Солтүстік-батыс және солтүстік-шығыс қабырғалары 1,5-1,7 м биіктігіне дейін сақталған. Қабырғаның қалыңдығы 0,5 м.

Солтүстік – батыс қабырғаның бұрыштық бөлігінде, бұрыштың опырылым сызығынан 0,75 м жерде қабырғада ені 0,7 мь болатын ойық орналасқан. Ғимараттың ішінде солтүстік – батыс- оңтүстік – шығыс сызықтары бойымен жоспарда тікбұрышты және 2,6х1,3 м белгіленген көлеммен және 0,4 м дейін биіктікпен кесіктегі үшбұрышты екі жартылай бұзылған құлпытас орналасқан. Солтүстік – шығыс құлпытаста шұңқырдың ені ортаңғы сзықтың барлық бойы бойынша 0,3-0,4 м, оңтүстік-батыс құлпытаста көлденең шұңқыр бар.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Қожан қожа кесенесі, ХVІІІ ғасыр
2 / 5
Қазалы қаласы ескі бөлігі, қала құрылыс кешені, депутаттар кеңесінің ғимараты, қазіргі – Ғ. Мұратбаевтың мемориалдық музей ғимараты,ХІХ ғ. соңы-ХХ ғ. басы
3 / 5
Асанас кесенесі, ХVІІ ғасыр
4 / 5
Шіркеу, қазіргі - теміржолшылар клубы ғимараты, 1904 жыл
5 / 5
Оқшы ата кесенесі, ХІ ғасыр

Ақпарат

    Записей не найдено.