Талқанбай кесенесі
Мекен жайы: Жалағаш ауданы, Жаңадария ауылынан оңтүстік- батысқа қарай 79 шақырымда орналасқан. (Аққолқа елді мекенінің оңтүстік-батысында 8 шақырым.)
Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 05.09.2017
Құжаттама: жүктеп алу
Жалпы ақпарат:
Талқанбай кесенесі
ХІХ ғасыр
Мавзолей тікбұрышты, порталды-күмбезді, бір камералы. Талқанбай мавзолейі іші қазақ халқының салт-дәстүрлі бейнеленген суреттер. Ішінде бейіт қойылған. Ескерткіш ХІХ ғ туындысы. Бұл мавзолей Құлыс Кете Талқанбай Найза ұлына салынған.
Бізге жеткен аңыз бойынша, Жаңқабыл - Сарқасқаның биі Талқанбай елді бірлікке шақырған, ұйымдастырушы адам болған. Ұрпақтары казіргі Жаңадария ауылында тұрып жатыр. Ел аузында бұл кісі туралы ешқандай да ауыз - екі әңгімелер мен аңыздар сақталмаған.
Кесене Сыр бойы өңірінде тұратын қазақтардың «үйтам» үлгісі бойынша, көлемі 30х21х7,5 см. болатын қам кесектерден салынған. Кесене есігі солтүстік – батысқа қараған. Кесененің өлшемі: 6,3х5,5 м., қабырғасының қалыңдығы 70 - 80 см. Жалпы биіктігі - 5,5 м., қабырғаның биіктігі - 2х2,5 метр. Кесененің төрт бұрышына диаметрі 35 см. болатын төрт домалақ пішінді бағана (гульдаста) тұрғызылған. Кесене есігі арка тәрізді болып иіліп жабылған. Ішкі - сыртқы беті сабан сылақпен сыланған. Кесененің ішінде екі қабір жатыр. Құрылыс көлемі, шамамен 138,6 куб. м.
Кесене интерьерін безендіру үшін «сграффито» (қабырғаға салынған немесе сызылған суреттер) тәріздес техника пайдаланылған. Қабырғаларда сол кездегі қазақтардың көшін бейнелейтін суреттер салынған. Суреттерде қой, жылқы айдалып, жүк артылған түйелер келеді. Сәйгүлік ат жетектеген жігіттер, қыз- келіншектер мен малшылар көрінеді. Табиғат көріністері, киік, піл, жолбарыс т.б. жабайы аңдардың суреттері тұтас композицияға ілініп, панорамаға енген. Суреттер толық сақталмаған, көп жерлері өшіріліп, қабыршақтанып түсіп қалған. Қабырғалардың кейбір жерлерінде орнаментті ою- өрнектер пайдаланылған. Бояу түстері - қара және қызыл.