Бұқарбай зиратындағы № 3 сағанатам

Мекен жайы: Жалағаш ауданы, Қаракеткен ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 21,3 шақырымда орналасқан

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 05.09.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Бұқарбай зиратындағы № 3 сағанатам.

ХІХ ғасыр

Ескерткіш Бұқарбай батыр кесенесінен оңтүстік-батысқа қарай 95 м жердегі Бұқарбай зиратында орналасқан. Ескерткіш бұрыштарымен жарық жақтарына бағдарланған, балшық ерітінді негізінде жасалған шитті кірпіштерден құрылған шаршы пішіндегі мазар болып табылады, өлшемдері 30-35 х 18-20 х 9-10 см. Мазардың өлшемдері: 4,55 х 4,7 м. Қабырғаларыдң қалыңдығы: 0,57 м. Қабырғалардың биіктігі 1,9 м. Бұрыштарында кішкентай мұнарашалар көтеріліп тұрды, бірақ олар қазіргі кезге дейін сақталмады. Оңтүстік-шығыс қабырғасындасүйір кіріс орналасқан. Кірістің өлшемдері: табаны бойынша алынған ені – 0,6 м, биіктігі 1,2 м. Мазардың ішіндегі қабырғалар балшықпен сылақтанды. Мазардың ішінде, оңтүстік-батыс қабырғасының бойында, СБ-ОШ сызығымен созылған отырып қалған сағанатам байқалды. Сағанатамның өлшемдері: 2,4 х 0,6 м. Солтүстік-батыс қабырғаға қимасында трапециялы, қабір стела-көктас жанасып жатыр. Бет жағында араб графикасымен жазылған жазулар сақталды. Көктастың ұзындығы: 1,1 м; бет жағының ені 0,2 м, бүйірлердікі 0,15; артыңғынікі 0,08 м.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Асанас кесенесі, ХVІІ ғасыр
2 / 5
Қарасопы кесенесі, ХVІІІ-ХІХ ғасырлар
3 / 5
Қорасан ата кесенесі, ХІХ ғасырдың аяғы
4 / 5
Айқожа кесенесі, ХVІІІ-ХІХ ғасырлар
5 / 5
Құттыбай кесенесі, ХVІІІ-ХІХ ғасырлар

Ақпарат

    Записей не найдено.