Бұқарбай зиратындағы №2 кесене

Мекен жайы: Жалағаш ауданы, Қаракеткен ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 21,3 шақырымда орналасқан

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 05.09.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Бұқарбай  зиратындағы №2 кесене

ХІХ ғасыр

Кесене Бұқарбай батыр кесенесінен БОБ қарай 116 м жердегі Бұқарбай зиратының аумағында орналсқан. Кесене қатты қираған – күмбезі опарылып, оңтүстік-батыс және солтүстік-батыс қабырғалары қиратылғн. Күмбез негізінің қалдықтары солтүстік-шығыс қабырғасында 1,5 м-ден 2 м биіктікке дейін байқалады.

Тікбұрышты пішіндегі кесене шитті кірпіштерден (кірпіш өлшемдері: 40 х 20 х 10-11 см) құрылған. Кесене өлшемдері: 6,1 х 5 м. Қабырғалар 1,5-2 м биіктікке дейін сақталған, қабырғлаар қалыңдығы 0,6-0,8 м. Аркалы бетше босағасы бар кіріс оңтүстік-шығыс қабырғада орналасқан. Бетше босағасы жаман сақталған, үсті жағы қираған. Бетше босағасы кесене қабырғаларынан 0,4 м-ге шығып тұр. Бетше босағасының ені 3,3 м. Кіріс текшесінің биіктігі 2,4 м. Ұстындардың негізіндегі ені 0,55 м. Кіріс қатты қираған, оның негізіндегі ені ,15 м, биіктіг 1 м. Солтүстік-шығыс қабырғасында үш кірпіштен құрылған үшбұрышты пішіндегі терезеше байқалады. Қарама-қарсы қабырғадада дәл осындайй терезеше сақталды. Ішкі кеңістік бүтіндей опарылған кірпіштерге толған. Қабырғалар ішінен балшықпен сылақтанды. Солтүстік-шығыс жағынан кесенеге шитті мазар жалғасып салынды, оның өлшемдері: 5 х 4,4 м; қабырғадар биіктігі 1,2 м. Кіріс оңтүстік-шығыс қабырғасында оңтүстік бұрышқа жақындатылып орналасқан. Мазар ішіндегі қабір стела-көктас кесене қабырғасына жанасып тұр.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Сырлытам кесенесі, ХІІ-ХІІІ ғасырлар
2 / 5
Шірік-рабат қалашығы, б.з.д. V-ІІ ғ.ғ.
3 / 5
Қожан қожа кесенесі, ХVІІІ ғасыр
4 / 5
Баланды ІІ кесенесі. б.з.д. VІ-ІІ ғасырлар
5 / 5
Жент қалашығы, Х-ХV ғасырлар

Ақпарат

    Записей не найдено.