Піреке мешіті
Мекен жайы: Жалағаш ауданы, Түмен әулие кесенесінен солтүстік-шығысқа қарай 2 шақырымда орналасқан
Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 05.09.2017
Құжаттама: жүктеп алу
Жалпы ақпарат:
Піреке мешіті
ХІХ ғасыр
Піреке мешіті сол маңда өмір сүріп, бүкіл ғұмырын осы мешітте балаларды мұсылмандыққа оқытуға арнаған, жергілікті халықтың діни сауатын ашуға көп еңбек сіңірген Піреке деген молданың (Руы: Тартулы Табын – Мөңке) атымен аталады.
Мешіт биік құм төбенің үсінде, үлкен зираттың дәл ортасында орналасқан. Мешіт ғимараты жартылай қираған екі бөлмеден тұрады. Сондықтан да, оның өлшемін еақты әрі дәл белгілеу мүмкін емес. Үлкен бөлменің өлшемі 7,6 х 6 метр, қабырғасының қалыңдығы 55 см, биіктігі 2,7 метр. Өлшемі 25х14х7 см. Болатын қам кесектерден қаланған. Бөлменің солтүстік-батыс және оңтүстік – шығыс жақ бетке қараған және қабырғаның дәл ортасында терезелердің орындары орналасқан. Ғимаратта қирап қалған екі кірер есіктің орны аңғарылады. Кіші бөлмеде есіктің орны сақталмаған. Мешіттің оңтүстігінде 20-25 метр жерде 2 құрылыс нысаны орналасқан. Олар осы мешіттің шаруашылық мақсатта пайдаланатын қосымша ғимараттары болуы ықтимал.