Т.Жүргенов бюсті
Мекен жайы: Жалағаш ауданы, Жалағаш кенті, М. Шәменов көшесі, 74 (№123 Т.Жүргенов атындағы дарында балалар мектебі ауласында)
Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 05.09.2017
Құжаттама: жүктеп алу
Жалпы ақпарат:
Т.Жүргенов бюсті.
1998 жыл
Т.Жүргеновтың бюсті 1998 жылдың қараша айында Жалағаш ауданында республикалық деңгейде тойланған белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, Т.Жүргеновтың 100 жылдық мерейтойына орай аудан орталығындағы №123 Т.Жүргенов атындағы дарынды балалар мектебінің алдындағы алаңшада орнатылған.
Бюстттің авторы тереңөзектік мүсінші – Жәркен Исмағұлов. Ескерткішке тапсырыс беруші – Жалағаш аудандық әкімшілігі.
Мүсін қойылған жоспаы төртбұрышты тұғырға қойылған. Бюст (көлемі – 100х40 см) бетоннан жасалып, беті мыспен қапталған. Тұғыр (48х48х169 см) күйдірілген кірпіштен тұрғызылып, мрамор плиткамен қапталған. Оның алдында кейіннен екі сатылы тіреу салған (бірінші сатысының көлемі 125х20х90 см, екіншісі 125х45х95 см). Ескерткіш темір қоршаумен (көлемі 410х330 см) қоршалған.
Тұғырға бекітілген тақтайшада «Т.Жүргенов бюсті 1998 ж.» деп жазылған.