Қабылтам кесенесі

Мекен жайы: Жалағаш ауданы, Аққыр ауылынан солтүстік-батысқа қарай 22 шақырымда орналасқан

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 05.09.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Қабылтам кесенесі.        

1826 жыл

Ескерткіштің кірісі оңтүстік-батысқа бағдарланған. Ол ішкі күмбез бөлмеден, оның кірісінен, бетше босағалы текшеден, күмбез айналасындағы қабырғалардан және солтүстік бұрышындағы жоспарында дөңгелек болып келетін мұнарашадан (оңтүстік, батыс және шығыс бұрыштарындағы қалға мұнарашалар жоғалған) тұрады. Балшық кірпіштен салынған, өлшемдері 35х25х10 см. Кірпіштерді кезектесіп кертелеп және үшкір қырымен салып, жіктерін байқау тәсілімен салған. Бетше босағасымен бірге күмбез құрылысы сол жаққа қарай, солтүстік-батыс қабырғаға жақын жылжыған.

Кесене жоспарында жоғалған мұнарашалармен, қабырғалар ұзындығы жанасқан, сақталып қалған мұнарашамен бірге өлшемі 7,60 және 8,50 м болатын, шаршы пішінді болып келеді. Қабырғалар биіктігі 2,50 м.

Мұнараның пішіні – цилиндрлік. Астында немесе үстінде кеңейтулердің болған-болмағанын анықтау қиын, себебі мұнараның негізінің және үстінің біраз бөлігі қраған. Мұнараның биіктігі 3,50 м-ге жуық.

Бетше босағаның сол бөлігі және кіріс үсті бөлігі қираған. Оның оң жақтағы бөлігі ғанасақталған. Ол бойынша, бетше босағаның пішіні – тікбұрышты болғанын айтуға болады. Бетше босағаның іргесіндегі сақталып қалған бөлігінің ені 1,95 м, биіктігі 4,50 м, бетше босаға текшесінің тереңдігі 0,75 м.

Үстіге қарай кеңейіп, аркаға ауысатын кірісі тар және биік емес болып келеді.

Кірістің өлшемдері: 1,30, астындағы ені 0,55 м, үстіндегі ені 0,61 м, ұзындығы 1,30 м.

Еден деңгейіндегі күмбез құрылысының ішкі өлшемдері – 5,60х5,60 м. Күмбез құрылысының ішіндегі қабырғалары мен барабаны балшық пен сабанмен сыланған, оның сыртынан ұүм мен балшықпен әрленген. Сылақтың үстіне қара қызыл бояумен көркемсурет салынған. Көркемсурет бірі екіншісіне кіріп тұратын екі арка түріндегі оңашаланған элементтерден тұрады, сыртқы арканың үсті қазақша ою-өрнегімен әшекейленген. Аркалардан тратын эементтердің арасында, қабыраның бетінде заттар мен жануалар топтарының суреттері бейнеленген. Барабаның үстінен салт аттылардан және үстінен ою-өрнек лементтері бар жұп параллельді сызықтарымен сұлбаланған. Кіріске қарама-қарсықабырғаның бұрыштарында және асты жағы бойында сылақ бар, сол үшін ол жерлерде ою-өрнек те бұзылған.

Қабырғалары биік емес, еденнен бастап желкендердің басталу жеріне дейінгі биіктігі 0,75 м. Әр бұрышта бір желкеннен болып келіп, 4 желкеннің орналасуы арқылы қабырғалар барабанға өтеді. Желкендердің биіктігі 1,25 м-ге дейін жетеді. Қабырғалардың желкендермен бірге алғандағы жалпы биіктігі 2,0 м-ге жетеді. Барабанның биіктігі 1,50 м.

Кіріс жағындағы күмбез енімен іргесінен бастап 0,10 м-ден 2,0 м-ге дейін басына қарай сызықты жергілікті опырылуы бар. Опырылуы үшін кесененің ішіндегі еденде балшық үйіндісі пайда болды.  Күмбез опырылуының астыңғы жағынан астыға қарай, кірістің аркасының басына кең және тесіп өтетін жарық апарады.

Кіріске қарама-қарсы қабырада, оған параллельді және кіріс дәлізіне перпендикулярді жоспарында тікбұрышты және қимасында аркалы аяқталуыбар оқ қаірлі қуыс құрылыс орналасқан. Оның өлшемдері: ұзыы 2,40 м, ені 0,80 м, биіктігі 1,20 м. шеттеріндегі қуыс бүйір жақтары өңестеу, дұрыс трапеция түрінде безендірілген. Трапецияның өлшемдері: биіктігі 0,35 м, ені 0,40 м. Қабір құрылысының беті, құрылыстың ішіндегі қабырғалар сияқты, сабанды балшықпен сыланға, ал оның үстінен балшық пен құм ерітіндісімен сылақтанған.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Бегім ана мұнарасы, ІХ-ХІ ғасырлар
2 / 5
Қорқыт ата ескерткіш кешені (стелла, амфитеатр, қылует, қошқар тас, мұражай), 1980 жыл
3 / 5
Сырлытам кесенесі, ХІІ-ХІІІ ғасырлар
4 / 5
Сауысқандық петроглифтері, қола, ерте темір дәуірлері
5 / 5
Бәбіш-Мола ескерткіштер кешені, б.з.д. ІV-ІІ ғасырлар

Ақпарат

    Записей не найдено.