Су қыспақты мұнара, 1904 жыл

Мекен жайы: Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Бірқазан станциясы

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 31.08.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Санаты: Тарихи-мәдени мұра объектілерінің алдын-ала тізіміне енгізілген.

Тарихы: Мұнара Ташкент-Орынбор теміржолын салу кезінде тұрғызылған. Орынбор-Ташкент темір жолы 1901-1905 жылдары салынып, пайдалануға берілген. Қай кезеңде болмасын мұнаралар тек жақсы мақсаттарға тұрғызылған. Мұнаралар азаматтық, әскери бағытта салынған сәулеттік құрылыс болып табылады. Сонымен қатар мұнаралар қалаларда төбеден бақылау мақсатында яғни өрттің алдын алу, вокзалдарда, әскери комиссарияттарда, су айдау жүйесінде, ортағасырларда обсервоторияларда аспан әлемін бақылау сияқты қызметтер атқарып отырған.

Сипаттамасы: Мұнара сегіз қырлы, екі қабаттан тұрады: кірпіш қабатының биіктігі-10 м және ағаш қабаты-6,5 м. Мұнараның жалпы биіктігі 16,5 м. Мұнараның екі жақ бөлігіндегі әр қасбетте сәулелі маңдайшалары бар терезе ойықтары және шығыс жағында есігі бар. Терезенің төменгі бөлігі төртбұрышты, ал жоғары жағы дөңгелек етіп жабылған. Терезе ағашы күрделі формалы. Барлық ойықтар сталактиттедегі үшбұрышты үшкіл маңдайша түріндегі сандриктермен безендірілген. Терезелер деңгейінен жоғары «қиғаш» қырларда аркалық қуыстар орналасқан. Жоғары қабаты бөренелерден салынып, тақтайшалардың тік және көлденең қатарларымен әсемделіп қапталған. Шатыры темір қаңылтырмен жабылған. Мұнараның ағаш бөлігінде су сақтауға арналған ыдыс бар. Оған шығу үшін айналмалы баспалдақ жасалған. Қабырғасының қалыңдығы 70 см. Құрылыс көлемі 432,7 м.куб.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Ақтас мешіті, 1884 жыл
2 / 5
Сырлытам кесенесі, ХІІІ ғасырлар
3 / 5
Бақатам кесенесі, ХІХ ғасыр
4 / 5
Қарасопы кесенесі, ХVІІІ-ХІХ ғасырлар
5 / 5
Қожан қожа кесенесі, ХVІІІ ғасыр

Ақпарат

    Записей не найдено.